Дәрістердің толық мәтіні тақырып қазан революциясы және оның алғышарттары



бет3/15
Дата14.03.2023
өлшемі101,32 Kb.
#74379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Бекіту сұрақтары:

1. Азамат соғысының Қазақстанға әсері қандай болды. Соғыстың сипаты, салдары.



  1. Ә.Т.Жангелдин бастаған экспедицияның мақсаты

  2. Азамат соғысының аяқталуы

  3. Қазақ Кеңес мемлекетінің құрылу алғы шарттары

  4. 1921-1922жж. аштықтың зардаптары қандай болды

  5. ЖЭС-тің әлеуметтік-экономикалық алғы шарттары қалай жүзеге асты.

ТАҚЫРЫП 3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЭС-ТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ.



        1. Өнеркәсіпті, транспортты және ауылшаруашылығын қайта қалпына келтірудің басталуы.

        2. ЖЭС идеясынан ауытқушылықтың басталуы.

3.1927-1928ж. азық-түлік дағдарысы.

Өнеркәсіпті, транспортты және ауыл шаруашылығын қайта қалпына келтірудің басталуы. ЖЭС идеясынан ауытқушылықтың басталуы. 1927-1928ж. азық-түлік дағдарысы. Өнеркәсіп. Транспорт. Энергия саласы.


Азамат соғысы аяқталысымен әскери-коммунистік шаралар жаңа әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарға тап болды. Қатты дағдарыс екпіні Республиканың ауыл шаруашылығынан айқын байқалды. Мысалы, егістік көлемі 1914ж. 3,6 млн десятинадан 1922ж. 1,6 млн. десятинаға дейін қысқарды. Егіннің шығымдылығы азайды. Мал шаруашылығының саласы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы 2 млн-ға, уақ мал -6,5 млн-дай, түйе -0,3 млн-ға азайды. Ауыл шаруашылығында болған аппаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соғады. Әр жерден түскен ақпарға қарағанда, 1921-1922 жылдары Орынбор губерниясында 445 м. Адам, Қостанай губерниясында 225 м., Оралда 400 мың, Ақтөбеде 360 мың, Бөкей губерниясында 100 мың адам аштық азабын тартты. Кейінірек анықталған мәліметтерге қарағанда республикада 2,3 млн адам ашыққан. Аштықтан және аурудан халықтың саны кеміп кетті. Мемлекеттік күштеу саясаты ауыл мен село наразылығын күшейте түсті. 1921ж. наурыз айында РК(б)П Х сьезі болып өтті. Осы сьезде азық-түлік салымынан азық-түлік салығына көшу туралы шешім қабылданды. Бірақ бұл шара жаңа экономикалық саясат шеңберінде жүзеге асырылып жатқан реформалар кешенін түгел қамти алмады.
Жаңа экономикалық саясат шеңберінде жасалып, жеделдете жүзеге асырылған аса маңызды шаралар көп ұзамай ауыл шаруашылығының жай-күйін жақсартуға игі әсерін тигізді. 1925 ж. егіннің көлемі 3 млн. гектарға жақындады. 1925ж. мал саны 1922 ж-мен салыстырғанда 2 есе өсті. Сауда-саттық өркені де кең жайылды. 1926 жылы Қазақстан территориясында 128 жәрмеңке жұмыс істеді. 20 жылдардың ортасында республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған еді. Тұтас алғанда өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61 пайызы ғана жетті. Республика өнеркәсібі дамуының төмен деңгейде болуын оның жер қойнауының әлі де толық зерттелмегендігімен түсіндіруге болады. Байланыс және тасымал құралдары нашар дамыған еді. Жер аумағының мың километріне шаққанда 1 км ғана темір жол болды. Жұмысшы табының саны аз еді. Ұлттық инженер-техник санаулы ғана болды. Қазақстан экономикасында бұрынғысынша ауыл шаруашылығы басым болатын. Сонымен бірге жаңа экономикалық саясат жағдайында өлке экономикасында елеулі өзгерістер болды. 1926 ж. Қазақстанда өнеркәсіп өнімі үштен бір есеге өсті. Сауда жандана түсті. Шаруашылық есепті, өзін - өзі өтеуді қаржыландыруды енгізу және басқа шаралар өнеркәсіптің жаңа экономикалық саясат арнасында дамуына игі әсер етті. Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи ресурстарды зерттеуден басталды. Индустрияландыруды жүзеге асырудың негізгі принциптері мен әдістері бүкіл елімізде бірдей болғанымен Қазақстанда өте қиын жағдайда жүрді. Ұлттық кадрлар мәселесі баяу шешілді. Сауатсыздар қатарынан кәсіби деңгейі жоғары жұмысшыларды тәрбиелеп шығару өте қиын болды. Сондай-ақ жалпы экономикалық қиыншылықтар, жаппй ашаршылық және оның салдары халықтың мәдени деңгейі әсер етті. Әрине, Қазақстан үкіметі тұйықтан шығудың жолын іздеп әртүрлі шараларды жасады, бірақ ол нәтиже берген жоқ. 1925 ж. желтоқсанда БК(б) П-нің XІY сьезі болып, елдегі индустрияландыру бағытын айқындады, яғни республиканы жедел түрде аграрлық саладан өнеркәсіптік салаға айналдыруға кірісу керектігі айтылды. Қазақстанның индустриалдық дамуының ерекшілігі өнеркәсіптің жаңадан құрылуында. Ақша қаражатын бөлуде күрделі қаржының басым бөлігі 83,2 пайызы ауыр өнеркәсіпке салынды, оның ішінде түсті металға барлық күрделі қаржының 44,5 пайызы, мұнайға-20 пайызы, көмірге-15,3 пайызы, химия өндірісіне-4,8 пайызы, электр энергетикасына-8,5 пайызы жұмсалды.
1927ж. желтоқсанда БК(б)П XY сьезі болды, ол тарихта ұжымдастыру сьезі деп аталды. Қазақстандағы ұжымдастыруды 1932ж. көктеміне қарай бітіру жіктелді. Үкімет жергілікті тұрғындардың тұрмыс-салт ерекшеліктермен есептеспестен ұжымдастыруды күш салу әдістермен, жедел қарқынмен жүргізді. Ұжымдастырумен қатар кулактар мен байларды тап ретінде жою шаралары жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде байлардың шаруашылығы тәркіленіп, өздерін жер аударып жіберді. Бұрын дәрежесі болған адамдар да мүліктік жағдайына қарамастан жер аударылды. 1928-1929жж. 1027 бай шаруашылығы жойылып, 145 мың мал басы және ауыл шаруашылық құралдары тәркіленіп, колхоздарға берілді. Кулактарды қудалау саясаты шаруаларды да жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшыратты. Бұндай шаралар, ақыры 1930-1932жж. ашаршылық қасіретіне алып келді. Ашаршылықтан республиканың 2,1 миллион адамы қырылды. Ашаршылық бүкіл Қазақстанды жайлады. Мысалы, КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің халық шаруашылығына есеп жүргізетін Орталық басқармасының мәліметі бойынша Қазақстаннан 1,3 миллион адам көшіп кеткен. Олардың 616 мыңы кері оралмады. Қазақстандағы большевиктік аграрлық революция. Ірі байлардың, жартылай феодалдардың малын тәркілеу, несие және салық саясатындағы большевиктердің “әлеуметтік-әділеттілік” идеясы. Өлкедегі қоғамдық-саяси және идеялық күрес.1928ж. жаңадан аудандастыру жүзеге асырылды. Республика бес буынды (ауыл, село-болыс-уезд-округ-орталық) басқару жүйесінен төрт буынды (ауыл, село-аудан-округ-орталық) басқару жүйесіне көшті. Бұрын болып келген 1 автономиялы облыстың, 6 губернияның, 2 округтің, 32 уездің және 410 болыстың орнына республика 1 автономиялы облысқа, 13 округ пен 192 ауданға (соның ішінде 113 (49,1 пайызы) қазақ, 3 қарақалпақ, 5 өзбек, 2 ұйғыр, 4 орыс-казак, 47 (24,4 пайызы) орыс-украин, 13 (6,7 пайызы) аралас аудандарға бөлінді. Жаңадан аудандастыру кеңес аппаратының халық бұқарасына жақындай түсуіне, оларды кеңестік құрылысқа тартуға жәрдемдесті. Ақырында, онда ұлттық-біртектес Кеңестерді сақтау мен бөлу, ұлтшылдық егестерді тоқтату, рулық ауылдарды жойып, олардың орнына шаруашылық аумақтық кеңестер құру қажет екенін көрсетті. БК (б) П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы қыркүйекте жіберілген Ф.И. Голощекиннің келуімен байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатаң сипат алды. Ф.И. Голощекин өлкелік комитетінің құрамына және секретары болып сайланды. 1929 ж. Қазақ АКСР астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. Халықтан шығып, күрес пен еңбек мектебінен өткен маман және басшы кадрлар жаңа дүние құрылысын сынақтар мен қателіктер әдісімен үйренді. Сонымен бірге қоғамда партияға тәуелділік арта түсті. Ф.Голощекин мен оның төңірегіндегілер милитаристік басшылық стилі мен ойлау әдісін орнықтырды. Өлкенінің бұрын отарлық жағдайда болуына байланысты экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да мешеулігі туғызған қиындықтарды жаңа экономикалық саясаттың тоқтатылып, “әскери коммунизм” кезеңіндегі күрес әдістерінің жаңғыртылуы, халық билігінің жеке диктатурамен алмастырылуы, әміршілдік-төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі асқындыра түсті. Қазақстанда социализмнің бұлайша бұрмалануы 1925-1933 жж. Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф.И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты болды. Ол Сталиннің қатаң бағытын, аймақтық көсемшілік идеясын жақтады. Ол “Қазан лебін сезінген жоқ”, “1925 ж. күзіне дейін бізде Қазақстан мен оның партия ұйымы болған да жоқ” деп дәлелдеп бақты, сөйтіп “Кіші қазан” төңкерісін өткізу идеясын ұстанды. Голощекин “Кіші қазан” бағытына сәйкес индустрияландыру идеясын қорғап, былай деп жазды:”Өнеркәсіп саласында ең негізгісі ірілендіру емес, қайта оны жергілікті ұсақ және орташа (жарма тартатын, жүн жуатын, май шайқайтын орындар, жөндеу шеберханалары т.б.) деңгейде, яғни бәрін ауылшаруашылығына байланысты және оны неғұрлым рентабельді ететін деңгейде ұстау”. Бұл бағытты ол 1927ж. ұсынып, 1930ж. YІІ-ші Өлкелік партия конференциясының мінберінен тағы да нақтылай түсті. 20 жж. екінші жартысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі күрт өзгерді. 1925ж. желтоқсанда өткен өлкелік партия комитетінің Ү конференциясының “Ауылды кеңестендіру” туралы шешімі тап күресінің шұғыл шиеленісуіне түрткі болды. Республикада “Кіші Қазан ” төңкерісін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды. Бұл соңынан күшпен ұжымдастыру және 1937-1938 жж. жаппай жазалау дәуірінде қазақ халқын құлақ есітпеген қайғы-қасіретке ұшыратты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет