Дәстүрлі ұлттық музыкалық аспаптары



бет6/9
Дата06.01.2022
өлшемі34,64 Kb.
#11852
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәстүрлі ұлттық музыкалық аспаптары

Шыңдауыл - қазақ халқының дәстүрлі ұрма аспаптарының бір түрі. Ол дауылпазға ұқсас болғанымен аспап «сүйегі», «қазаншасы» дауылпаздағыдай ағаштан емес, асыл, жұқа темір, металдардан істелінеді. Шыңдауылдың беті жұқа терілермен керіліп, кептіріліп жасалады. Шыңдауылдың сырт құрылысы темірден істелгендіктен күшті, «шаңқылдап» темірдің дауысына ұқсас шығады. Шыңдауыл атауы сол «шаңқылдаған» темірдің дауысына сәйкес айтылуы мүмкін. Көне түркілер темірді кейде «шың» деп те атап келгені жайлы деректер бар.

Ертеде шыңдауылдарды хан сарайына сақтап қойған деген мәлімет баршылық. Әртүрлі дәстүрлі мәдени, саяси шараларға қолданған. Шыңдауыл сөзінің «нақтылы дауыл», «шыңқылды дауыл» тағы басқа сөздерге ұқсас келуі мүмкін. Шыңдауылды әскери істерде кеңінен қолданған. Шыңдауылдың кейбір бейнесі темір дулығаға ұқсас келеді. Шыңдауыл - көшпелі мәдениеттен туындаған қазақи аспап. «Шың» сөзі табиғаттағы асқар таулар, биік шыңдар, олардан үнемі жаңғырып «шың дауысы» шығып тұрады. Содан да «шыңдауыл» атанған деген де болжам бар.



Асатаяқ - қазақ халқының байырғы музыка аспабы. Асатаяқтың ежелгі аспап болуының себебі бақсылық өнердің пайда болуымен тығыз байланысты. Бақсылар, абыздар, ел аралаған диуаналар сияқты ерекше дараланған адамдар ұстайтын болған. Асатаяқты олар қылқобыз, даңғыралардың үнімен ұштастырып ойнайтын болған. Асатаяқтың түрі көп. Олар көбінде істелу сипатына қарай бөлінеді. Оларға: «Жалпақ басты», «Жылан басты», «Қалақша», «Күмбезді», «Сопақша», «Аша басты», «Ай басты» тағы басқаларды жатқызуға болады. Асатаяққа сылдырлатып үн шығару үшін әртүрлі темір тектес салпыншақ, шығыршық, сақина, дөңгелек, ұзынша сылдырмақтар тағылады.

Асатаяқты сілкіп, ырғақтатып, жоғары-төмен көтеріп «шайқап» ойнайды. Таяқтай жерге түйіп ойнайтындары да болады. Асатаяқты жасағанда өте берік, жеңіл, дыбысты ағаштарды пайдаланады. Оларға қайың, үйеңкі, емен, доланаларды көп пайдаланса, мұндай ағаш жоқ жерде, самырсын, қарағай, терек, талдан да істейді. Асатаяқты қазақ халқы «киелі аспап» деп құрметтеп, биік, таза жерге қояды. Кей жағдайларда халық емшілігіне де пайдаланады.

Асатаяқтың орташа ұзындығы 50-77 см аралығында болады, басқы жақ ұзындығы 27-29 см-ге жетеді. Ал, кейбір ертедегі бақсы, диуана, шейхтардың «асатаяқтары» кісі бойынан ұзын болған. Бұл атаудың мағынасы - қос таяқ. Аса - арабтың «таяқ» мағынасындағы сөз, диуананың қолына ұстайтын сырлы, сылдырмақты ағаш. Екінші сыңарындағы таяқ түркі тілдеріндегі таяқ мағынасын білдіреді. Сонда асатаяқ - қос таяқ атауы екі сөздің бірігуі арқылы жасалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет