Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет124/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Жорғаны  бiреуiмiз  мiнiп  алайық.  Төбелдi  соялық.  Етi  қоңды 

екен,  —  дедi  Сүлеймен.

 Төрекелдi одан ерiн алды да, төрт аяғы шырмап байлады. Одан 

соң оны гүрс еткiзiп, бiр-ақ өзi жықты. Бес қаруы сай қарақшылар 

әп-сәтте  төбелдiң  ту-талақайын  шығарып,  боршалап  тастады. 

Бұл  кезде  ауыл  жұрты  да  жиналып  қалды.  Бәрiнiң  өңдерi  пәс, 

жүдеу.  Жылқының  қып-қызыл  етiне  қарап,  жұтынып-жұтынып 

қояды.  Кейбiрi  “расымен  бiзге  ет  берер  ме  екен?”  дегендей, 

анадай жерде үрпиiсiп тұр. 

— Апа, ауылдың бар адамдары осы-ақ па? — дедi Сүлеймен 

жан-жақтағы он-он бес қаралы топқа қарап. 

— Е, осылардың қалғандарына шүкiр де. 

— Көбектiң үй iшiне бiреу-мiреу бар ма?

— Түгел қырылған.

— Қарағым, өзiң қай баласың? Жұрттан ерек тұлғаңа қарағанда 

датқа ауылдағы Мәменнiң баласы емеспiсiң? — дедi бiр iлмиген 

шал.


— Иә, иә, Сүлейменмiн ғой.

—  Апыр-ау,  жұрт  сенi  “қарақшы  болып  жүрiп,  өлiп  кеткен” 

деп жүрушi едi. Аман екенсiң ғой.

—  Аманмын.  Сiздерге  көмектесуге  келдiм.  Ал  ендi  қарап 

тұрмай,  еттен  көтергендерiңiзше  әрқайсыңыз  үйдi-үйлерiңiзге 

жеткiзiп алыңыздар. Бұл үшiн бiреу сiздердi жазалайтын болса, 

сазайын  өзiм  берем.  Алыңыздар,  қорықпаңыздар.  Ет  жеп,  әл 

жинаңыздар.

  Жиналғандар  тегiн  азыққа  тап  болғандарына  әлi  де 

сенiңкiремей  тұрғандай,  етке  жақындай  қоймады.

— Неғып қарап тұрсыздар?! Алыңыздар дедiм ғой!

 Бұл жолы бәрi етке жабыла кеттi. Тiптi бiреулерi шикi майды 

қомағайлана асай бастады.

—  Бұлай  жемеңiздер,  —  деп  айқайлады  Төрекелдi.  —  Үйге 

апарып,  қайнатып,  алдымен  сорпасын  iшiп,  содан  соң  еттi 

жеңiздер.  Әйтпесе,  көтере  алмай  құлап  қаласыздар. 

 Оның сөзiне ешқайсысы мән бермедi. Ет кiмнiң қолына қалай 

iлiнсе, солай көтерiп, үйдi-үйiне жүгiре жөнелiстi.




256

Сүлеймен қарақшы

—  Көмектесемiз  деп  осылардың  бiразының  ажалына  сеп 

болмасақ жарар едi, — дедi Төрекелдi олар тарағасын. — Осы 

мен, көптен берi аш жүрген адамның бiрден тоя тамақ жегенiнен 

қорқам.

— Құдай сақтасын. Өз жайларын өздерi де ойлайтын шығар, 

— дедi Аязбек.

— Әй, қайдам.

  Бәрiнен  бұрын  бұл  үйдiң  кемпiрi  қу  болып  шықты.  Мана 

жұртты  шақырып  жүрiп,  бiр  жерден  кiшкене  қазан  олжалап 

келiптi.

— Апа-ау, бұны қайдан алдыңыз? — дедi Ажан.

—  Өскенбайдың  шөбiнiң  астында  қарайып  көрiнiп  жатыр 

екен.  Өздерi  бастары  ауған  жаққа  кетiп  бара  жатып,  жасырып 

кеткен-ау,  шамасы.

—  Сен,  Ажан,  бұған  қазан  көтеруге  көмектес.  Ас-суын 

дайындас.  Ал  бiз  анау  белсендiлерден  жауап  алайық,  —  деп 

Сүлеймен арықтағы суға қолын жуып, iшке кiрдi. — Тәңкi, — 

дедi iшке кiрген соң, — Өкiмет жұрттан жиып алған малдарды 

қайда  ұстап  отыр?

—  Жалғандықтан  үстiңгi  жағындағы  пермеде  үш  жүзден 

аса сиыр, жүз шақты жылқы, үш  отар қой  бар. Ал  Тоғыстағы, 

Ленгiрдегi, Көксәйектегi мал қотандарында олардың есебi жоқ. 

Негiзi,  көп  малдарды  өкiмет  етке  өткiзiп  жiберген. 

— Сенiң жаңағы Жалғандықта деп айтып отырғаныңның бәрi 

Ордабек болыстың малынан кем ғой. Жұрттан тәркiленген басқа 

малдар қайда?

—  Кәмпiс  кезiнде  өкiмет  байлардың  малдарын  кедейлерге 

таратып  берген.  Кейiн  оларды  өздерi  тартып  алды  да,  бiразын 

осында  қалдырып,  бiразын  басқа  жаққа  айдап  кеткен. 

— Бiздiң ауылдың белсендiсi кiм?

— Сiздiкi қай ауыл?

— Датқа ауыл.

— А-а-а, сiз… Сүлеймен қарақшы… ой, Мәменнiң Сүлейменi 

емессiз бе?…

— Жұрт менi “қарақшы” деуiн әлi қоймаған ба? Мейлi, десе 

дей берсiн. Жаңағы сөзiме жауап бер тезiрек.



257



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет