Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы


Биологиялық қасиеттерінің өзгергіштігі



Pdf көрінісі
бет11/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Биологиялық қасиеттерінің өзгергіштігі. Микроорганизмдерге температуралық, 
химиялық және физикалық факторлармен әсер ете отыра, олардың биологиялық 
қасиеттерін өзгертуге болады (мысалы, вакцина даярлауға негіз болатын уыттылығы 
әлсіретілген микробтардың өсінділерін алуға болады). 
Л. Пастер 1880 жылы тауықтардың тырысқақ қоздырғышының өсіндісін ұзақ уақыт 
бойы термостатта ұстаған жағдайда олардың патогендік қасиеттерінің жойылғанымен 
иммуногендік қасиеттерінің сақталатындығын анықтап, мұндай өсіндіні аталмыш ауруға 
қарсы вакциналық препарат ретінде қолдануға болатындығын дәлелдеген.


1881 жылы Л. Пастер сібір жарасы қоздырғышын 42,5°С температурада 12-24 тәулікке 
дейін өсіру арқылы әлсіретіп, оны вакцина даярлау үшін қолданған. 1883 жылы Л.С. 
Ценковский Пастердің принципін қолдана отыра сібір жарасы қоздырғышының 
әлсіретілген спораларынан тұратын тірі вакцина әзірлеген.
1885 жылы Л. Пастер мен Э. Ру құтырықтан өлген иттің бас миынан дайындалған 
суспензияны қояндарға интрацеребральды жолмен 133 рет пассаж жасау және сілтімен 
өңдеу арқылы құтырық вирусының биологиялық қасиеттерін өзгерткен. Мұндай 
вирустарды тері астына еккен жағдайда организмде телімді иммунитет қалыптасқан. Л. 
Пастер осындай биологиялық қасиеті өзгертілген құтырық вирусын фиксацияланған вирус 
(virus fixe) деп атаған.
Француз ғалымдары А. Калмет пен Ш. Герен 1919 жылы туберкулез қоздырғышын ірі 
қара өті қосылған глицеринді картоп ортасында, әрбір 14 тәулік сайын қайтара себінді 
жасай отыра 13 жыл бойы өсіріп, патогендік қасиеті айтарлықтай төмендетілген штамынан 
БЦЖ (BCG–Bacterium Calmett-Geren) вакцинасын дайындаған. Бұл вакцина медицинада 
бүгінгі күнге дейін қолданылып келеді. 
Қазіргі кезде физикалық әсерлерді және химиялық заттарды қолдана отыра көптеген 
тірі вакциналар даярланып, антибиотиктерді және басқа да заттарды өндіретін 
микроорганизмдердің алуан түрлі варианттары алынған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет