Культивирлеушарттары. Көптеген каллус ұлпалары жарықты қажет етпейді, өйткені оларда хлороплатсар жоқ және олар гетеротрофты қоректенеді. Культуралды бөлмеде ылғалдылық 60-70 % құрау керек. Ал құрғақ ауа пробиркалар мен колбалардағы қоректік орталарды құрғатып жібереді, егер олар мақта тығындарымен жабық болса.
3.3. Агарланған және де сұйық жасаңды қоректік орталарда өсірілетін өсімдік жасушаларының негізгі типі, ол көбеюге қабілеті бар каллус ұлпалары. Кез келген негізгі ұлпалардан пайда болатын каллус ұлпаларын өзіне лайықты қоректік ортада ұзақ уақыт бойы, тіпті шексіз өсәруге болады. Үзбей өсіру үшін әрбір 3-4 апта өткеннен кейін каллустарды жаңа қоректік ортаға отырғызып бағады.
Әр жасуша өсудің үш фазасын өтеді:
бөліну
созылу
дифференцировка
Бүтін организмдер сияқты жасаңды ортада жасушалардың өсуі S – тәрізді қисық сызықпен белгіленеді және ол мынандай фазаларды қамтиды:
латенттік / лаг-фаза – жасуша белсенді түрде суды және қоректік заттарды сіңіреді де бөлінуге дайындалады;
үдеу фазасы – жасушалар бөлініп созылып өсе бастайды;
логарифмдік / экспоненциялық – бұнда өсу жылдамдылығы уақыт өткен сайын екі еселеніп үдейеді;
Жасушалардың бір фазадан басқа фазаға ауысуы ішкі және сыртқы факторлардың қатысуымен бақыланады:
Ішкі факторлар:пролиферациялық – бөлініп жатқан жасушалар санының жалпы жасушалар санына қатынасы, митоздық индекс д.а.;