Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет98/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  деп  дарбаза  сыртына  сүйреп  шығарды.  Мұнда  келгесiн:  — 

Кет ендi. Осы масқаралығыңды ертең елге жаямыз. Одан кейiн 

“еркекпiн” деп айтып көршi.

 Шалпар намыссыз екен. Әлгi тiрлiктен кейiн өзi-ақ, болмаса 

Сүлейменмен  алысып  өлуi  керек  едi.  Өзiн  “тау  халқының 

арыстанымын” деп есептеген ер қуғанға кетпей, солай етер едi. 

Қарақшылар  арасындағы  заң  да  сондай.  Ал  Шалпар:

— Көремiн, ертең көремiн сендердi, — деп босана салысымен 

қараңғыға батып жоғалды.

Сүлеймен  мен  Пұсырманқұл  Шалпар  құрығасын,  дарбаза 

маңындағы үш жаралыны арбаға тиеп, шаһар ортасына апарып 

тастады. Үйге келсе, әйелдердiң әлi үрейлерi ұшып отыр екен.

—  Болды,  ендi  қорқатын  дәнеңе  жоқ.  Сен  бүгiннен  бастап 

мендiксiң.  Ертең  мақта  түтуге  бармай-ақ  қой.  Бiрер  ай  осында 

шыдай  тұралық.  Одан  әрi  көрермiз…  Жүдә  болмаса  елге  таяу 

жерге  барып  тұрармыз.  Шыршыққа  орнығып  алсақ,  тiптен 

жақсы,  —  деп  оны  Пұсырманқұлдың  ауласындағы  өзi  тұрып 

жатқан  тамға  жетектеп  кiргiздi.

 Дилданы жар еткен сол күнi әдетiнше сәскеге дейiн ұйықтаған. 

Дәл сол күнi түсте шаһар ортасындағы жұрттың сейiлi басталатын 

едi.  Жаңа  өкiмет  әрбiр  бiткен  еңбегiн  мейрамға  балап,  жұртты 

жиып мереке өткiзiп жататын. Мұндай мерекенi “сейiл” дейтiн. 

Сүлеймен сондай сейiлдерде күреске қатысып, кiр тас, дәу өгiз 

бен түйе көтерiп, көп пұл тауып қалушы едi. Бұл жолы сейiлде 

балуан күрестен де, тас пен түйе көтеруден де басқа бiр жарыс 

ұйымдастырғалы жатыр екен. Күнiге шаһардың қандай көшесiне 

қанша торғай қонып, қанша шымшық ұшып кетiп жататынына 

дейiн бiлетiн Пұсырманқұл әнеукүнi:

—  Қарашаның  жетiсiнде  жаңа  өкiмет  өз  күнi  мен  “сабан 

тойды”  һәм  мақталықтың  бiткенiне  арнап,  сейiл  жасайды  екен 

биыл тағы да. Палуан жарысында жаңадан бiр ойын ойналатын 

болыпты.  Жуандығы  адамдай  ағаштың  бiр  ұшын  жерге  терең 

етiп көмедi екен де, қазық болып қатып қалған жоғарғы ұшын 

шоқпармен, яки сол сияқты жуан ағашпен бiр ұрып құлатқанға, 

түйе балуаннан да көп пұл бередi екен. Ол ойынды да бiр ойнап 

көрсең болар едi, ә, — деген-дi.



202

Сүлеймен қарақшы

  Ұйқыдан  тұрғасын,  Дилданың  қолынан  шәй  iшiп  алып, 

Пұсырманқұл  екеуi  шаһар  ортасында  болатын  сейiлге  бармақ 

боп,  үйден  шықты.  Тамдары  бiр-бiрiмен  жапсарлас  соғылған 

Қоқанның тар көшелерiн аралап, Құсайын ата мешiтiнiң жанынан 

өте  бергенде,  мешiт  төбесiнен  адам  басынан  да  үлкен  бiр  тас 

дүңк етiп жерге түстi. Егер Сүлеймен тағы бiр жарты қадам алға 

басқанда тас мұның қақ төбесiн ойып түсер едi.

—  Ойбай,  абайла  Сүлеймен.  Мешiт  үстiнде  мұндай  тас 

жатушы ма едi. Саған бiреу әдейiлеп тастады-ау деймiн, — деп 

дауыстап  жiбердi  Пұсырманқұл.

— Ә-ә, атаңның көрiн… Кiм-ей, кiм-ей?! Расында, мынау бiр 

қаскөйдiң  iсi  ғой.  —  Абдыраған  Сүлеймен  биiктiгi  жетi-сегiз 

кiсiнiң бойындай келетiн мешiт төбесiне алақ-жұлақ қарады: — 

Жүршi,  мешiттiң  алдыңғы  жағына  барайық. 

 Екеуi ұзындығы қырық қадамдай мешiттi айналып, алдыңғы 

жағына  келдi.  Мешiт  жаңа  өкiметтiң  азық  сақтайтын  қоймасы 

едi. Есiк алдында төрт-бес кiсi жүр. 

—  Ет  өткiзуге  келдiңдер  ме,  жоқ  бiр  нәрсе  сатып  алуға 

келдiңдер  ме?  —  дедi  олардың  бiрi. 

 Бұлар жөнiн айтты. Бiрақ ешқайсысы мешiт үстiне шыққан 

адамды  көрмеген  болып  шықты.  Тiптi  Пұсырманқұл  алдыңғы 

дәлiздегi баспалдақ арқылы мешiт үстiне шығып та көрдi. Төбеде 

бөгде ешкiм жоқ.

  Содан  мешiт  төбесiнен  құлаған  үлкен  тастың  сырын 

түсiнбеген екеуi әрненi айтысып, орталыққа келдi. Мұнда халық 

көп  жиналыпты.  Бiрақ  әлi  сейiл  ойындары  да,  жарыстары  да 

басталмапты.  Орталықтың  қақ  ортасында  атам  заманнан  берi 

келе жатқан кiрпiштен өрiлiп жасалған әйдiк қорған бар. Қорған 

үстi  жазық.  Iлгерiде  хандар  осы  жерде  өлiм  жазасына  кескен 

адамдарды жұрттың көзiнше дарға асып, болмаса текеметке буып 

тұншықтырып  өлтiредi  екен.  Пұсырманқұл  айтады:  “Кеңестен 

бұрын  қайбiр  жылы  осында  қазақтан  шыққан  Мұстафа,  Нәзiр, 

Мұхаммеджан  дегендер  көсем  болып,  Түркiстан  өкiметiн 

құрған-ды.  Сонда  осы  қорған  басында  үшеуiнiң  де  жалындап 

сөйлегендерiн көрiп едiм. Қазiр олар қайда кеттi екен?” деп. Ол 

осында әр келген сайын қорған басына қарап тұрып, сол үш кiсiнi 



203



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет