Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет126/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   265
Сүлеймен қарақшы

жинаңдар. Ажан, сен бұларды қарауылдап жүр. Қит ететiн болса, 

екеуiн де атып тастай сал. Ал бiз перме жаққа барайық.

— Сонда не iстеймiз, Сүлеймен? — дедi Төрекелдi.

— Не iстейтiнiмiздi сұрамай-ақ ұқпайсың ба?

— Ә-ә, ендi түсiндiм.

— Түсiнсең, кеттiк. Ажан, белсендiлердi аттан түсiр де, ол атты 

жетегiңе  ал.  Мылтығыңнан  жұрт  қорқып  жүрмесiн.  Тақымыңа 

ма, қоржын астына ма, тығып ал. Тағы тапсырамын, мыналардан 

айырылып қалма.

—  Ой,  Сүке,  қашпаймыз  ешқайда.  “Елдi  жина  “дедiңiз  бе, 

мешiтке? Болды, жинаймыз, — деп Тәңкi жағымпаздана сөйлеп, 

аттан  түстi.

  Ажан  оларды  алдына  салып,  ауылға  кеттi.  Сүлеймендер 

қырға қарай бұрылды. Тәңкiнiң айтуынша, перме қыр үстiндегi 

қарауылтөбе  маңында.  Ол  жерде  бұрын  Дөңбай  байдың  тас 

қорасы болатын. Мал ұстауға ыңғайлы қора. Әрi ықтасын тұста. 

Жан-жағының  бәрi  жота  да,  бергi  еңiс  жағы  ғана  ашық,  тегiс. 

Қарауылтөбе  маңына  жақындағанда,  Сүлеймен  бүй  дедi:

— Алдымыздағы жотаны ассақ, тура перменiң үстiнен түсемiз. 

Қарауылдары мен малшыларына қандай хайла қыламыз? Бiздiң 

мақсат — олардың бәрiн сiлейтiп салып, малдарды айдап шығу.

—  Мiлисалары  болмаса,  бiзге  малшы  сорлылар  қарсылық 

көрсете  қоймас.  Мылтықты  аспанға  бiр  атсақ,  етпеттей  жата 

қалатындарына мен кепiл. Тек оған дейiн мiлисаның бiр амалын 

табу  керек,  —  дедi  Аязбек.

— Сендер жотадан асып келiңдер. Ал өзiм қораға ашық жақтан 

кiрейiн. Мiлисасы болса да, малшысы болса да қарсыласқанын 

ұрып-соғып, бiрдеңе қылармыз. Мылтық атып, бiреуiн жазатайым 

мерт қылып жүрмейiк.

— Жарайды, Сүлеймен. Өзiң де сақ болғайсың.

Үшеуi екi жаққа бөлiнiстi. Сүлеймен еңiске жеткенде, алдынан 

бiр отар қой көрiндi. Тас қораның бергi шетiндегi тегiсте екi адам 

арбамен  оларға  шөп  шашып  жүр.  Қораға  кiре  берiстегi  ашық 

алаңқайда  ұзын  шапан,  маңдайында  қызыл  жолағы  бар  сүйiр 

қалпақ киген бiреу мылтық асынып тұр. Қоқанның мiлисалары да 

осындай киiм киюшi едi. Сондықтан да Сүлеймен оның қарауыл 

мiлиса  екенiн  бiрден  таныды.  Таныды  да  “алдымен  осыны  бiр 

жақты етейiн” деп ойлады.



260

Сүлеймен қарақшы

  Денесi  алпамсадай,  астына  мiнген  аты  да  зор  Сүлейменнiң 

тегiн  адам  емес  екенiн  бiлгендей,  мiлиса  арқасына  iлiнген 

мылтығын  апыл-ғұпыл  қолына  оңтайлады:

— Кiмсiң-ей? Жөнiңдi айт. Әйтпесе басып саламын. 

Деуiн дегенмен Сүлейменнiң сұсты жүзiнен қорқып қалды ма, 

қолымен қоса мылтығы да дiрiлдеп кеттi.

— Ой, әкеңнiң… Бесiктен белiң шықпай жатып маған мылтық 

кезенуiн қара. Мылтық ұстауға лайық емес екенсiң.

 Мылтығын тартып ала берем дегенде, анау сасқалақтап тұрып 

шүрiппенi  басып  жiбермесi  бар  ма.  Гүрс  еткен  мылтық  даусы 

жер-дүниенi  кернеп  кеткендей  болды.  Оқыс  шыққан  дауыстан 

қарагер үркiп кетiп, Сүлеймен сусып жерге түсiп қала жаздады. 

Түсiп  те  қалар  ма  едi,  егер  бiр  қолымен  қарагердiң  жалына 

жармасып  қалмағанда.  Сөйте  тұрып,  бәрiбiр  ананың  қолынан 

мылтықты жұлып алып үлгердi. Не iстерiн бiлмеген мiлиса жiгiт 

қораға қарай қашты. Оның қылығына ашуланған Сүлеймен атын 

тебiнiп қалып, қуып кеп бердi. Анау ұзай алмады. Ә дегенде-ақ 

оған жеткен Сүлеймен оның желкесiнен ұстай алып, көтерiп ер 

алдына  бiр-ақ  өңгердi.

— Ойбай, көке! Өлтiрмеңiзшi, өлтiрмеңiзшi!

—  Менiң  кiм  екенiмдi  бiлмей  жатып,  неге  кезенесiң 

мылтықты-ә?!  —  Сүлеймен  оның  желкесiнен  бүрiп-бүрiп 

жiбергенде  мiлиса  баланың  жандаусы  шықты.  —  Сенен  басқа 

мiлиса  бар  ма  бұл  жерде?

— Бар, бар. Жаңа ғана ол түзге шығуға кеткен.

Осы кезде қораның арғы шетiнен шыға келген екiншi мiлиса 

оң жақтағы тамға қарай жанұшыра жүгiрiп бара жатты. Сүлеймен 

солай шапты. Жердi дүрсiлдете шауып келе жатқан қарагерден 

бұрын  тамға  жете  алмасын  бiлген  ол,  кейiн  бұрыла  сап,  киiз 

шапанының ұзын етегiне сүрiне, қораның екiншi шетiне жүгiрдi. 

Қораны айнала бергенде, алдынан Төрекелдi мен Аязбек шықты. 

Қолдарында мылтығы бар оларды көргенде, мiлиса сорлы кейiн 

шегiндi  де,  қораның  дуалына  сүйенiп,  жүрелей  отырды.  Оның 

жанына  тез  жеткен  барған  Сүлеймен  алдында  өңгерулi  жатқан 

мiлисаны сырғытып түсiрдi.

— Қайда қашып бара жатыр едiң сен?!



261



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет