Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет7/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Нағыз саңырауқұлақтар алты класқа бөлінеді.
Chytridiomyctes класы мицелийдің болмауы немесе ценоцитті (жасушалық емес) 
мицелийінің болмауымен сипатталады. Бұл кластың өкілдері жыныссыз (зооспоралармен) 
немесе жынысты жолмен көбейеді. Зооспоралар және гаметалар (планогаметалар) артқы 
жағынан бір талшығы болады. Көптеген Chytridiomyctes – су ағзалары, бірақ кейбіреулері 
топырақта, өсімдік ұлпаларында паразит ретінде немесе өлі өсімдік қалдықтарында мекен 
етеді.
Oomycetes класы жынысты көбеюі оогамия арқылы, ал жыныссыз көбеюі қозғалғыш 
зооспоралары (екі талшықты) арқылы жүзеге асатын ағзалар тобын құрайды. Көптеген 
оомицеттер – жер бетіндегі қатаң паразиттер, олар өздерінің барлық тіршілігін өсімдік – 
қожайынында өткізеді. Оомицеттерге фитопатогенді саңырауқұлақтар, мысалы, Pithium, 
Phytophthora ауыл шаруашылық өсімдіктерінің ауру қоздырғыштары жатады.
Zygomycetes класы - өзінің дамуы барысында қозғалу сатысынан айырылған 
ағызалар тобын құрайды. Бұл класс өкілдерінде жынысты көбею жиі кездеседі. Жыныссыз 
көбеюі қозғалмайтын спорангиеспоралар немесе конидийлер арқылы жүзеге асырылады. 
Zygomycetes класына Mucorales қатары жатқызылады, бұл қатарға жататын көптеген 
ағзалар топырақта кең таралған. Mucorales қатарына жататын саңырауқұлақтар жақсы 
жетілген және бұтақталған бір жасушалы мицелийден тұрады, оның үстінде жеміс түзуші 
гифтер – спорангий ұстағыштар жетіледі. Жыныссыз көбеюі қозғалмайтын 
спорангиеспоралардың ішінде түзілетін спорангийлер арқылы жүреді. Mucorales қатарына 
бірнеше тұқымдастар кіреді. Олардың ішінде Mucor, Thamnidium, Rhizopus туыстарын 
атауға болады.


Ascomycetes класы. Аскомицеттер немесе қалталы саңырауқұлақтар ең көп тараған 
саңырауқұлақтар класы болып табылады. Олардың қатты бұтақталған, көп жасушалы 
мицелийі болады. Көбеюі негізінен конидийлер көмегімен жүзеге асырылады. Сонымен 
қатар олар жынысты жолмен – қалтада (аскада) жыныс жасушаларының (гаметалар) 
ядроларының қосылуынан соң пайда болатын аскоспоралар арқылы көбейеді. Аскада 2-4 
немесе 6-8 аскоспоралар түзіледі. Аскалар әртүрлі пішінді түзілістер – аскокарпия 
(клейстотекалар) – тесігі жоқ орын, перитеция – тесігі бар орын, апотеция – ыдыс немесе 
куб тәрізді түзілістердің ішінде орналасады. Аскомицеттерге топырақта жиі кездесетін 
Asperhillus, Penicillium және Chactomium туысының өкілдерін жатқызуға болады. Негізінен 
бұл саңырауқұлақтар конидийлер көмегімен көбейеді, бірақ сирек жағдайда қалта түзеді, 
осы класқа қастауыштарды да жатқызады.
Basidiomucetes класы. Бұл саңырауқұлақтың денесінің вегетативті бөлігі 
көпжасушалы гифтерден құралған мицелийден тұрады. Ядросы дифференцияланған, 
жынысты көбеюі базидийлер – аскомицеттердің қалталарының қызыметіне ұқсас 
түзілімдер арқылы жүзеге асырылады. Әрбір базидий гамета – ядролардың қосылуынан соң 
жаңа мицелийдің түзілуіне бастама береді. Базидийомицеттерге ауыл шаруашылық 
өсімдіктерінің ауру қоздырғыштары, мысалы, тат және қара күйе ауруларының 
қоздырғыштары, ағаш зиянкесі (үй саңырауқұлағы – Serpula lacrymana), көптеген жоғары 
сатыдағы, соның ішінде жеуге жарамды саңырауқұлақтар, сонымен қатар әртүрлі 
органикалық қалдықтардың ыдырауына белсенді қатысатын сапрофиттер жатады.
Deuteromycetes (Fungi imperfecti) класы – жетілмеген саңырауқұлақтар, олардың 
денесі бөлшектенген мөлдір немесе боялған көпжасушалы гифтерден және сирек 
бүршіктенген жасушалардан тұрады. Көбеюі тек жыныссыз жолмен, жекелеген немесе 
топтаса орналасқан конидий ұстағыштарда немесе пикнида деп аталатын арнайы 
түзілімдерде пайда болатын конидийлер арқылы жүреді. Топырақта аталған кластың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет