Дәстүрлі ұлттық музыкалық аспаптары



бет3/9
Дата06.01.2022
өлшемі34,64 Kb.
#11852
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәстүрлі ұлттық музыкалық аспаптары

Күйшінің домбырасы – күй тартуға арналған, кең шанақты, мойны ұзын, пернесі көп шешен домбыра. Күйшінің домбырасы мен әншінің домбырасының бір-бірінен айырмашылығы бар деп саналады. Күйшінің домбырасы әдетте дыбыстау мүмкіншілігі күшті, оның бетіне, әдетте ою-өрнек салынбайды.

Әншінің домбырасы – дауысымен қатар сырт көрінісі сәнді, ою-өрнекті болып келеді. Оған шешен болу да міндетті емес. Әншінің өз дауысына сәйкес, ыңғайлы болғаны абзал.

Қауақ домбыра - форма жағынан ешқандай түрленбейді. Өзгеретіні тек шанақтың көлемі мен мойнының ұзындығы ғана.

Қалақ домбыра - өзінің сыртқы түрінің қалаққа ұқсас болғаннан кейін осылай аталған тәрізді.

Шаппа домбыра – домбыра шеберлерінің айтуына қарағанда, домбыраның бұл түрі шанағын тұтас ағаш кесіндісінен ішін ойып, шауып алып жасайды. Сырт тұлғасы Жетісу, Арқа домбыраларының стиліне келеді. Үні жатықтау, есесіне – қазақы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет