Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет130/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Күрк-күрк етiп үрген күйi жүгiрiп келдi де, алдағы Сүлейменге 

атылды.  Сүлеймен  аяғын  үзеңгiден  шығарып,  иттi  бiр  тептi. 

Бiрақ тепкi оған тимедi. Ит тағы секiрiп атылғанда қарагер солға 

кiлт бұрылып айналды да, оны бiр тептi. Ат соққысы дүңк етiп 

қабырғасына  тидi.  Ит  аунап  түстi.  Артынша  қайта  тұра  келiп, 

қисаңдаған  қалпы  жанындағы  Тәңкiге  жармасты.  Тәңкiнiң 

астындағы ат үркiп, кейiн шегiндi. Ал ит ер үстiндегi Тәңкiнiң 

аяғына  жармасқан  күйде  айрылмай,  атпен  бiрге  сүйретiлдi.

— Ойбай, аяғым, аяғым. Мына пәле аяғымнан тiстеп алды. 

Тәңкi  бақырып,  иттiң  басын  қамшысымен  сабап  жатыр. 

Алайда  оның  сабауын  анау  ит  елең  қылмай,  аяғынан  айрылар 

емес.  Аттылар  оған  не  дауа  қыларын  бiлмей,  бiр  сәт  тұрысып 

қалысты.  Тәңкiнiң  жаны  көзiне  көрiнiп,  ат  үстiнде  тыпырлап, 

айқайын  одан  сайын  үдеттi.

—  Өй,  әкеңнiң…  —  деп  Сүлеймен  бiр  ақырды  да  жөңкiп 

келiп,  Тәңкiнiң  аяғына  жармасқан  иттiң  желкесiне  жармасты. 

Сол күйi иттi тартып алып, мойнын тақымына қысты. Ит тектi 

арланның  тұқымы  ма,  қыңқ  деп  дыбыс  шығармады.  Сүлеймен 

оны тақымына қысқан бойы есiк алдына дейiн сүйретiп барды. 

Осы  кезде  үйден  бiр  әйел,  артынан  денелi  бiр  еркек  шықты. 

— Ой, оңбаған, көргенсiз нәлетi. Менiң үйiмнiң алдына атпен 

ойқастап  келетiн  қайсың  бұл?!  Нәзия,  үйдегi  наганда  алып 

шықшы! Бiр атып, атын да, өзiн де жайратып тастайын, — деп 

ақырды  еркек.

 Оның анық Құлтан екенiн бiлген Сүлеймен тақымындағы иттi 

тастай салып, атынан секiрiп түстi. Есiк алдында тұрған еркек 

не болып жатқанын аңғарғанша, жанына жетiп барып, Құлтанды 

жағадан ала кеттi. 

— Өй, өй, кiмсiң-ей, сен?! Тоқта деймiн. Менiң кiм екенiмдi 

бiлесiң бе? Өй, атаңа нәлет! Тарт-әй, қолыңды! Түрмеде шiриiн 

деп  жүрген  бiреу  ме,  мынау,  —  деп  Сүлейменнiң  бiлектерiне 

жармасып,  өктемсiп  айқайлады.

— Әлi танымадың ба менi, сұмырай?

—  Ойбай,  Нәзия,  менi  “сұмырай”  дейдi-әй,  мынау.  Жүгiр, 

әкел  шапшаң  наганды!  Бойы  көк  тiреп  тұрған  албастының 




268

Сүлеймен қарақшы

маңдайынан бiр атып, сiлейте салайын. Қанша дәу болса да, оққа 

айла  табар  ма  екен.

—  Ойбай,  көтек,  Сүлеймен  ғой  бұл.  Мұны  өлдi  дегендерiң 

қайда? — деп әйел шар етiп, үйге зып бердi.

— А-а-а, шынымен Сүлейменбiсiң? Апырау, бауырым, аман-

есен  бармысың  өзi?  —  деп  Құлтан  дереу  даусын  жұмсарта, 

момақанси қалды. Бiр жағы қатты қорқып қалғаны да бiлiнгендей.

— Ойпырмай-ә. Қашаннан берi бауырым деп қалдың? Баяғыда 

менi түрмеге тыққаның есiңде ме? Сондағы қысастығың үшiн, 

қазiргi елге iстеп жатқан зорлығың үшiн кек алуға келдiм сенен.

—  Қой,  қой,  Сүке.  Ескi  нәрсенi  қозғап,  не  қыласың?  Одан 

да  үйге  кiрiп,  қонақ  бол.  Ә,  жаныңда  серiктерiң  бар  екен  ғой. 

Кiрiңдер бәрiң. Өй, мынау Тәңкi ме? Тәңкi, жiгiттердiң аттарын 

байласайшы,  —  деп  демнiң  арасында  басқаша  сөйледi.

— Үйiме кiргiзiп, жақсылап сыйлап жiберсем, құтыламын деп 

тұрсың ба, менен? Сен түлкiнiң мiнезiн бiлем мен. Сен айтпасаң 

да, бүгiн осында қонақ боламыз. Саған көресiнi ертең жұрттың 

көзiнше көрсетем.

  Сүлеймен  оның  жағасынан  жiбермеген  қалпы  үйiне  итерiп 

кiргiздi.  Үйi  екi-үш  бөлмелi,  кең,  әрi  жасаулы  екен.  Төрде  екi 

жерде үлкен орыс шырағы жанып тұр. Еденде қалың қалы кiлем. 

Қос-қос  көрпешелер  жаюлы  жатыр.

— Айналаңдағы жұрттың күйi — анау. Ал өзiң болыс үйiндей 

там  салып,  төбе  бидей  өмiр  сүресiң.  Осы  үй-мүйiңмен  қосып, 

өртеп жiберейiн бе?

— Қой, Сүке. Үйдiң мүлкi жақсы болса, ол өкiметтiң арқасы 

да. Жұрт маған ұқсап, жұмыс iстейдi деймiсiң. Осыдан да олар, 

жалқаулығынан деймiн де, күн көре алмай жүргендерi…

— Не оттап тұрсың?! Жұмыс iстеп, адалдығыңмен байығыш 

болсаң,  кешегi  Ордабектiң  кезiнде  неге  осындай  тұрмысқа 

қол  жеткiзе  алмадың?  Елдi  тонап,  атып-асып,  қорқытумен, 

бiреудiң  еңбегiн  пайдаланып  жинаған  дәулетiңдi  қалай  өкiмет 

пен  жұмыстың  арқасы  деп  айтып  тұрсың?  —  деп  Сүлеймен 

желкесiнен  қойып  қалды.



269



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет