Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы


Микроорганизмдердің негізгі белгілерінің өзгергіштігі



Pdf көрінісі
бет10/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Микроорганизмдердің негізгі белгілерінің өзгергіштігі. Қоршаған ортаның әртүрлі 
факторларының әсерінен микроорганизмдерде уақытша немесе тұрақты түрде тұқым 
қуалайтын жаңа қасиеттер пайда болады. Мұндай әсерлердің нәтижесінде микробтардың 
өндіретін өнімдерінің көлемі ұлғаяды, олардың морфологиялық, өсінділік және басқа да 
қасиеттері өзгеріске ұшырайды, уыттылығы жоғалады, дәрі-дәрмектерге төзімділігі 
қалыптасады және т.б. қасиеттері пайда болады.
Морфологиялық және өсінділік қасиеттерінің өзгергіштігі. Микроорганизмдердің 
сыртқы пішіні мен көлемін температура, химиялық заттар, фагтар, антибиотиктер және 
басқа факторлар өзгеріске ұшырата алады. Мәселен, стрептомицин қосылған қоректік 
орталарда өсірілген сальмонеллалардың жасушалары ұзынырақ болып келеді. Бір қоректік 
ортада ұзақ уақыт бойы өсірілген микроорганизмдердің тіршілігі барысында жиналған 
өнімдердің әсерінен бактерияларда полиморфизм құбылысы пайда болады.
Өсінділік қасиеттерінің өзгеріске ұшырауының бірден бір түрі ол диссоциация 
феномені, яғни белгілі бір микробтың түрлі колонияларды қалыптастыруы: S-пішінді 
(smooth - тегіс); R-пішінді (rough - қатпарланған); SR-пішінді немесе ауыспалы, 
колониялардың тұрақсыз типі; M-пішінді (mucoid - кілегейлі); D-пішінді (dwarf
ергежейлі); L-пішінді – өте ұсақ, нәзік, колониялар. R-пішінді колонияларды 
қалыптастырған бактериялар агглютинабельдік қасиеттерін жоғалтып, бөлініп алынған 
өсінділерді идентификациялау жұмыстарына айтарлықтай қиындықтар туғызады. 
Патогенді микроорганизмдердің көпшілігі қалыпты жағдайда S-пішінді колонияларды 
қалыптастырады. 
Ферментативтік (биохимиялық) қасиеттерінің өзгергіштігі. Бактериялардың 
әрқайсысында түрлі қоректік заттарды ыдырата алатын ферменттердің жиынтықтары 
болады. Бактериялардың тіршілігі барысында ферменттерді синтездеуге жауапты 
гендердің барлықтары бірдей белсенділік көрсетпейді. Микробтардың геномында оларды 
белгілі бір ортаға бейімдейтін ферменттердің (адаптивті ферменттердің) түзілуіне жауапты 
гендер болады. Мысалы, құрамында лактозасы жоқ қоректік орталарда өсіп жатқан ішек 
таяқшалары лактазаны түзбейді, ал егер аталмыш көмірсуы бар орталарда өсірсек, олар бұл 
ферментті бөліп шығара бастайды. Адаптивті ферменттер микробтардың жаңа орта 
жағдайларында тіршілік етуі үшін бейімделуіне мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет