Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет137/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Олар атса, бiз де атайық.

— Былай етелiк, — дедi Сүлеймен. — Анау қалың жиденiң 

ығына  барып  тұрайық  та,  аттарын  дәлдеп  атайық.  Аттарын 

жарақаттап болған соң тауға кетемiз. Әйтпесе бұлардың беттерi 

қайтпайтыны  хақ.

  Төртеуi  батыс  тұстағы  қалың  жидеге  шапты.  Мұны  көрген 

пәстегi  мiлисалар  да  бағыттарын  өзгертiп,  сол  бетке  бұрылды. 

Жиде  тасасына  ертерек  жеткен  қарақшылар  аттарын  ағашқа 

байлай сап, мiлисаларды нысанаға ала бастады. Олардың саны 

— оншақты. Алда есiк пен төрдей кертөбел мiнген бiреу. Бәрiнiң 

иықтарында  мылтық.  Сүлеймен  бұйырды:

— Арамызды жиырма-отыз қадамдай етiп, шеп құрып алайық. 

Сосын аттарды көздеп ата берiңдер. Алдағы кер-төбел — менiкi.

Сүлейменнен  басқалары  жүгiре  басып,  жан-жаққа  тарасты. 

Мiлисалар  елу  қадамдай  жақындап  қалған  кезде  Сүлеймен 

кертөбелдiң  қақ  шекесiнен  дәлдеп  тұрып  бiр  атты.  Ат  омақаса 

құлап, үстiндегi мiлиса жерге екi-үш аунап түстi. Осы замат ана 

жақтан  Ажандар  да  ата  бастады.

 Олар мiнген аттар бұрын мылтық даусына үйренбеген ашқұлақ 

болса  керек.  Үстерiндегi  иелерiне  бой  бермей,  тулап,  тебiне 

тоңқып,  шат-шәлекейлерi  шықты.  Осы  себептi  мiлисалардың 

алғашқыда мылтық атпақ түгiлi, қаруларын қолдарына алулары да 

мұң болды. Оның үстiне үстiн-үстiн атылған оқтан мiлисалардың 

өздерi де қорқып кеттi ме, аттарынан секiрiп-секiрiп түсiп, жерге 

жата-жата  қалысты.  Оқ  тимеген  жылқылары  Ленгiрдi  беттеп, 

беталды шапты. 

  Әлден  соң  ес  жиған  мiлисалар  өлген  аттардың  тасасына 

тығылып, Сүлеймендерге оқ жаудырды. Тұтасқан жиденiң селдiр 

бұтақтары арасынан зу-зу етiп өтiп жатқан оқтардан басқа аттар 

сескенбесе  де,  Тәңкiден  тартып  алған  бозжорға  тебiне  үркiп-

тулап, ақыры жiбiн үзiп, айдалаға құйғыта шауып кеттi. Ол да оқ 

дауысына  үйренбеген  жануар  да.

—  Қап,  бозжорғадан  айырылып  қалдық-ау,  ә,  —  дедi  Ажан 

жерге  бiр  түкiрiп.

— Қан майдан көрген бiздiң аттар сияқты деймiсiң оны? 




282

Сүлеймен қарақшы

Сен  амалдап  аттарды  ойға  қарай  түсiр.  Жазатайым  оқ  тиiп 

жүрмесiн,  —  деп  дауыстады  Сүлеймен. 

  Осыны  айтып,  аузын  жапқанша  болмады,  бергi  шеттегi 

байлаулы  қарагер  гүрс  етiп  жерге  құлады.  Құлағанмен  жануар 

жан-дәрмен  қайта  атып  тұрды.  Бiрақ  төрт  аяғына  iлiге  алмай, 

қайта жантайды. Дiр-дiр етiп, аяқтарын ары-берi төрт-бес мәрте 

сермедi  де,  тынши  қалды. 

— А-а-а! — деп бүкiл дүниенi басына көтере айқайлады мұны 

көрген Сүлеймен. — Қарагерiм, Қарагерiм! 

 Ол қарагерге жүгiре бергенде, оқ Төрекелдiнiң атын сұлатты.

—  Жат,  жат,  Сүлеймен!  Бұлар  аттарды  дәлдеп  ата  бастады. 

Кейiн қайтып, еңiске жет. Бiз қалған аттарды сонда жеткiземiз, 

—  дедi  Төрекелдi.

 Сүлеймен тыңдамады. Бар екпiнiмен алға жүгiре бердi. Жиде 

қанша қалың болғанымен жапырақсыз ғой, бергi бетi арғы бетiне 

жақсы  көрiнедi.  Сүлейменнiң  тұра  сап  жүгiргенiн  байқаған 

мiлисалар  ендi  аттарды  емес,  мұны  дәлдеп,  оқ  боратты.  Қара 

санның алдыңғы етiн жұлып әкеткен бiр оқ оны ақыры тоқтатты. 

Жүруге  шамасын  келтiрмей,  етпетiнен  түсiрдi.

— Аяқ… аяғыма оқ тидi.

  Аязбек  еңбектей  жылжып  келдi.  Шалбарының  сан  тұсын 

пышақпен  кесiп  көрдi.

— Қан қатты ағып жатыр. Әйтеуiр сүйегiң сау сияқты. Оқ еттi 

көбiрек жұлып әкетiптi.

—  Қап,  Құдайдың  ұрғаны-ай…  Қарагерге  оқ  тиген  соң  ет 

қызумен  жүгiре  берiппiн.

—  Ай,  мыналар  аттарды  шетiнен  қырып  бара  жатыр  ғой. 

Аязбектiң  атына  оқ  тидi  ендi,  —  деп  айқайлады  Ажан.

— Атқа мiнiп те үлгере алмадық-ау!

— Басымызға бұдан да қиын iс түскенде мұнша таусылмаушы 

едiк.  Анау  атты  әкелiңдер.  Сүлеймендi  артып,  тауға  таман 

жылжиық.

Алайда Аязбек ол атқа да жетiп үлгермедi. Жаңбырша жауған 

оқтың бiрi оны да тапты.

—  Бiздi  жаяу  қалдырып,  қаумалап  ұстаймыз  дей  ме  екен, 

иттер!  Ендi  өлiспей  берiспеймiз!  —  деп  ақырды  Аяз



283



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет