Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет129/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Кiлттi кiмге берейiн. Әлде өзiмде бола берсiн бе? 

—  Атаңның  басы.  Әкел  берi!  —  деп  Сүлеймен  одан  кiлттi 

алды. — Аязбектiң жанындағы бос атқа мiн. Бiздi Ақайдардағы 

Құлтанның  үйiне  апарасың.  Бiз  онда  жеткенше  күн  де  батады. 

Қараңғылықты  пайдаланып,  үстiнен  басамыз.

— Ақайдар ауылы қазiр “Алғабас” деп аталады. Өкiмет солай 

ұйғарған, — дедi Тәңкi атқа мiнiп жатып.

— “Алғабас” бүгiн түнде Құлтан үшiн “Артқабас” болады. 

Бесеуi  Бадамды  кешiп  өтiп,  Зағамбар  тұсындағы  қырдан 

асқанша күн де батты. Тағы бiраз жүрiп, Ақайдар етегiндегi сайға 

жеткен  уақытта  Тәңкi  айтты:

— Сүке, Құлтанның есектей итi бар. Түн баласы бөтендi үй 

маңына  жолатпайды.

— Алдап нан берсек ше?

—  Наныңыз  түгiлi  етке  де  қарамайды.  Хайуанның  түрi  де 

жаман.  Жаяу  болсаң,  тура  мойныңа,  атта  болсаң,  тура  бетiңе 

секiрiп,  алып  түседi.  Оның  үстiне  Құлтан  наганын  басына 

жастанып  жатады.

— Ол кәпiрде наган бар ма?

— Болмай ше. Бүкiл Қазығұрт етегiндегi елдi бiр шыбықпен 

айдап отырған адам оңай деймiсiз.

— Үйiне жақындап барайық. Итiнiң де, өзiнiң де бiр мәнiсiн 

табармыз.  Күллi  халықты  ашықтырып  қойып,  иттерi  мен 

өздерiнiң  қарнын  тойдырып  жүрген  ондайлардың  аяқтарын 

аспаннан  келтiрiп,  тобаларынан  жаңылтпайынша,  мен  бәрiбiр 

тыныштық  таппан.

— Аттарды осында қалдырып, үйiне дейiн жаяу барғанымыз 

оңды  емес  пе?  —  дедi  Аязбек.  —  Есiк  алдында  алғыр  итi, 

жастығының астында наганы бар адамды айлакерлiкпен алмасақ, 

өзiмiзге  қауiп  төнiп  жүрер.

— Сонау Қоқан мен Алайда менi таппаған оқ пен ала алмаған 

жау,  ендi  өз  елiмде  өзiмдi  жайратар  деймiсiң.  Бұқпантайлап 

баратындай, қапелiмде бас салатындай, Құлтан деген кiм? Атақты 

қарақшы, қаһарлы құрбашы ма едi, тәйiрi. Тура осы атыммен тура 

есiгiнiң алдына шейiн барып, абалаған итiнiң де, дәусiнген өзiнiң 




266

Сүлеймен қарақшы

де өкпесiн суырып алмасам, несiне Сүлейменмiн?! Тайсақтамай, 

соңымнан жүре берiңдер!

  Iңiр  қараңғысында  бес  салтатты  тасырлата  ауыл  iшiне 

кiргенде, бейсауат жүрген бiр адамның сұлбасы көрiнбек түгiлi, 

арсылдап үрген иттiң де даусы шықпады. Адамды қойшы, қараңғы 

болысымен  үй-үйлерiне  тығылар.  Ал  иттерге  не  көрiнген? 

Әлде, бұл ауылдың иттерi де, адамдары секiлдi белсендiлерден 

ығып, үн шығармайтын болған ба? Жоқ, олар да егелерi сияқты 

аштықтан бұралып, дыбыс шығаруға әлдерi келмей, таса-тасада 

бұғып жатыр ма? Әйтеуiр түн құшағы бауырына алған ауыл iшi 

тым-тырыс.

— Құданың құдыретi, мына ауыл тура бiр мола сияқты ғой. 

Терезелерден  жалтыраған  от  та  көрiнбейдi.  Түгел  қырылып 

қалғаннан сау ма өздерi? Еш болмаса шәуiлдеген иттiң де даусы 

естiлмейдi.

— Бағана көрдiк қой, Сүлеймен. Ауылдардың күндiзгi сиқы 

анадай  болғанда,  түнгi  кейпi  қай  оңсын.  Мына  Тәңкiлер  бұл 

жердiң  тұрғыны  тұрмақ,  иттерiн  де  қаңғытып  жiберген-ау 

шамасы.


— Қойыңыз, Аяке, олай демеңiз. Бұл ауылға менiң түк қатысым 

жоқ, — деп мәймөңкеледi Тәңкi.

— Iлгерiде түнгi ауылдың итi үрiп, жылқысы кiсiнеп, бұзауы 

мөңiреп жатушы едi. “Ел ауып, жұрт тозды” деген осы ма, әлде? 

Аспан ашық, жұлдыз жарқырап тұрса да, ауыл үстiндегi тамұқтың 

төрiндей шусыз қапас тыныштық көңiлiме жайсыз тиiп тұрғанын 

қараңдаршы.  Елде  еңсе  көтерер  арда  азаматтың  шынымен  бiрi 

қалмағаны ма, — деп күрсiндi Сүлеймен. — Тәңкi, Құлтанның 

үйi осы маңда емес пе едi?

— Тура келе жатырмыз. Әне бiр алдымызда қараңдап көрiнген 

еңселi үй соныкi.

 Айнала қараңғы болса да, жан-жақтағы қамыспен жабылған 

шошала  үйлер  мен  тоқал  тамдарға  қарағанда,  шынында, 

Құлтанның үй-жайы еңселi көрiнедi-ақ екен. Бергi жақтағы екi 

терезесiнен де шамның жарығы көрiнедi. Бұлар сол үйге таяғанда 

алдарынан арсылдап, бiр ит шыға келдi. Тәңкi өтiрiк айтпапты. 

Иттiң дәулiгi бiр-екi жасар тайқарға жетеғабыл. Даусы да жуан. 



267



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет