Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет47/50
Дата14.10.2023
өлшемі4,69 Mb.
#114236
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1)

Жиынтық бағалау (ЖБ)

Үлес салмағы

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша ЖБ

50%

Тоқсандық ЖБ

50%

Тоқсандық баға

100%

«Математика» пәні бойынша 1-сынып білім алушыларының 3-тоқсан бағаларының есебі мысал түрінде 6-кестеде берілген.


6  кесте. 3  тоқсанның, бөлімнің жиынтық бағалауы бойынша нәтижелері





Жиын
тық бағалау (ЖБ)

Білім алу
шы
лар балы

Максимал
ды балл

Оқу жетістігі деңгейі

Болжам баға

Арақатынасы, %

Балдың пайыз
дық
маз
мұны

1

1 бөлім бойынша ЖБ

8

12

Орта (66%)

3-4

50%

33,8%

2

2 бөлім бойынша ЖБ

5

10

Орта (50%)

3-4

3

3 бөлім бойынша ЖБ

10

12

Жоғары (83%)

5

4

Тоқсан
дық ЖБ

15

20

-

-

50%

37,5%

Барлығы:

71,3

Тоқсандық бағаны есептеу үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады. 33,8% + 37,5% = 71,3%.


Балды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша баға білім алушының тоқсандық бағасымен анықталады.7-кестеде балдардың пайыздық мазмұны берілген.


Кесте  7. Балдардың пайыздық мазмұны



Баға

Балдардың пайыздық мазмұны

«1»

0

«2»

1%-20%

«3»

21%-50%

«4»

51%-80%

«5»

81%-100%

Аталған шәкілге сәйкес 71,3 %, баға «4-ке» сәйкес. «Математика» пәні бойынша білім алушының 3-тоқсандағы бағасы – «4».




Жылдық баға қою

Білім алушының пән бойынша жылдық бағасы барлық төрт тоқсанның нәтижелерінен құралады (1-сыныптағы 3,4-тоқсандар). Төменде 2-сыныптың «Математика» пәні бойынша білім алушының жылдық бағасын есептеу бойынша мысалы 8-кестеде келтірілген.




8 кесте. 2-сыныптағы «Математика» пәні бойынша білім алушылардың 1-4-тоқсандардағы нәтижесі



Жиынтық бағалау (ЖБ)

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Балдың жалпы саны

Арақатынасы, %

Оқу жылы бойынша балдардың пайыздық мазмұны

Бөлім бойынша ЖБ



34-тен 23

30-дан 20

25-тен 21

20-дан 18

109-дан 82



50%

37,6%

Тоқсан дық ЖБ



20-дан 18 20

20-дан 15

20-дан 19

20-дан 16

80-нен 68

50%

42,5%

Барлығы:



80,1%



Жылдық баға есебі келесі формулада жүргізіледі:
Жылдық баға есебі үшін білім алушының бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі. Бұдан соң оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50%:50%) пайыздық арақатынаспен анықталады. Оқу жылындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық балдың пайыздық мазмұны жинақталады, балды бағаға ауыстыру шәкілі арқылы ауыстырылады. Балдардың пайыздық мазмұны 9-кестеде берілген.
37,6% + 42,5% = 80,1%


9  кесте. Балдардың пайыздық мазмұны



Баға

Балдардың пайыздық мазмұны

«1»

0

«2»

1%20%

«3»

21%50%

«4»

51%80%

«5»

81%100%

80,1% балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес – бұл баға «4».2-сыныптағы «Математика» пәні бойынша білім алушының жылдық бағасы – «4».


Әдебиеттер
1.Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. – Астана, 2016. – 48 б. ISBN 978-601-7905-72-9
2. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік нұсқаулық /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ/ О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен/ – Астана, 2016. – 46 б.
3. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 115 б.


ДӘРІС -14. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ПОРТФОЛИОСЫ


Жоспар

  1. Портфолионың қызметі

  2. Портфолионы жүргізу әдістемесі

  3. Портфолионы бағалау



Ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңінде,оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары негізінде «оқушы портфолиосы» ұғымы пайда болуда.
Оқушы портфолиосы  оқушының жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
«Портфолио» термині  педагогика саласына саясат пен бизнестен келген сөз. Білім алушылардың ілгерілеуін қадағалау мақсатында мұғалімдер оқытудың белгілі бір кезеңінде орындалған жұмыстарды сақтауы қажет.


ТҮСІНІКТІ НАҚТЫЛАУ

Оқушы портфолиосы  оқушының барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның білім-біліктілігінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.

Оқушының портфолиосы– оқушылардың нақты бір кезеңдегі жеке оқу жетістіктерін белгілеу мен бағалау бойынша жинақтау, тіркеу тәсілі. Яғни, білім алушылардың портфолиосы бағалау нәтижелерінің анықтығы мен дәлдігін арттыруға бағытталған.
Портфолио – білім алушылардың мақсатты түрде жинақтаған, олардың оқудағы нәтижесін, ілгерілеуін, белгілі бір оқу жылындағы бір немесе бірнеше пәндер бойынша жетістіктерін көрсететін жұмыстары. Портфолио бір оқу жылына арнап құрылады. Оқу жылы аяқталған соң, оны білім алушыларға, ата-аналарға беру керек.
Портфолиода білім алушылардың бағалау критерийлері бар бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау кезінде орындаған жұмыстары, балл қою кестелері, білім алушылардың рефлексиялары, мұғалімнің ұсыныстары көрсетілген кері байланыстары болуы қажет. Оның ішінде білім алушылардың жұмыс дәптерлері, салған суреттері, тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезіндегі фотолары, зерттеу жұмыстарының қорытындылары, мұғалімнің жұмыстарға берген пікірлері болуы да мүмкін. Білім алушылардың кейбір жұмыстарын электрондық нұсқада сақтауға да болады.
Портфолио оқушының оқу-танымдық іс-әрекет өнімдерімен жұмыс жасау технологиясын, формасын, ұйымдастыру үрдісін қарастырады. Өзінің іс-әрекеттер нәтижелеріне баға беруге, оларды талдауға және жеке субъективтік позициясын саналы түсінуге арналған. Оқушы портфолиосының түрлері:
1. Мақсаты бойынша:
 жекеменшік портфолио (өзі үшін арналған);
 есептік (басшылық үшін);
 жобалық (ұжым мен ұйым дамуы үшін);
2. Мазмұны бойынша:
 жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы);
 рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау);
 проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер);
 тақырыптық (негізгі пәндер бойынша маңызды жұмыстар).
Оқушы портфолиосының негізгі функциялары:
Бірінші, жинақтаушы:оқушы жұмыстарының жиынтығы.
Екінші, үлгілеуші:оқушының жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.
Үшінші, рефлексия  шығармашылық:түрлі технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.
Оқыту барысындағы оқушылардың іс-әрекетінде ойлау амалы нәтижесінде алғанбілімін,дағдысын, танымдық белсенділігін арттыру, олардың танымдық әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізубүгінгі оқу үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі. Сабақта компьютерлік техника жетістіктерін пайдалану оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге үйретеді және оқу процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Ендеше, оқушы портфолиосын дайындауда осы мүмкіндіктердің барлығына қол жеткізуге болады.
Басты мақсат: оқушыларға портфолионың аса қажет екендігін, оның мүмкіндіктері мен артықшылықтары жайында мағлұматтар бере отырып, олардың барлығының өзіндік портфолиосының болуына ынталандыру.
Портфолио типін анықтауда жұмыстың мақсаты мен мазмұнына байланысты портфолио типін анықтап, жұмысжоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдерді анықтау мұғалім көмегімен жүргізіледі. Оқушы өзінің өзіндік портфолиосын құрып, оны талапқа сай етіп толтыра отырып өзінің материалдарымен толықтырады. Портфолионы өткізу мерзімі немесе оны тексертуді мұғалім таңдайды. Белгілі бір уақыт сайын, әр тоқсан соңында немесе жыл соңында өткізу алдын ала тапсырылған тапсырмаларға байланысты келісіледі. Оқушы портфолиосының мазмұны мұғалім мен оқушының талап тілектері бойынша құралып, оқыту үрдісін сапалы ұйымдастыруға бағытталады.
Оқушы портфолиосының мазмұны:
 сыртқы парақ(титульный лист);
 жылдық жұмыс жоспары (пәндер бойынша жетістікке жетудегі алға қойған мақсаттар);
 шығармашылық жұмыстар (рефераттар, баяндамалар т.с.с.);
 шығармашылық тапсырмалардың қорытындылары;
 өзіндік білім көтеру мақсатында жиналған материалдар(аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер);
 сабаққа қажетті, білімді дамыту мақсатындағы материалдар(сызбалар мен кестелер, графиктер мен диаграммалар т.с.с.);
 ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар.
 бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары.
 топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары.
 оқу үлгерімі туралы құжаттар.
 жетістік баспалдақтарын анықтайтын материалдар (марапаттау қағазы, мақтау қағазы, диплом, алғыс хатт.с.с.);
 пікірлер мен ұсыныстар бөлімі (түйіндеме, ұсыныс хат, пікірлер т.с.с.).
Оқушы жыл бойы дайындаған өзіндік портфолиосы арқылы компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлыбағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу дағдыларын, ақпараттық технологиялардың жетістіктерімен жұмыс жасау іскерліктерін көрсете алады. Жұмыстарының нәтижесінде өздерін өздері бағалай білетін болады. Жұмыс жүргізу нәтижесіндеоқушы портфолиосының төмендегідей артықшылықтарын көруге болады:
 «портфолио» безендірудегі ұқыптылық пен эстетикалық талғамның болуы;
 «портфолио» құрудағы материалдардың құрылымдық және логикалық берілуі;
 әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;
 жүйелеуге және толықтырулар енгізуге жағдай жасалуы;
 жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу мүмкіндігінің болуы;
 «портфолио»құрудағы көрнекіліктің болуы;
Әр пәннің мұғалімдері өз мамандығының сапа деңгейін, жеке бастарының жұмыс істеу ерекшелігін, әдістемелік тәжірибесін, педагогтік шеберлігін оқушыларға «оқушы портфолиосын» тиімді құрғызып, оқу үрдісінде дұрыс пайдалана алуларынан көре алады. Оқушы портфолиосы тек оқушыға ғана күнделікті ізденуіне, талмай жаңаша жұмыс жасауына міндеттер жүктеп қоймай, мұғалімдердің күнделікті сабағына ізденіспен қарап, жаңаша іс тәжірибелерін және әдістемелерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.
Білім алушы портфолиосына ұсынылған құрылым:
 титул беті;
 пән бойынша бөлгіштер;
 бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары, мысалы: бағалау критерийлері, балл қою кестесімен жазба жұмыстары, таныстырылымдар, бақылау жұмыстары, эссе, т.б.;
 білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін көрсететін күнделікті сабақ үдерісінде орындаған жұмыстары;
 мұғалімнің кері байланысы, пікірлері, ұсыныстары;
 білім алушының рефлексиясы.
Портфолионың формасы білім алушылардың жас ерекшелігіне, пәнге байланысты. Мысалы, ақпараттық-коммунмкациялық-технология (АҚТ), информатика бойынша портфолио электрондық үлгіде болуы мүмкін (электрондық портфолио), ол электрондық тасымалдаушы құралда сақталады (дискіде).
Әрбір оқушы үшін оқу мақсатына жетудегі оқушының үлгерімін көрсететін портфолио жинақталып, ол қалыптастырушы бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Портфолиода көптеген деректер қамтылауы мүмкін, оның ішінде:
 жазбаша жұмыстар (жұмыс дәптерлері, бағалау журналы, үй тапсырмалары, оқушы жазбалары);
 фотосуреттер немесе дәлелдемелер (мысалы, көркемсурет жұмыстары, сыныптағғы көрме, модельдер, таныстырылым, оқушы қатысқан музыкалық көрсетілім және оқушы қатысқан іс-шаралар);
 электронды жазбалар (мысалы, таныстырылымдар, құжаттар, анимациялар);
 мұғалімнің жазбалары немесесабақты қадағалау жазбалары;
 ата-аналардың пікірлері.
Жиналған дәлелдемелердің сипаты дәстүрлі тест көмегімен анықтау қиынға түсетін дағдыларды бағалауға мүмкіндік беретінін байқатады. Дарлинг-Хэммонд және Печеон (2010) бұл әдіс «оқушылардың проблемларды шешу үшін ақпаратты іздеу және ұйымдастыру, зерттеуді жоспарлау және жүргізу, деректерді талдау және жинақтау, осы үйренгендерін жаңа жағдайларда қолдану сияқты жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуға және көрсетуге мүмкіндік береді» деп тұжырымдайды.
Мұғалімнің портфолиосы  пән бойынша оқыту мен бағалаудың практикасын көрсететін материалдарды жинақтау, тіркеу тәсілі.
Әрине оқу-тәрбие мекемелерінің көптігі, мұғалімдер қауымының әрқилығы портфолио құрылымының әртүрлі болуына әсерін тигізеді. Осы мәселе төңірегінде көптеген авторлар өз ойларын білдірген. Солардың ішінде Т.Г.Новикова, А.С.Притченков, М.А.Пинская, Т.Н.Макарова, В.А.Макаров сияқты ғалымдарды атап өткен жөн. Бір топ ғалымдар (Т.Н.Макарова, В.А.Макаров) портфолио құрылымының төмендегідей үлгісін ұсынған:
1 бөлім. Педагог туралы жалпы, толық мәлімет.
2 бөлім. Педагогикалық іс-әрекет нәтижелері.
3 бөлім. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет нәтижелері.
4 бөлім. Сыныптан тыс жұмыстар туралы мағлұмат.
5 бөлім. Оқу-материалдық базасы.
Ресей ғалымы Н.П.Табачуктың «Оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи құралдары» оқу құралында мұғалім портфолиосының құрылымын былайша айқындайды.
Портфолионың мақсаты  білім беру процесінің құжатталған нәтижелерін ұсыну. Портфолио оқушының әртүрлі қызмет түрлерінде  оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік және т.б. қол жеткізген нәтижелерін ескеруге мүмкіндік береді және білім алуға практикаға бағытталған, іс-әрекет тәсілінің маңызды элементі болып табылады, бұл оны нақты оқушының оқу жетістіктерінің жеке бағыттылығын ұсынудың перспективалық нысаны болып табылады.
Мұғалім портфолиосының құрылымы
1) Жалпы мәліметтер а) аты-жөні. б) білім беру. в) еңбек өтілі. г) марапаттары мен грамоталары.
2) Педагогикалық қызметінің нәтижелері
а) оқушыларды аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелері. б) медальдардың болуы.
3) Ғылыми-әдістемелік жұмыс а) заманауи білім беру технологияларын қолдану. б) педагогикалық конкурстарға қатысу. в) ғылыми зерттеулер жүргізу. г) авторлық бағдарламалар, элективті курстар әзірлеу. д) мақалаларды дайындау.
4) Пән бойынша сабақтан тыс іс-әрекет а) шығармашылық жұмыстар рефераттар, оқушылар орындаған жобалар. б) сыныптан тыс іс-шаралар сценарийлері.
5) Оқу-материалдық базасы а) пән бойынша анықтамалық әдебиеттер тізімі. б) дидактикалық материалдың болуы.
6) Сынып жетекшісінің қызметін орындау а) ата-аналармен жұмыс.
7) Жарияланымдар мен пікірлер а) Мақалалар, сөз сөйлеу тезистері. б) әріптестердің пікірлері.
Ал,Т.Г.Новикова, А.С.Притченков, М.А.Пинская сияқты ғалымдар портфолионың мынандай үлгісін береді:
Сыртқы өң беті, немесе титульді бет.
1 бөлім. Арнайы құжаттар (концепциялар, ережелер, нұсқаулар, Заңдар т.с.с.).
2 бөлім. Шығармашылық жұмыстар.
3 бөлім. Пікірлер, ұсыныстар, өздік есеп берулер т.б. жатады.
Қазіргі мектеп тәжірибесіндегі педагог портфолиосының құрылымына шолу жасап көрелік:
1) Сыртқы өң беті, немесе титульді бет. Бұл бетте әр мұғалім міндетті түрде портфолионы жүргізу мақсаты жазылады.
2) Мазмұны.
3) Резюме. Мұнда мұғалім өзі туралы толық мәлімет береді.
4) Мұғалімнің шығармашылық жұмыстары.
5) Мұғалім өзекті зерттеу тақырыбын жүзеге асыру жобасы мен бағдарламасын ұсынып, оның теориялық сипатын ашуға бағытталады.
6) Мониторинг (мұғалім өзі сабақ беретін сынып бойынша оқушылардың тәрбие және білім сапаларының көрсеткіштерін мониторингтейді).
7) Мұғалімнің өзінің білімін көтеру жоспары (жетістіктері, қосымша материалдар)
Жүйелілікпен құрылған портфолионы тексеру жылына екі рет жүзеге асырылады. Мектепте қаңтар айында портфолиолар көрмесі ұйымдастырылса, сәуір айында портфолиолар презентациясы өткізуге болады. Оған мұғалімдер үлкен жауапкершілікпен, ұшқырлықпен, белсенділікпен дайындалады. Әрине, портфолионы толтырып, безендіруде педагог шығармашылық танытуы қажет. Презентация біткеннен кейін портфолиоға сын пікір жазылып, мұғалімнің кәсіби деңгейі мен құзыреттілігі бағалануы қажет.
Портфолионы бағалау критерийлерінің үлгісі

Критерийлер

Жоғарғы балл

Барлық бөлімдер келтірілген



2


Өздігімен қосымша бөлімдер кіргізу

5

Портфолионы құрастыруда зерттеу әдістерін қолдану

10

Портфолионы құрастырудағы өзінділік пен дербестік

10

Материалдарды безендіру

8

Портфолионың мұғалім үшін пайдасы, қорытынды жасау

10

Әріптестерінің пікірлері

5

Ой-толғанысқа негізделген материалдар

10

Портфолионы таныстыру (жариялау, презентациялау)

10

Барлығы

70

- «Өте жақсы» - 60 балдан 70 балға дейін
- «Жақсы» - 50 балдан 60 балға дейін
- «Қанағаттанарлық» - 40 балдан 50 балға дейін
- «Қанағаттанарлықсыз» - 40 балдан төмен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет