Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет99/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   265
Сүлеймен қарақшы

еске алатын. Осы жылы да қорған үстiнде сейiл ұйымдастырып 

ары-берi  шапқылап  жүрген  кiсiлерге  қарап  тұрды  да:

—  Менiң  Мұстафа  туралы  тағы  бiрдеңе  айтайын  деген 

ойым бар едi. Бiрақ анау беттерiне қысқа пәренжi жамылған екi 

әйелге көңiлiм қайта-қайта ауа бередi. Жаңа өкiмет “пәренжiнi 

беттерiңнен лақтырыңдар” деп бiраздан берi зарлап келе жатса 

да, өзбек пен тәжiктiң көптеген егде қатындары оны әлi тастамай 

жүр.  Әй,  мен  айныған,  бiрдi  айтып,  бiрге  кетем.  Айтпағым  ол 

емес қой. Осы пәрәнжi жамылған екi қатын бiз қайда бұрылсақ 

та, соңымыздан бiр елi қалмай, мешiттен берi бiзге iлесiп келедi. 

Денелерiне  қарасаң,  әйелдер  емес  сияқты.  Ұзын  етектерiнен 

аяқтарына  не  кигендерiн  де  байқау  қиын.  Әйелдер  қолдарына 

қап  па,  себет  пе,  бiр  нәрсе  ұстап  жүрер  едi.  Ал  мына  екеуiнiң 

қолдары бос. Байқашы өзiң де, әне, анау бiзге қырын қарап тұрған 

пәренжiлiнi, — дедi арт жақты иегiмен нұсқап.

—  Расы,  бұрын  Қоқанда  мұндай  ұзын  бойлы  әйелдердi 

көрмейтiнмiн.  Әлде  бұлар  әйелше  киiнiп,  бiздi  аңдып  жүрген 

Шалпардың  адамдары  ма  екен?  Бiрақ  мұнысымен  не  айла 

қылмақ? 


— Не айла қыларын Құдайым бiлiп пе? Бiр анығы — түнгi 

оқиғадан  кейiн  Шалпардың  үнсiз  қалмасы  хақ.  Сақ  болайық.

— Күдiктi деп, пәренжi жамылған кiм көрiнгеннен үрке беремiз 

бе?  Зияндық  жасап  көрсiншi,  көптiң  көзiнше  қандарын  судай 

шашармын. Жүр, одан да күрес өтетiн жаққа барып, балуандар 

тiзiмiне тұрайық.

 Алаң ортасындағы қорғанның батыс жақ шетiндегi бұрышта 

сейiлдi  ұйымдастырушылар  күреске  қатысатындардың  есебiн 

алып жатқан. Екеуi сол жерге келiп, Сүлеймен тiзiмге жазылды.

—  Сен  биыл  тағы  келдiң  бе?  —  дедi  қағаз  жазып  отырған 

өзбек Сүлейменге жымиып. — Күресте жылда ұта бермей, бұл 

жолы  бiздiң  жiгiттерге  ұтыла  салсайшы.  Әйтпесе,  Қоқанда  ер 

тумағандай  болып  жүрмiз.

—  Бұлай  айтқанша,  өз  iштерiңнен  бұған  тең  келетiн  мықты 

жiгiттердi сайлап алуға ұмтылсаңдар неттi, — дедi Пұсырманқұл 

оған. 



204

Сүлеймен қарақшы

  Бiраз  уақыт  өткенде  балуандар  да  белгiлi  болды.  Олардың 

көбiсi  былтырғы  күреске  қатысқандар.  Ортадағы  қазы  кiмнiң 

кiммен күрсетiнiн балуандардың өздерiнен сұрастырып, жұптап 

шыққанда, Сүлейменге қарсы түсер ешкiм табылмады. Өйткенi 

бұдан  жығылып  қалатындарын  балуандардың  бәрi  бiледi. 

Сондықтан  мұнымен  күресуден  өздерi  бас  тартты.  Сөйтiп 

белдесуге  жұп  табылмаған  Сүлейменге  қазы:

— Сен онда бiрден түйе көтеруге қатысасың. Одан соң “қазық 

ұру” деген ойын бар. Соған да жазып қояйын сенi, — деп қағазын 

ала бергенде, топ iшiнен ұзын бойлы, тарамыс келген бiр таулық:

—  Мен  күресемiн  мұнымен.  Сендер,  қабандай-қабандай 

болып тұрған өңкей сужүрек немелер, осы қазаққа шаппай бәйге 

берiп тұрғандарыңа намыстанбайсыңдар ма? — деп қатар тұрған 

балуандарға  айқайлай,  алға  суырылып  шықты.

— Өй, әлiңе қарасайшы…

— Қоя берсейшi, жамбасы сынып, белi шойырылайын деген 

бiреу де…

—  Түрiне  қарамай,  жүректiсiн-ай  өзiнiң…  —  десiп  айнала 

тұрған  балуандар  күңк-күңк  етiстi.  Ал  құжынап  тұрған  халық: 

“Әп,  бәрекелдi”,  “Ойпырмай,  ер  екен  ғой  мынау”,  “Иә,  бәсе, 

бiзден батыр шықпайды деп кiм айтты сендерге?”, “Қазы, оған 

күреске  рұқсат  бер”,  —  деп  шуласты.

 Қазы әлгiнi жанына шақырып, әлдене жайында сұрады.

— Болды, шуламаңдар, түге. Келiсiмiн алдым. Бұл Сүлеймен 

екеуi ең соңғы жұп болып күреседi.

Балуандар  алдымен  түйе  көтерiстi.  Түйе  көтерiсу  деген 

қызық.  Бiр  жастан  бес  жасқа  дейiнгi  шөгерiлiп,  аяқтары  екi-

екiден  қосақталып  байланған  түйелердi  балуандар  иықтарына 

салып, жүз қадам жүрулерi керек. Әрине, әркiм шамасына қарай. 

Сүлеймен бес жасар түйенi көтерiп, жүз қадамдай жердi айналып 

шықты. Басқа балуандар үш жасар түйенi көтеруден аса алмады. 

Сүлеймен қазық ұрудан да алдына жан салмады. Сөйтiп, екi бас 

бәйгеге  тiгiлген  сексен  сомды  иелендi.  Кезек  күреске  келгенде 

жиырма шақты балуан күресiп болғанша, күн кешке таяды. Бiрақ 

жаяуы  бар,  аттылы-есектiлiсi  бар,  қызыққа  жиналған  қалың 

нөпiрдiң қатары селдiремедi. Ақыры Сүлеймен ортаға шығатын 



205



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет