Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет121/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   265
Сүлеймен қарақшы

салған  нанды  ары-берi  қаужағанымен,  тiстерi  оны  майдалай 

алмай,  әбден  қиналды.

—  Апа,  су  әкелiңiз.  Шалға  нанды  жiбiтiп  берейiк,  —  дедi 

Сүлеймен  оның  мұнысын  байқаған  соң.

— Шал екеумiздiң таңдайымыз нан дәмiнiң қандай болатынын 

ұмытқалы  қашан.  Құдай-ай,  жылан  жылғы  тақырда  да  бұлай 

ашықпаған  едiк.  Ендi  бүгiн  Тәңiрдiң  рахымымен  нан  беретiн 

бiреулер келiп, қайырым-садақа жасағысы келiп едi… Алла-ай, 

артынша  нандарын  қайта  тартып  алғандары  несi.  О,  жасаған, 

“көрешегiңдi  көрмей,  көрге  кiрмессiң”  деген.  Тәуiр  адам 

қалмаған ғой бұл күнде. Нан бередi де, оны қайта тартып алады. 

Бұл  қай  мазақтары.  “Су  әкел”  дей  ме?  Суды  сендер  сұратпай-

ақ iшiп жатырмыз ғой. Құдайға шүкiр, оны ешкiм тартып алған 

жоқ.  Жұтаған  iшек  пен  ұлыған  қарынға,  сазған  жүрекке  құры 

қара  су  талғажу  бола  алмайды  екен  бiрақ…  Әй,  осы,  мен  не 

сандалып кеттiм? Жаңа ғана қолыма бiр үзiм, аузыма бiр шайнам 

нан түскендей болып едi… Е, “су әкел” деп, қайта алып қойған 

екенсiңдер-ау. Алжи бастаппын. Атаңа нәлет қу аштық алжытты. 

Үйде су әкелетiн не табақ, не ожау жоқ. Белсендiлер бәрiн алып 

қойған. Баяғыда осы ауылға келiн болып түскенде артымнан қыз 

жиһазбен  бiрге  келген  жездi  табақ  бар-ды.  Қайбiр  жылы  соны 

ескiрдi деп, итаяқ қылғанбыз. Өкiмет малмен қоса, үй-мүлiктердi 

де  сыпырып  алғанда,  сол  итаяқ  табақты  құммен  ысып,  жуып-

тазалап, әрi қазан, әрi тостақ етiп жүрмiн. Уһ, сұраған суларыңды 

әкелейiн сонымен, — деп кемпiр әрдеңенi шатып-бұтып орнынан 

тұрды. 

— Мына жазған шынымен алжиын деген екен. Әлде аштықтан 

осындай күйге түскен бе?

— Иә, жорамалың оңды, Ажан. Мен де солай ойлап отырмын. 

Бiраз азық берiп, тезiрек есiн жиғызайықшы өзiнiң. Содан соң 

елдегi жағдайды бiз сұрамай-ақ айтар. 

Үйге қалтаңдап кемпiр кiрдi. Iлмиген арық қолдары су толы 

табақты  әзер  көтерiп  тұрғандай,  дiр-дiр  етедi.  Ендi  болмаса, 

оның суды төгiп алар халiн көрген Сүлеймен ұшып тұрып, оның 

қолынан  табақты  алды. 




250

Сүлеймен қарақшы

—  Апа,  ендi  отыра  берiңiз.  Бiз  сiздерге  қазiр  нан  жiбiтiп 

беремiз. 

—  Анау  шалға  берiңдершi.  Тума-тумысынан  тiрi  қалған 

жалғыз  —  осы.  Қазiрше  өлмей-ақ  қойсыншы… 

Аязбек жарты нанды суға турап салды да, тезiрек жiбiсiн деп 

үзiктердi саусақтарымен аударыстырды. Аз-кем отырыстан кейiн 

шал  мен  кемпiрдiң  ауыздарына  суы  сорғалаған  нан  үзiктерiн 

салып, жегiзе бастады. Бiрақ шал да, кемпiр де екi-үш үзiк нанды 

жұтқан  соң  ары  қарай  жеуге  шамалары  келмей,  сұлқ  жатып 

қалды.  Шалдың  маңдайынан  шып-шып  тер  шығып,  демалысы 

жиiлеп бара жатты. Мұны көрген Ажан:

— Жiгiттер-ау, мыналарға не болды? Өлтiрiп алған жоқпыз ба 

өздерiн? — дедi.

— Құдай сақтасын, өле қоймас. Көптен берi ашығып жүрген 

адам,  алғаш  ас  жегенде  осылай  әлсiреп  қалады.  Баяғыдағы 

“жылантақырда”  мұндайлардың  талайын  көрдiк.

— Мына шал неге iсiнiп кеткен?

—  Мұндайды  бұрын  көрмегенсiң  бе,  Ажан?  Жұт  жылдары 

ашыққан адамдар қатып, семiп емес, iсiнiп өледi. Өйткенi кез-

келген нәрсенi жей берген соң, кейбiр улы азықтар тамыр мен 

еттердi iсiндiрiп жiбередi. Сендердi қайдам, мен талай сойқанды 

басымнан өткерсем де, олар дәл мынадай болып, көңiлiме ауыр 

тиген жоқ едi.

Үйге  кiргелi  сөзге  араласпаған  Төрекелдi  осының  алдында 

ғана  далаға  шығып  кеткен.  Сүлейменнiң  әлгi  сөзiнен  соң  ол 

алқынып  кiрiп  келдi.

—  Мен  жаңа  далаға  шыққанда,  ауыл  басынан  екi  аттылы 

көрiнiп едi. Там айланып келсем, сол екеуi тура осы үйге таяп 

қалыпты. Бiрiнiң астында — бозғыл жорға ат. Екiншiсiнде дәу 

төбел.  Сiрә,  өкiметтiң  адамдары-ау. 

— Қай жақтан келе жатыр? Бiз келген жақтан ба?

— Жоқ. Шығыс жақтан. 

— Олар белсендiлер болуы әбден мүмкiн. Әйтпесе мынадай 

кезде  жәй  адам  бозғыл  жорға  мен  дәу  төбел  мiнуi  неғайбыл. 

Сыртқа  шықпай,  есiк  саңылауынан  аңди  тұрайық.  Анық  бiздi 

дiттеп  келген  болса,  олар  шақырмай-ақ  үйге  кiредi.



251



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет