Дәрістер тезистері


Тақырыбы: Суда еритін витаминдер Дәріс тезистері



бет10/14
Дата14.10.2023
өлшемі41,81 Kb.
#113785
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Дәріс тезистері Биологиялық активті заттар

Тақырыбы: Суда еритін витаминдер
Дәріс тезистері:
1. В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин).
2. В2 витамині (рибофлавин).
3. РР витамині (В5 витамині никотин қышқылы).
4. В6 витамині (пиридоксин, адермин).
5. В12 витамині (цианкобаламин, антианемиялық витамин).
6. Пангам қышқылы (В15 витамині).
7. Аскорбин қышқылы (С витамині).
8. Р витамині (флавон, цитрин, рутин).
9. Биотин (Н витамині, В7 витамині).
10. Инозит (В8 витамині).
11. Фоли қышқылы (Вс витамині, В9 витамині, птероилглютамин қышқылы). 12. Парааминобензой қышқылы (Н1 витамині, В4 витамині).
13. U витамині (S-метилметионин, жараға қарсы витамин).
14. Холин.
15. Химиялық табиғаты мен биологиялық маңыздары. Табиғатта таралуы.
Химиялық құрылымы жағынан тиамин екі сақиналы қосылыстың қалдықтарынан – тиазол мен пиримидиннен тұратын зат. Олар дәнді дақылдары мен басқа да өсімдіктердің ұрықтарында көп мөлшерде болады. Адам организміне еркін түскен тиамин бауырда фосфорилденіп, АТФ-тың қатысуымен тиаминдифосфат (ТДФ) және тиаминтрифосфат айналады. Коферментті дәрумен В1 тиаминдифосфат пирожүзім қышқылының декарбоксилденген түріне, оның ацетил-КоА-ға айналуына альфа-кетоглутарат қышқылының тотығып, декарбоксилденуі және пентозофосфатты циклінің транскетолаза реакциясының глюкозаға тотығуы және альфа-кетоқышқылдың дегидрленуіне қатысады. Сондықтан да ұлпада пирожүзім қышқылы, альфа-кетоглутарат және альфа-кетоқышқылдың жиналуы организмде тиаминнің жетіспеуімен байланысты. Пирожүзім қышқылының тотығуы Кребс циклінде көмірсудың аэробты жағдайда өзгеруінің реакциясы ретінде болады. Бұл кезде транскетолазды реакция нуклеотид синтезі үшін және НАДФ-ң қалпына келуіне қолданылатын гексозафосфаттан пентозофосфаттың түзілуіне маңызды роль атқарады. Организмде тиамин тиаминаза көмегімен пиримидин мен тиазолға ыдырайды. Авитаминоз: Бери-бери (индия тілінен аударғанда – «қой» деген сөзді білдіреді, өйткені ауру адамдар төрт аяқтап жүреді) – қанда кетоқышқылы жиналып, аэробты энергия түзілу үдерісі бұзылады. Нерв жүйесі зақымданады. Бұлшықеттері әлсіз және ауруға шалдығады, паралич болуы мүмкін. Тәуліктік қажеттілігі – 1,2-2,1 мг. 
В2 дәрумені (рибофлавин) Рибофлавин – рибитал спирті қалдығымен байланысқан изоаллоксазин (гетероциклдік флавин) туындысы. Рибофлавиннің бай көзі – ашытқы саңырауқұлақтар, сүт тағамдары, бауыр, бүйрек, жүрек. Рибофлавин тағамдық өнімдерде белокпен байланысқан (флавинпротеиндер) флавинмононуклеотид (ФМН), флавинаденин-нуклеотид (ФАД) және флавин түрінде кездеседі.

1

11



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет