Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет29/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1) (1)

4. Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы
Бұл жоғарыда сипатталған үлгілерді оқушылардың түсіндіру нұсқаларының бірі болып табылады және көп жағдайда олардан кейін бірден орындалады.
Жұптарға бөлінеді. Оқушыларға арнайы қателері бар дайын жауаптар жинағы ұсынылады. Жұптардағы оқушылардың әрқайсысының әртүрлі үлгілері болады.
Оқушылар мыналарды табу үшін өз бетінше жұмыс жасайды:
– не дұрыс емес?
– бұл неліктен дұрыс емес?
– бұны қалай түзетуге болады?
– жұптағы әр оқушы өз үлгілеріндегі қателерді серіктесіне түсіндіреді;
– егер оқушы серіктесінің жіберген қатесін байқайтын болса, оны көрсетуге тиіс;
– сосын мұғалім оқушылардың қандай қателерді тапқанын сұрайды және олардың жауаптарын құптайды немесе теріске шығарады. Мұғалім дұрыс қабылданбаған түсінікті мұқият түсіндіруі тиіс.
Бұл оқушыларды теріс түсініктерден және әдеттегі қателерден «арылтуға» арналған қызықты және пайдалы тапсырма. Оқушыларды шатастырмау үшін, мұндай тапсырмадан тақырыпты бастапқы оқыту сатысында аулақ болу қажет, бірақ ол тақырыпты меңгертудің соңында түсініктегі тұрақты қателерді анықтау және түзету үшін өте пайдалы. Егер оқушылар қателерді байқай алмайтын болса, демек, олар өздерінің жұмыстарын тексере алмайды
5. Өзін-өзі бағалау
Мақсаттар, бағалау өлшемдері немесе тапсырмалар арқылы өзін-өзі бағалау
Тапсырманы, сабақты, тақырыпты меңгеру соңында оқушыларға мақсаттар, тапсырмалар немесе бағалау өлшемдері туралы ескертеді. Сосын оқушылардан, мысалға, бес минут ішінде өз жұмыстарын қарап шығып, мыналарға қатысты өздерін бағалау сұралады:
– Олар нені оқыды, білді және не жасай алады?
– Олар мақсат пен міндеттерге жету үшін тәжірибе жүзінде тағы нені үйренуі немесе орындауы қажет?
– Оқушылар мұны іс-әрекеттің жеке жоспарын құру үшін қолданады.
– Іс-әрекет жоспары келесі сабақта жүзеге асырылады.
Формативті тесті арқылы өзін-өзі бағалау
Оқушылар тоқсанның соңғы жартысы бойы өздері орындаған жұмыс бойынша тестіні орындайды. Олар өз жұмыстарын мұғалім ұсынған дайын шешімдер арқылы бағалайды. Оларға тестіде бар тақырыптар мен тақырыпшалар тізімі ұсынылады және олар төменде көрсетілгендей әрқайсысын белгілеу қажет:
– Егер олар оны қалай орындауды түсінген болса, жасылмен (абайсызда болған қателерді қоспағанда).
– Егер олар оны қалай орындауды түсінбеген болса, қызылмен.
– Егер олар сенімсіз болса, сарымен.
6. Жалған баға
«Жалған» тапсырма – бұл жалған баға мақсатында мұғалім жасайтын тапсырмасы. Ол білім алушының қиялынан жасалған болып ұсынылады. Мысалы:
Мұғалім ‘X’ және ‘Y’ екі тапсырмасын береді және білім алушылардан оларды бағалауын өтінеді.
Математика немесе сол сияқты пәндер бойынша білім алушыларға тапсырмалардың жауаптары беріледі:
Тапсырманың бір бөлігі бірдей дұрыс жауаптарды қамтиды, бірақ әдістер түсіндірілмейді және негізделмейді, кей жауаптар өте ұзақ, ал жұмыс мүлде түсінікті емес. Тапсырманың басқа бөліктері дұрыс емес жауаптарды қамтиды, бірақ әдісі дұрыс, толық түсіндірілген және негізделген, ал жұмыс жақсы әзірленген және түсінікті етіп баяндалған.
Оқушылардың көбісі мақсат дұрыс жауап алу деп болжайтындықтан, әдіс және жұмысты қарастырмай, нашар жұмысқа өте жақсы баға береді.
Жазбаша жұмыс үшін: Тапсырманың бір бөлігіде көп техникалық терминдер мен әсерлі сызбанұсқалар берілген, өте күрделі грамматикалық ұзақ сөйлемдер бар. Алғашқыда жалықтыратын болып көрінген жұмыс, сұраққа жауап бермейді. Екінші жалған тапсырма  қысқа, техникалық терминдерді қажет болатын жерлерде ғана пайдаланады және сұраққа өте жақсы және қысқа жауап береді. Тағы да, оқушылар әдетте тапсырмалар мен бағалау өлшемдерін оқыған кезде, олар оған жеткілікті назар аудармайтындықтан немесе оларды жеткілікті түрде жақсы түсінбейтіндіктен, нашар жұмысқа өте жақсы баға береді.
Екі жағдайда да сынып талқылауды оқушылар өз бағаларын қойғаннан кейін өткізеді. Бұл оқыту мезеттерін атап өту және жақсы жұмыс өлшемдерін түсіндіру үшін пайдаланылады. Бұл талқылау өте маңызды және тапсырмалар көшірмелері бірдей болғандықтан, барлық оқушылар өз білімдерін өздері немесе жұптасқан жұмыста бағалайды. Мұғалім назарын осы жұмысқа және өлшемдерге бағыттай алады. “ ‘X’ жұмысына қараңыз. Өз жауабаңызды үш сұрақ талап ететіндей етіп негіздей алдыңыз ба? Жауапты негіздеу нені білдіреді? Енді ‘Y’осыны қалай жасағанына қарап көрелік ”
Бірінше рет, Сіз жалған бағалауды пайдаланған кезде, оқушыларға бір тапсырмаға “А” бағасы қойылғанын, ал екіншісіне ‘D’ қойылғанын айту және олардан қайсысының қандай екенін сұрау қызықты. Әдетте, осылай болатындықтан, олар керісінше бағалайтын кезде, олардан тапсырманы үйде пысықтауды және негіздемелер әзірлеуді өтініңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет