,5 - тақырып Химиялық кинетика. Реакция жылдамдығы және оны реттеу әдістері. Катализаторлар және каталитикалық жүйелер. Химиялық және фазалық тепе-теңдіктер (2 сағат)
4,5 - тақырып Химиялық кинетика. Реакция жылдамдығы және оны реттеу әдістері. Катализаторлар және каталитикалық жүйелер. Химиялық және фазалық тепе-теңдіктер (2 сағат) Дәріс жоспары
Химиялық кинетиканың түсініктері.
Химиялық реакцияның жылдамдығы, әсер етуші массалар заңы.
Химиялық тепе – теңдік туралы түсінік. Химиялық тепе – тендіктің ығысуы. Ле – Шателье ережесі.
Химиялық кинетика негіздері Химиялық кинетика – реакцияның жылдамдығы мен механизмі туралы ілім.
Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз - әрекеттесуші заттардың біреуінің концентрациясының уақыт бірлігінде өзгеруі.
V.= ∆С/∆t , моль/мин.
Химиялық реакция барысында реакцияға кіретін заттар концентрациясы азайып, реакция өнімділігінің концентрациясы жоғарлайды.
Vгомог.=∆С/ V. ∆t, моль/мл.мин.
Vгетер.= .=∆C/ S. ∆t, моль/см2.мин.
Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсері. 1. Концентрацияның әсері.
А + В = АВ
Әрекеттесуші заттар А,В , өнім- АВ
Химиялық реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігін әсер етуші массалар заны сипаттайды.
Бұл заң былайша оқылады:
Химиялық реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттар концентрациясының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал олардың стехиометриялық коэффициенттері дәреже түрінде алынады.
aA + вВ = сС + dD.
V=K[A]a[B] b тура реакция
V= K[ C ]cD]d кері реакция
k – жылдамдық константасы, олар әсер етуші заттар табиғатына,температураға тәуелді,бірақ концентрациаға тәуелді емес.
Әсер етуші массалар заңын 1868 ж. Гульдберг және Вааге ашқан
Егер [А] = [В] = 1, онда V=K жылдамдық константаға тең болады.
2. Жылдамдыққа температураның әсері.
Әсер етуші массалар заңы кез – келген температураға сәйкес, бірақ тұрақты жылдамдықта температураның әсерінен өседі.Жылдамдыққа температураның әсерін Вант – Гофф ережесі сипаттайды:реакция температурасын әр 100С көтергенде ракция жылдамдығы 2 немесе 4 есе өседі.
;
γ – температуралық коэффициент
- - температурасындағы реакция жылдамдықтары.
Мысалы:
3. Реакция жылдамдығының катализатор қатысына тәуелділігі.
Химиялық реакция жылдамдығын катализатор өзгертеді, ол тура және кері реакция жылдамдығына бірдей әсер етеді. Катализатордың қатысы нәтижесінде активті молекулалар саны артады да , жылдамдық өседі. Катализатор реакция жылдамдығын арттырса оң катализ деп ,ал төмендетсе теріс катализ деп атайды.
Катализатор қатысуымен жүретін реакцияларды катализдеп атайды.
Реакция жылдамдығын тежейтін катализаторды ингибитор, биологиялық катализаторды – ферменттер деп атайды.