Дәстүрлі ұлттық музыкалық аспаптары



бет4/9
Дата06.01.2022
өлшемі34,64 Kb.
#11852
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәстүрлі ұлттық музыкалық аспаптары

Құрама домбыра – шанағы бөлек-бөлек жасалған бөлшектерден құралып (желімделіп) жасалатын домбыра. Бүгінгі таңда құрама домбыраны сазгерлер классикалық шығармаларды орындауға, оркестрде пайдаланып жүр.

Үкілі домбыра – қас шебердің қолтумасы, бәсеке-жарыс, көрмелерде өзінің шешендігімен, дәулескер домбырашының шебер тартуымен үздік бағаланып, жүлде алған, сонысымен ел арасында атағы шыққан, иесін «тіл-көзден сақтасын!» - деп басына үкі тағып ұстайтын домбырасы.

Әмбебап домбыра – қазақы домбыралардың көне нұсқаларының бірі. Оның шанағы жұқа, шанақтың екі жағы бірдей қақпақ, бір жағының қақпағы ұрғашы қарағайдан жұқа етіп жасалады да, кіші жағындағы қақпағы түйенің шикі шап терісінен керіп жасалады. Домбыраның екі қапталына екі-екіден төрт шек тартылады, олар екі-екіден бекітілген төрт құлақ арқылы керіліп тұрады. Екі жағына бірдей тек салынады.

Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары дыбыс ерекшеліктеріне қарай былайша жіктеледі. Олар: соқпалы-шулы аспаптар, үрлемелі аспаптар, ыспалы-шертпелі аспаптар. Осы жіктелу тәртібін сақтай отырып төменде олардың сыртқы сипатына, аспап жасалатын затына, жасау әдіс-тәсілдеріне, қолданылатын құрал-саймандарына шолу жасаймыз.



Сақпан - қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Сақпанды сілкіп ойнайды. Бүгіндері сақпанның «жаңартылған» жетілген түрі фольклорлық ансамблдерде пайдаланылады. Сақпан - тарихи деректен, қазба тарихтардан, ел арасынан кездескенімен түбегейлі зерттелмеген аспап. Оның сырт бейнесі сүйір доғалы «жалауға» ұқсас. Оның тілі болады. Сақпанды ағаш, темір құрсаулардан істеп, әшекей құймалар құяды. Сақпанның сабына қарай істелген «тілі» сабына тіреліп тұрады да, сақпан сабын оңға қарай сілке айналдырғанда тілі кедіргектей босап дыбыс шығарады.

Сақпан сөзінің этимологиясы беймәлім. Алайда «сақ» етіп дыбыс шығаруы, қақпандай «қабуы» сөздерінен сақпан аталуы мүмкін. Қазақтың арасына тас салып ататын бауы бар былғары қаруы «сақпыны» үйіріп-үйіріп лақтыратын-дықтан сақпан аспабының да сілкіленіп үйірілген ұқсастығынан сақпанға ұқсас аталуы ықтимал. Бұл мәселе де зерттеуді қажет етеді. Осы бір көне жойылып бара жатқан аспапты қайтадан жаңғыртып, қазақтың рухани этномәдени қорына қосу қажет.



Дудыға. Дудығаны ерте замандарда сарбаз басылары мен жеке батырлар қолданған. Аспап туралы «дудыға қағып, сырнайын тартып» немесе «дудыға сілкіп қағайын, дұшпанға ойран салайын» деп келетін эпикалық жыр-дастандарда айтылады. Аспаптың жалпы тұрқы сегіз қырлы, күмбезді етіп жасалады. Жасалу әдіс-тәсілі күрделі болғандықтан да ел арасында сирек кездеседі. Аспаптың шанағы тұтасымен шала иленген теріден жасалады. Теріні ұстап тұратын ішіндегі кергіштері қатты ағаштан орнатылып, оған шағын сылдырмақтар немесе ұсақ қоңыраулар тағылады. Шанақ сыртына еменнен жасалған ұсақ жарғақ қаққыш сәлпеншектер орнатылады. Ертеде оның сыртын асыл тастармен безендіріп жасалатыны туралы ел арасында айтылады. Аспапты шайқап, ырғақтатып, сілкіп ойнайды. «... Аспап атауы батырлардың ду-ду еткен шайқасты көрінісі мен «ду-дуға қосылды» деген ұғымнан туындаған», - дейді халық ескілігінің білгірі

О. Қаймолда.Аспаптың белгілі зергер, қолөнер-шебері Д.Шоқпарұлы мен А. Хасенов 1981 жылы қалпына келтірілген жалғыз этнографиялық нұсқасы Халық аспаптар музейінде сақталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет