Дәстүрлі ұлттық музыкалық аспаптары



бет7/9
Дата06.01.2022
өлшемі34,64 Kb.
#11852
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәстүрлі ұлттық музыкалық аспаптары

Үрлемелі аспаптар.

Керней

  • «Мойнын ұзынша етіп, жезден жасалған үрлемелі музыкалық аспап» [ҚТТС., 4, 637 б.];

  • «Керней (кер – сап, сапта тұру мағынасындағы көне сөз) – үрлемелі музыкалық аспап. Түрі – жіңішке жез түтік іспеттес, ұзындығы 3 м., үні өте күшті, әсіресе төменгі дыбыстарды жақсы шығарады. Керней Орта Азия халықтарында, кейбір Шығыс елдерінде көп тараған, әсіресе әскери музыкалық аспап ретінде қарсы алған кезде тартылатын болған. Қазіргі кезде керней Өзбекстан мен Тәжікстанда салтанатқа шақыру ретінде тартылады» [ҚМТС., 61 б.];

  • «(кер – сап, сапта тұру мағынасындағы көне сөз, най сыбызғыға ұқсас ескі музыка аспабы) үрлемелі музыкалық аспап. Дыбыс шығаратын жағы қоңырауға ұқсас келген жіңішке жез түтік тектес, жалпы ұзындығы үш метр... Негізінен музыка аспабы ретінде (атой шақырушы, хабар беруші) Орта Азия мен Иранда кең тараған...» [ҚСЭ., 393 б.];

  • «Керней – мойнын ұзынша етіп, жезден жасалған үрлемелі музыкалық аспап, (кер – сап, сапта тұру мағынасындағы көне сөз, най сыбызғыға ұқсас ескі музыка аспабы) үрлемелі музыкалық аспап.

Сырнай.1) «Ауызбен үрлеп ойнайтын, қурайдан, ағаштан жасалатын музыкалық аспап»; «гармонь» [ҚТТС., 8, 504 б.]; 2) «Ерте заманнан келе жатқан қазақтың үрлемелі музыкалық аспаптары өзінің жасалған затына, құрылысына қарай – саз сырнай, қамыс сырнай, қос сырнай, мүйіз сырнай немесе сырнай деп бөлінеді. Сондықтан сырнай жоғарыдағы аталған музыкалық аспаптарына қолданылатын жалпы атау. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап қазақ арасына гармоника тарай бастайды. Ел ішінде гармонды «қағаз сырнай» немесе «сырнай» деп атап кеткен» [ҚТТС., 120 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет