Дәстүрлі ұлттық музыкалық аспаптары



бет5/9
Дата06.01.2022
өлшемі34,64 Kb.
#11852
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дүңгір /дүңгірлек/. Қазақ халқында ықылым заманнан бері қарай жалғасып келіп бүгіндері бірен-саран сақталып қалған ұрма әуендік дәстүрлі аспабы. Дүңгірдің де бейнесі басқадай ұрма аспаптармен ұқсас. Әсіресе, даңғыра, кепшіктермен тектес. Алайда өзіндік өзгешеліктері бар. Даңғыраға ұқсаса жұқа «шөп терілерімен» қапталып, шеңбер дөңгелек ағашқа керілгенімен даңғырадай ішкі қабырғаларына «салпыншақтар», әртүрлі металдардан дыбыс берер темірлер ілгектеліп, бекітіліп ілінгенімен, дүңгірдің бет терісі жағынан емес, ішкі жағынан «қосу белгісіне» ұқсас ағаш тіреуіш қабырғаларын тірей қойылады. Мұның да өзіндік сыры бар, себебі «дүңгір» көбінде «бақсылық аспап» болғандықтан көне Түрік, тәңір діні бақсылық өнеріне сай «дүниенің төрт құбыласын» меңзеп тұрған бағыт болмақ. Дүңгірді «ұрмамен» ұрғанда, салпыншақтары қосылып нағыз дүңгірлеген әуен шығады. Бұл бақсы ойынына өте үрейлі әсер береді. Дүңгір кейбір топты аспаптарға «селт етпе» дыбыс қосатындықтан оркестрлерден де орын алса артықтық етпейді. Қазақ бақсылары дүңгірді көп қолданған. Содан да қазақта дыбысы күшті дүниелерді «дүңгірдей, даңғыр-дұңғыр, даңғыр-дүңгір, дүңгірлеген» десіп жатады. Дүңгір тектес аспаптар чуваштарда «қаңғыр», алтай, қалмақ, монғолдарда «дунгарга», қырғыз, туваларда «дүңгір», өзбектерде «дойра», ұйғырларда «дап» ретінде сақталған.

Дабыл - қазақ халқының соқпалы, ұрмалы музыкалық аспабы. Дабылдың дөңгелек шанағының бір бетіне жұқа дүңгірлек тері қапталады. Бүйіріне қайыс ілмек, бүлдіргі немесе ағаш тұтқа істеледі. Дабылды көшпелі өмір, тіршілік-тынысында, әртүрлі мақсаттарға пайдаланған. Бейбіт күндері аңшылық, құсбегілік, саят, серуен кездерінде аңды үркітіп шығару үшін және жаугершілік, соғыс уақыттарында әскерді жию, сапқа тұрғызу, қарсылас топтың үрейін ұшыруға, ойын-сауық, би өнері сияқты көптеген өмірлік қажеттілікке байланысты қолданған. Қазіргі кезде дабылдың жаңа түрін әртүрлі оркестр ойындарында пайдаланады.

Дабыл сөзінің түп тамыры, төркіні дауыл сөзіне ұқсас. Бұл мәселе жеке зерттеуді талап етеді. Дабыл аспабы – көшпелі түркі-монғол тайпаларына ортақ, бұл аспапты қырғыздар – дообұл, өзбектер – дауыл, татарлар – давул, әзербайжандар – тэбль, армяндар – доол, арабтар – табл деп атайды. Дабыл сөзін кейбір зерттеушілер арабтың табл сөзінен туындаған деген болжам да айтады. Біздіңше, бұл аспап көне түркі, ғұн дәуірінде қолданылғандықтан, көне түркілердің жел үнді, айбарлы деген сөзінен туындаған деп тұжырымдауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет