Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет122/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   265
Сүлеймен қарақшы

 Бәрi тұра салып, тоқал тамның есiгiнен сыртқа сығалады. Әлгi 

екеу там алдындағы ағашта байлаулы тұрған аттарға жақындап 

келдi. 


— Ойпырмай, бәрi жарау айғырлар ғой. Мына бiр қарагердiң 

жөнi  бөлек  екен.  Тау  асып  келген  қарақшылар  емес  пе?  Бiрақ 

қарақшылар болса, өлiгi сасыған бұл үйге түсiп несi бар, — дедi 

бiрi. 


—  Сен  де  былжырап,  әрдеңенi  соғады  екенсiң.  Қандай 

қарақшы? Ұрылар ғой бұлар. Белдiң арғы жағындағы колхүздiң 

малын  мiнiп  келгендер  де.  Әйде,  кәне,  үйге  кiр!  Кiм  болса  да 

желкесiнен  сүйреп,  шығар  берi!  Итжеккенге  айдатып,  сорын 

қайнатайын,  —  деп  кiсiмсiнiп  сөйледi  боз  жорға  үстiндегiсi. 

—  Ойбай,  Тәке,  жалғыз  кiруге  қорқам.  Екеулеп  кiрейiкшi. 

Мынадай ат мiнiп келгендер, Құдай бiледi, осал адамдар болмас.

—  Сен  сужүректi  қашанғы  батылдыққа  үйретем.  Кеңестiң 

бiлдей  белсендiсi  болсаң  да,  өмiрi  көлеңкеңнен  қорқуды 

қоймайсың. Менен, сенен қорықпайтын жан бар ма, қазiр? Кiр 

деген  соң  кiр  үйге!

— Iшiм сезiп тұр, iште баскесерлер отырған сияқты.

—  О,  әкеңнiң  аузын…  қорқақ  неме.  Менiң  түрiм  түгiлi, 

артымның  желiн  естiгенде  кiрерге  көр  таппай  кететiн  мына 

жұрттың  арасынан  баскесер  шығады  дегенiң  қай  сандырағың? 

Тура  осы  сөзiң  үшiн  ертең  абақтыға  жаптырып  тастайын  ба?

—  Үйге  кiре  бергенде,  бiреуi  шап  берсе,  қайтемiн?  Аш 

адамдардан бәрiн күтуге болады. Өткен жолы өзiңiз болмағанда, 

екi кiсi менi жеп қоя жаздаған жоқ па едi. Мына үйде адамдар 

көп  сыңайлы.  Бiреуiмiз  қарауылдап,  бiреуiмiз  ауданнан  мiлиса 

шақырып  келейiк  те.

—  Өшiр  үнiңдi,  жетесiз  неме!  Қорықсаң,  жүр  менiмен!  Бұл 

жердiң  Құдайы  да,  мiлисасы  да  —  мен.  Тез  аттан  түсiп,  ер 

соңымнан! Бұл кiмнiң үйi едi? — деп боз жорғадағы жерге түсе 

салып,  қамшымен  етiгiн  сабалай,  үйге  қарай  жүрдi.

—  Кiмнiң  үйi  дейсiз  бе?  Ошандiкi  ғой.  Кеше  ғана  кемпiрiн 

көргем.  Әлi  тiрi  жүр  екен,  —  деп  анау  да  оның  соңынан  ердi.

  Келгендердiң  анық  белсендiлер  екенiн  бiлген  Сүлеймендер 

есiк  жанына  тығылып  тұра  қалды.  Iште  кiм  болса  да  қырып 

жiберердей болып кекiрейiп келген алдыңғысы оларды байқамай 

төрге озып кеттi. Iшкi бөлмеде жатқан шал мен кемпiрдi көрдi де:



252

Сүлеймен қарақшы

— Сабаш-ау, мына екi өлiмтiктен басқа ешкiм жоқ қой үйде, 

—  деп  артына  бұрыла  берiп,  есiк  босағасында  тұрған  төртеудi 

көрдi де, қолындағы қамшысын түсiрiп алды. 

— А-а-а, кiмсiңдер-ей? — дедi сосын дiрiлдей. Екiншi кiрген 

Сабаш жүгiрiп барып, оның артына тығылды. 

— Бiздi көре сап неге дiрiлдеп кеттiң? Далада тым батыр болып 

тұр едiң… Алдымен өзiң кiм екенiңдi айт, — деп Сүлеймен оған 

жақындады.

  Бойы  тоқал  тамның  төбесiне  сыймай,  еңкейiп  тұрған  алып 

денелi  Сүлеймен  өзiне  жақындап  келгенде,  анау  шынымен-ақ 

тiл-ауыздан айырылардай күйге түстi. Ал қолындағы мылтығын 

байқағанда  тiптi  есiнен  айырылып,  артында  тұрған  Сабашты 

астына  ала,  шалқасынан  құлады.

—  Аязбек,  екеуi  әдейi  талып  қалды-ау  деймiн.  Бiр-екi  рет 

тоқпақтап,  естерiн  жиғызшы.  Жо-жоқ,  өзiм-ақ  сөйлетейiн 

бұларды. 

Екi қолымен екеуiнiң желкесiнен көтерiп, сiлкiп-сiлкiп жiбердi. 

Темiрдей  қолдарда  қуыршақтай  сiлкiленген  екеуi  көздерiн  бiр 

ашып, бiр жұмып тұрды да, әзер тiлге келдi.

—  Мен,  мен,  осы  колхүздiң  бастығымын.  Атым  —  Тәңкi. 

Мынау  —  Сабаш.  Бұрынғы  ауылнай.  Қазiр  есепшi…  Сiздердi 

ұрылар екен деп… Жiберiңiзшi… Ойбай, желкем үзiлiп барады.

—  Ұрылар  болсақ  қайтпексiң?  Сендер,  бастық  пен  есепшi, 

екеуiңнiң  қарындарың  тоқ  екен-ә.  Мұнда  жұрт  неге  аштан 

қырылып  жатыр?

— Бiз кiнәлi емеспiз оған. Жоғарыдан, райкүмнан келгендер, 

бұлардың малдарын тартып алған…

— Олар тартып алып жатқанда сен неге елге болыспадың?

— Қайдан, қайдан. Атып тастайды олар…

— Атылудан қорқасың-ә, тағы. Ауылда адамдар бiрiн-бiрi жеп 

жатыр дегенi рас па?

— Рас, рас, — дедi Сабаш Тәңкi үндемей қалғанда. — Ондайды 

өз көзiмiзбен көрдiк.

—  Сен  адамдардың  бiрiн-бiрi  жегенiн  оғаш,  жан  сыздатар 

уақиға еместей, тым жайбарақат айтасың ғой, жүдә. Қараңдаршы, 

мына  кемпiр  мен  шал  тым  аш.  Жейтiн  ештеңелерi  жоқ.  Қазiр 

екеуiңдi  оларға  сойып  беремiз.

  Жаңа  ғана  тiлi  шыққан  Тәңкi  мен  Сабаш  осы  сөзден  кейiн 

одан  бетер  дiр-дiр  етiп,  Сүлейменнiң  аяғына  құлады.

— Ойбай, көке, бiздiң еш жазығымыз жоқ.



253



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет