Дәрістер тезистері



бет16/17
Дата16.12.2023
өлшемі72,25 Kb.
#140041
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәріс тезистері

1.Тұз жинақтаушы галофиттер (эвгалофиттер). Бұл топқа тұзға төзімділігі өте жоғары сораң өсімдіктері, мысалы, шөптесін бұзаубас сораң жатады. Бұл өсімдіктердің плазмалары тұзды оңай өткізеді, ұлпаларындағы тұздң мөлшері өте көп болады. 2.Тұзды бөліп шығаратын галофиттер (криногалофиттер) күшті және шамалы тұзды топырақтарда өніп-өседі (гмелин, кермек). 3.Тұзды сіңірмейтін галофиттер (гликогалофиттер) тұздылығы төмендеу топыраққа өніп-өседі.4.Тұзды оқшаулап жинақтаушы галофиттерге сыртқы ортада енген тұздар арнайы тұз жинағыш, көпіршік тәріздес түкшелерге жиналып сақталады. Өсімдіктердің індетті ауруларға төзімділігі.Өсімдіктердің көптеген аурулары оларға бөгде организімдердің – патогенді немесе ауру туғызатын бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың әсер етуінен пайда болады.


15

Тақырыбы: Өсімдіктердің құрғақшылықққа төзімділігінің физиологиялық негіздері.
Дәріс мақсаттары: өсімдіктердің жалпы құрғақшылыққа төзімділілігін анықтау және түрлерін қарастыру
Дәріс тезистері:
1. Құрғақшылыққа төзімділік
2. Ксерофиттер классификациясы
3. Құрғақшылықтың негізгі ролі
Құрғақшылыққа төзімділік . Бұл өсімдік жасуша ұлпаларда сусыздануға байланысты . Сусыздану нәтижесінде белок синтезі бұзылады. Полисома рибосомалар субқосылыстарға ыдырайды. Зат алмасуы төмендейді, өсуден тоқтайды. Құрғақшылық өсімдіктердің суға болған талабын қандыра алмайтын метереологиялық жағдай. Ол атмосфера және топырақ құрғақшылығына бөлінеді. Олардың негізгі себебі жауынгершілік кем болып, транспирация және топырақ беткі қабаты суының булануы, күшті жел болуы. Атмосфера құрғақшылығы құрғақ және ыстық ауаның әсерінде болады. Топырақ құрғақшылығы топырақтың ылғалдығы сырт орта әсерінде құрғап жер асты суының төмендеп кетуінен болады.
Өсімдіктерде құрғақшылық биосинтетикалық құбылыстарды бұзады. Ақуыздар ыдырауы күшейеді. Органикалық зат қоры бірден күшейеді. Өсімдік өсуі тоқтайды. Жапырақта крахмал жойыла барады, нәтижеде қурай бастайды. Құрғақшылыққа төзімділікті асыруда көптеген жұмыстар алып барылып жатыр. П.А. Генкел өніп жатқан тұқымды құрғату жолымен төзімділігін арттырған. Ол практикада әлі күнге дейін қолданылып келеді. Сонымен бірге химиялық жолмен құрғақшылыққа төзімділік асырылып келеді. Мәселен 0,25 пайызда CaCl2 тұзында тұқымдар 18-20 сағат малынып кейін егілгенде жақсы нәтижелер алуға болады.
Құрғақшылық жағдайында өсетін өсімдіктер ксерофиттер. Олар топырақ атмосфера құрғақшылығында өсе алатын қасиетке ие. Олардың белгілі қасиеттерінің бірі жер үсті бөлімдері жер асты мүшелерінен өте кіші болуы, сол себепті транспирациялаушы көлем кем болады.
Геккель ксерофиттер класификациясын төмендегідей бөледі.

  1. Суккуленттер — ыстыққа төзімді сусыздануды еркін көтереді, су тапшылығын сезбейді, денесінде су көп бірақ суды үнемдеп жұмсайды. Кактус, алоэ, молодило.

  2. Эуксерофиттер — ыстыққа төзімді өсімдік, құрғақшылыққа төзімді. Оларға жантақ, жусан, астра тәрізді өсімдіктер. Оларда жасуша шырыны осмотикалық қысымы жоғары транспирация төмен, тамыры кең таралған жапырақтарын төгіп тастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет