Дәрістің мазмұны



бет2/3
Дата02.04.2023
өлшемі25,08 Kb.
#78431
1   2   3
Орфография дегеніміз:
жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихы қалыптасқан жүйесі;
біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.
Ережелер жүйесі: дыбыстарды әріптермен беру,сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу, сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу, бас әріпті пайдалану, тасымалдау сияқты мәселелелерді қамтиды және айқындайды.
Орфографияны оқыту әдістемесі деп білім алушыларда орфографиялық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру үдерісін айтамыз. Орфографияға оқытудың басты мақсаты – орфографиялық сауаттылықты қалыптастыру, яғни сөзді жазу кезінде әріптер мен әріптік емес графикалық құралдарды қабылданған емле ережелеріне сәйкес қолдана алу машығы [3].
Орфографияны оқыту барысында оқытушы бірқатар лингвистикалық ұғымдарға сүйенеді. Солардың ішіндегі маңызды ұғымның бірі – орфограмма. Орфограмма дегеніміз – сөзді белгілі орфографиялық ережеге сәйкес жазу. Орфографияны оқыту кезінде көздағды, көзшалымды қалыптастыру басты міндет, яғни білім алушы жазуға берілген немесе жазылып қойған мәтін ішінен орфограмманы айрықша белгілері арқылы көзбен жылдам шала білуі тиіс. Орфографиялық ережені – қандай да бір орфограмманы таңдаудың шарты көрсетілген қысқаша нұсқаулық деуге де болады.
Орфографиялық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру кезінде есту, көру, сөйлеу және моторикалық жадылар қатысады. Есту жадысы фонемалар мен морфемаларды есту арқылы есте сақтауға бағытталған. Жазылым, яғни фонемаларды әріп арқылы жазу кезінде жүзеге асырылады. Сабақтарда бұл үшін түрлі диктанттар жүргізіледі. Көру жадысы есту арқылы жазу және көшіріп жазу кезінде көрініс табады. Сөйлеу жадысы сөздерді дауыстап буынға бөліп айтуға сүйенеді, осының нәтижесінде сөйлеу органдары бұлшық еттерінің қозғалыс арқылы сөздің фонемалық құрамы бекітіледі. Моторикалық жады бір сөзді бірнеше рет жазу кезінде көрінеді. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, емле ережелерін үйрету кезінде орфографиялық жадының осы айтылған барлық түрін есте ұстау қажет.


Орфографиялық дағдыны қалаптастыру үшін ең алдымен мұғалім орфографиялық принциптерге назар аударуы тиіс.
Осы принциптерге негізделген орфографиялық дағдылар мектепте қалыптасуы қажет. Оған бастауыш сыныптардан бастап көңіл бөлінеді. Бастауыш сыныпта оқушылар дауысты, дауыссыз дыбыстардың емлесін, түбір бектіледі ) мен қосымшаның жазылуындағы кейбір ерекшеліктерді,шылау сөздердің бас әріптердің жазылуы, сөздерді тасымалдаудағы ерекшеліктер, осылайша басатуыш сыныптан алған білік пен дағды орта сынып ары жоғары сынтаптарды жалғасын тауып қайталанып, бектіледі.
Мысалы, фонетикаға қатысты, дауысты, дауыссыз, дыбыстардың емлесі, буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың емлесі,сөздерді тасымалдау тәсілдері жалғаса береді.
Осылайша оқушылардың сауаттылығын қалыптасыру ұшін мұғалім жаттығулар, шығарма, сөздіктермен жұмыс, диктант (көшіріп жазу) жалпы, (шығармашылық және еркін диктанты, мазмұндама және шығарма жұмыстары) сынды жаттығулар жұмыстарын жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет