Дәрістің тақырыбы


Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар



бет4/8
Дата17.10.2023
өлшемі81,98 Kb.
#117578
1   2   3   4   5   6   7   8
Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
Дәріс пен практикалық (семинар) сабақтары кезіндегі студенттің оқытушымен жұмысының байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
Студентті қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты 6 сағаттық СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
. Студенттерді қорытынды аттестаттауды аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең студенттің апта бойғы жұмысының нормативті уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде СӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып анықталады.
Қорытынды аттестаттаудың 1 кредиті 105 (15х7) сағат тең, яғни 2 апта. Олардың ішінде 15 сағаты студент пен оқытушының байланыстағы жұмысына, ал 90 сағаты СӨЖ-ге арналады.


1 сурақ бойынша қорытынды (Алты қалпақ әдісін қолдану).


2 - сурақ Дүниетану және жаратылыстануды оқыту әдістемесі пәндерінен ұйымдастырылатын студенттердің өздік жұмыстарының түрлері.

Кредиттік оқыту технологиясының жоғары мектепте ендірілуі студенттің өз бетінше орындайтын жұмысы үлесінің артуы оны белсенділендіру мен оған жаңаша көзқарастың қажеттігін көрсетті. СӨЖ – жоғары оқу орнының оқыту үдерісінде студенттердің өзіндік әрекетін ұйымдастыру мен басқарудың ерекше бір құралы. СӨЖ маңызының арту себептері: СӨЖ-ді жүргізуде оқытушының қатысуына және білім алушының көп сатылы академиялық оқу деңгейіне байланысты СӨЖ құрылымының өзгеруі болды; студенттің жоғары мектеп қабырғасынан алуға тиіс білім көлемінің ұдайы өсуі оқыту қарқындылығын арттыру қажеттігіне әкелді; оқу бағдарламасындағы өз бетінше орындайтын жұмыс көлемінің артуы студенттің өз бетінше игеретін білімінің көлемін арттырды; осыған сәйкес студенттің өз бетінше орындайтын жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жаңалау, яғни: студенттің өз бетінше орындайтын жұмысының мазмұны мен көлемін жаңадан анықтау, СӨЖ-дің әдістемелік қамтылуын жаңалау, оның жаңа түрлерін және студенттің өз бетінше орындайтын жұмыстарын белсенділендіру мен тиімділендіру құралдарын қолдану қажет болды; СӨЖ бағасының студенттің жинайтын кредитіне әсер етуі студенттің өз бетінше орындайтын жұмыстарын бақылау жүйесіне өзгерістер енгізді, СӨЖ-ді бақылау міндетті болды; СӨЖ ұйымдастырудағы оқытушы мен студенттің рөлі өзгерді.


Жоғары мектепті реформалау үдерісін, университеттерде білім беру ситуацияларын талдау, сондай-ақ университеттік білім берудің ұлттық және әлемдік даму бағыттарын зерттеу барысында мынадай беталыстар анық көрінеді:
а) заманауи мәдени-әлеуметтік жағдайлар үздіксіз білім беру идеясының өзіндік құндылығын өктем көрсетіп отыр. Мұнда студенттерден (тек олардан ғана емес) өз білімін үнемі шыңдап отыру талап етіледі;
ә) ақпараттық қоғам жағдайында білім беру үдерісін ұйымдастыру принципті өзгерістерді талап етеді: аудиториялық жүктемені қысқарту, студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстарының үлесі өскендіктен біржақты селқос тыңдалатын дәрістерді ауыстыру;
б) оқытуда ауырлық центрі оқытудан студенттердің өз бетінше білім алу іс-әрекетіне көшеді.
Жоғары оқу орындарында жеке өзіндік жұмыстың түрлері өте көп, олар:
дәрістерге дайындық; семинар, лабораторияық жұмыстарға, сынақтарға, емтихандарға, рефераттарды орындауға, курстық жұмыстарға дайындық; қорытынды кезеңде – дипломдық жобаны орындау.
Педагогикалық әдебиеттерде өзіндік жұмыс түрлерін әр түрлі тұрғыдан қарастырып, төмендегідей жіктейді: 1) ұйымдастыру түрлеріне қарай: ұжымдық, топтық, жеке-дара жұмыс; 2) мақсатқа бағытталу сипатына байланысты: теориялық және практикалық; 3) логикалық бағыттылығына байланысты: фактілерді бақылау және ұғымның белгілерін айрықшалау, құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтату; өз бетімен игерген оқу материалындағы ұғымдарды анықтату және игергендерді жинақтау; кейбір типтес құбылыстарды айрықшалау; фактілер арасындағы байланысты анықтату; 4) іс-әрекеттің сипаты бойынша: репродуктивті (қайталаушы), реконструктивті-вариативті, жартылай ізденісті және зерттеушілік (шығармашылық) өзіндік жұмыс; 5) танымдық үдерістегі қолдану орнына байланысты: жаңа білімді қабылдау және игеру үшін арналған; алынған білімнің негізіндегі өзіндік жұмыстар; бекітуге бағытталған; білімі мен білігін жүйелеп, жалпылауға бағытталған; қайталау мен білім, білік және дағдыны тексеруге арналған өзіндік жұмыс түрлері; 6)оқытушы ұйымдастыратын СӨЖ–ді өткізілу уақыты мен орнына, оқытушы тарапынан жасалынатын жетекшіліктің сипатына, нәтижелеріне бақылау жасау тәсілдеріне байланысты шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады: негізгі аудиториялық сабақ (дәріс, семинар, зертханалық жұмыс) үстінде жүргізілетін өзіндік жұмыстар; жоспар бойынша жүргізілетін кеңестер, шығармашылық байланыстар, сынақтар мен емтихандар түрінде оқытушы жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстар; оқу және шығармашылық сипаттағы үй тапсырмаларын орындаудағы аудиториядан тыс студенттің өзіндік жұмыстары; 7) студенттің өз бетімен жұмыс істеу (дербестілік) деңгейіне қарай: еліктеу, жаттықтыру, шығармашылық, зерттеу өзіндік жұмыстары; 8) білім көздері мен оқытушының тарапынан бақылаудың дәрежесіне байланысты: оқулықтармен, оқу әдебиеттерімен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс; есептер шығару, жаттығулар, шығарма және сипаттама беру, қадағалау, және басқа да жұмыстар; 9) ЖОО-дағы оқу үдерісінің құрылымына байланысты: міндетті (оқу сабағының үдерісіндегі және сабаққа дайындалудағы) және қосымша өзіндік жұмыстар (студенттің жеке қызығушылығы мен бейіміне қарай міндетті оқу жұмыстарынан тыс); 10) аудиториялық СӨЖ түрлері: конспектілеу, алдыңғы үлгі бойынша өзі жазу, дәлелдеу (мысалы, теореманы), дәрістің логикалық карта-сүлбесін жасау, оқытушы сауалына жауап беру, пікірталасқа қатысу, проблемалық сұрақтарға жауап даярлау.
Аудиториялық СӨЖ оқу жоспары мен оқу пәнінің бағдарламасы арқылы анықталып, оқу кестесімен реттеледі, оқытушының тікелей жетекшілігімен дәрісте, семинарда, зертханалық жұмыстарда, коллоквиумдарда және т.б. жүргізіледі.
Аудиториядан тыс орындалуы міндетті өзіндік жұмыс түрлері: дәріс материалын қарау, конспектілеу, әдебиеттерді рефераттау, рефератты оппоненттеу, баяндама әзірлеу, кітаптар мен мақалаларға аңдатпа жазу, глоссарий құрастыру, ізденіс-зерттеу сипатындағы тапсырмаларды орындау, ғылыми-әдістемелік әдебиетті терең талдау, тәжірибе жүргізу, коллоквиумға, практикалық және семинар сабақтарына дайындалу, ғылыми немесе проблемалық хабарламалар мен шолулар, жоба әдісі, телекоммуникациялық жоба, оқыту бағдарламалары (жеке бөлімді/ тақырыпты игерудің кезеңмен орындалатын оқу жоспары), шығарашылық сипаттағы тапсырмаларды, диплом, курс жұмыстарын орындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет