3 - сурақ Дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінен ұйымдастырылатын студенттердің өздік жұмыстарының әдістемесі. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оны нәтижелі орындату оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынасқа, яғни оқытушының студентке дұрыс бағыт беретін, сабақтың өне бойына оны өнімді іске жұмылдыратын, керекті жағдаятты кәсіби тұрғыдан шешуге талпындыратын басшылығы мен кеңесіне тікелей байланысты. Қазіргі таңда бүкіл пәнге бөлінетін уақыттың үштен бірі өзіндік жұмысқа арналған болса, студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысының да көпшілігі олардың ізденушілігін күшейту мақсатына бағытталады.
СӨЖ
Дәстүрлі оқыту жүйесіндегі өзіндік жұмыстармен салыстырғанда кредиттік жүйе жағдайындағы өзіндік жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар:
ақпараттық – коммуникациялық технология көздерін қолдануға арналған өзіндік жұмыстар (слайд-дәріс, мультимедиялық презентация, кейстермен жұмыс);
студенттің оқытушы қатысуымен орындайтын өзіндік жұмысы- интерактивті әдістермен ұйымдастыратын өзіндік жұмыстар;
тест тапсырмалары банктерімен жұмыс істеуге арналған өзіндік жұмыстар.
Ізденіс барысында СӨЖ ұйымдастырудың төмендегідей өлшемдері таңдалады: өздік жұмыстардың мазмұнын түсінуі; өзіндік жұмыстарды орындай білуі; өзіндік жұмыстардың нәтижелілігі.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері
-кемшіліктердің себеп –салдарын анықтау;
-өз бетінше іздену жұмыстарын орындау:
-өзін- өзі тәрбиелеуді қалыптастыру.
Осы өлшемдер мен көрсеткіштер негізінде СӨЖ-ын анықтаудың деңгейлері (жоғары, орта, төмен) белгіленеді.
Жоғарғы деңгейде студенттердің оқып – үйренуге тиісті материалдарды терең түсінуі, шығармашылық тапсырманы орындауға дайындықтарының болуымен, жаңа жағдайда бұрыннан таныс емес білім мен білікті қолдану әдістерін тиімді меңгерумен сипатталады. Сондай – ақ, өзіндік әрекетті реттеп, түзете алады. Бұл деңгейде студенттер нық еркінің бар болуымен, өздеріне талап қоя білушілігімен, жоғары деңгейдегі өзіндік жұмысты орындай алуымен ерекшеленеді.
Орта деңгейде студенттің оқытылатын материалды түсінуге және қойылған мақсатқа жауапты табуға ұмтылысы байқалады. Теориялық қажетті материалды толық меңгермеген, бірақ өздері білетін деректерді (алгоритм, анықтама, ереже т.б.) таныс жағдайлар үшін қолдана алуымен сипатталады. Өзіндік жұмысты орындаудың әдіс – тәсілдерін пайдалана біледі, өзіндік әрекетті бағалайды. Бұл деңгейде олардың еркінің тұрақтылығы, тапсырманы өз бетімен орындауға деген ұмтылыстары есепке алынады.
Білімнің төменгі деңгейі студенттің оқытушы ұсынған тапсырмаларды орындауға ықылас танытуы мен білсем деген құлшынысы болуымен, бірақ теориялық материалдарды шала түсінуімен сипатталады. Өзіндік жұмысты орындауды табысқа жету жолдарын табуда, өзіндік әрекетті реттеп, бақылып, бағалауда енжерлық танытады. Бұл деңгейде студент еркінің тұрақсыздығы, өзіндік жұмысты орындау кездегі қиналушылығы жатады.