Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы


Студенттердің өзін - өзі пысықтау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет9/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64
Студенттердің өзін - өзі пысықтау сұрақтары: 
1. Саңырауқұлақтардың жасуша құрылысындағы ерекшеліктері? 
2. Саңырауқұлақтардың көбею тәсілдері? 
3. Саңырауқұлақтардың классификациясы.
4. Ашытқылар және олардың халық шаруашылығындаңы маңызы. 
5. Қарапайымдыларға қандай ағзалар жатқызылады? 
6. Балдырлардың табиғатта таралуы. 
7. Вирустардың басқа микроағзаларда айырмашылығы.
8. Бактериофагтар. Лизогения. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Микробиологический контроль биотехнологических производств [текст] : 
Учебное пособие. - M. : Дели плюс, 2016. - 142 с.
2. Ильяшенко, Н.Г.Микроорганизмы и окружающая среда [текст] : Учебное 
пособие. - М. : Инфра -М, 2018. - 195 с.
3. Королёв, А.А.Микробиология, физиология питания, санитария и гигиена [текст] : 
Учебник. - М. : Академия, 2017. - 256 с. 
4. Батыргалиева, М. Микробиология [текст] : Оқу құралы. - Астана : Фолиант, 2016. 
- 96 б.
Дәріс 4 – Микроағзалар генетикасы 

Дәріс жоспары:


1. Микроорганизмдердің негізгі белгілерінің өзгергіштігі. 
2. Микроорганизмдердің тұқым қуалаушылық факторлары. 
3. Микроорганизмдер генетикасы мен гендік инженерия жетістіктерінің микробиология 
тәжірибесінде қолданылуы. 
 


Дәріс мақсаты: Микроорганизмдердің тұқым қуалаушылық факторларын оқып білу. 
 
Генетика – организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін зерттейтін 
ғылым. Генетиканың мақсаты организмдердің тұқым қуалаушылық белгілерінің ұрпақтан 
ұрпаққа берілу заңдылықтарын зерттеу және оларға талдау жасау, сонымен қатар тұқым 
қуалаушылықты қамтамасыз ету механизмдерін айқындау болып табылады.
Барлық организмдердің, соның ішінде микроорганизмдердің генетикалық қасиеттерін 
және олардың тұқым қуалаушылығының материалдық негізі болып табылатын молекула – 
дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ). Эукариоттардың хромосомасымен салыстырғанда 
прокариоттардың гендері қарапайым болып, әдетте шеңберге шектелген ДНҚ молекуласы 
ретінде сипатталады. ДНҚ молекуласы нуклеоид деп аталатын құрылымның ішіндегі 
жалғыз хромосомасында орналасады. Сонымен қатар бактериялардың генетикалық 
материалдары автономиялық репликацияға қабілетті хромосомадан тыс элементтерінде – 
плазмидаларда, транспозондарда және Is-элементтерінде кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет