Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет139/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   265
Сүлеймен қарақшы

мылтықтарына iле жоғары көтерiп, қулыққа көштi. “Құралайды 

көзге атқан мерген” дейтiн Аязбектiң өзi бiр де бiр рет нысанаға 

дөп  тигiзе  алмай,  мүлт  кетiп  жатты.

Ақыры бұлардың оқтары таусылды. Мiлисалар сақтық жасап, 

ана  жерден,  мына  жерден  бiр  көрiнiп,  аңысын  аңдып  ұзақ 

торуылдады.  Соңында  қарақшылардың  шынымен  оқтарының 

бiткенiне  көздерi  жеткен  соң,  айнала  тұра  қалып,  бiр  мезгiлде 

атойлап  лап  қойды.  Өңкей  қарулы  мiлисаларға  қарақшылар 

қолма-қол төбелес те сала алмады. Олар келе сала әрқайсысына 

бес-алтаудан  жабыла  кетiп,  аяқ-қолдарын  байлап  тастады. 

Араларында  кешегi  Сабаш  бар.

— Осылар! Осылар ғой, колхоздың бар малын жұртқа таратқан. 

Осылар ғой, бiздiң зәремiздi ұшырып, аттарымызды тартып алған. 

Мәгәзiндi де елге тонатқан осылар! Уһ, қаны бұзылған бандылар! 

Кеңес өкiметiнiң тұзағынан құтылып кетем деп ойладыңдар ма?! 

Желкелерiңдi  үзiп  алар  өкiмет.  Әсiресе  мына  дәудi  аямаңдар! 

Бәрiн бастап жүрген — осы, — деп тақылдап сөйлеп жүр.

Мiлисалар өзара бiраз ақылдасып, қарақшылардың аяқтарын 

шешiп, Ленгiрге қарай айдады. Жарақаттанған Сүлеймендi атқа 

өңгерiп  алды.  Аса  бiр  қауiптi  бандыларды  қолға  түсiргендей 

масаттанған  мiлисалар  төртеуiн  қауқылдаса  айдап,  Ленгiрдегi 

мiлисахананың  алдына  келiп  бiр-ақ  тоқтады.

Мiлисахана  —  темiр  торлы  терезелерi  көп,  ұзын  там  екен. 

Есiк  алдында  бiрталай  мiлиса  тұр.  Айдап  келушiлердiң  бiреуi 

жүгiрiп барып, олардың бiрiне қолын шекесiне қоя, әлденелердi 

баяндады.  Оны  тыңдап  болған  әлгi:

—  Әрқайсысын  әр  камераға,  бiр-бiрлеп  қамаңдар.  Анау 

жаралысына фельдшер көмек көрсетсiн. Сотқа дейiн қансырап, 

өлiп  қап  жүрмесiн.  Төрт-бес  күн  ешқайсысына  ас  та,  су  да 

бермеңдер.  Жатсын  қаталып.  Өкiметке  қарсы  шығудың  қандай 

екенi саналарына сiңсiн. Ой, мынау бiреуi сұмдық дәу ғой! Адам 

ба өзi? Бұрын мұндай денелi адамды көрсем, көзiм шықсын. Әй, 

мейлi,  қама  апарып!  Арыстан  қанша  дәу  болғанымен,  ақымақ 

келедi.  Мұндайлардың  ой-өрiсi  он  жасар  баланың  есi  сияқты 

болады. Жанындағылар мұны алдап жұмсап жүрген ғой, — дедi.




286

Сүлеймен қарақшы

Қолы бос болса, Сүлеймен осы сөзi үшiн оның аузын айырып 

жiберер едi. Бұғаулы болып, мысы құрыды.

—  Қолым  бос  болғанда  көрер  едiм  әуселеңдi!  —  дедi  оған 

алара  қарап.

— Туһ, найсаптың түсiнiң суығын-ай! Ашуланса әзiрейiлдей 

болып кетедi екен, — дедi әлгi жүзiн төмен тайсақтатып.

  Ұзын  тамның  дәлiзi  де  ұзын  екен.  Коридорда  жағалай 

орналасқан  есiктердiң  бәрi  темiр  торлы.  Қарақшылардың 

әрқайсысын әр бөлек қамады. Сүлеймен кiрген камерада екi кiсi 

отыр. Олар мұны көрiп, ұшып тұрды. “Сүке, Сүке” деп жағдай 

сұрап, iшi-бауырына кiрiп барады. Сүлеймен оларды танымады. 

Осыны  сезгендей:

— Бiздi танымадың ба, Сүлеймен? — дедi бiреуi.

— Көрген адамдарым емес сияқтысыңдар.

—  Қосағаш  ауылынанбыз  ғой.  Баяғыда,  бала  кезде  Бадам 

жағасында сен Көбек екеуiң бiзбен төбелесiп, шетiмiзден аттан 

құлатып  кеткенсiң.

—  Одан  берi  қанша  заман  өттi.  Шынымды  айтсам,  онда 

кiмдермен  төбелескенiм  есiмде  қалмапты.

Үшеуi қайта танысып, өткен-кеткендi әңгiме қып отырғанда, 

камераға үш мiлиса және жәй киiнген бiр адам кiрдi. Жәй киiнгенi 

— доқтыр екен. Келе сала, Сүлейменнiң жарасын қарап, жуып, 

тазалап, дәрi жағып, таңып тастады.

— Сүйегi аман. Оқ қара санның етiн жұлып әкеткен. Екi күннiң 

бiрiнде дәрi жағып, жаңалап таңып тұрсақ, он бес-жиырма күнде 

жазылып кетедi.

Жарасын таңғанымен, Сүлейменге төрт күнге дейiн не су, не 

тамақ бермедi. Бесiншi күнi жауапқа алып барды. Жауап алған — 

сұп-сұр жүздi, қатқыл, жiңiшке келген татар. Өзiн “Шымкенттен 

келген  ОГПУ-дiң  қызметкерiмiн”  деп  таныстырды  да,  бiрден 

бастырмалатып, сұрақтың астына алды. Сұрағымен бiрге небiр 

жалаларды  жауып  жатыр.  Оның  айтуынша,  бұл  төрт  мiлисаны 

атып өлтiрiптi. Жалғандық пен “Алғабастағы” қойманы өртептi. 

Құлтан  мен  Тәңкiнiң  құлақтарын  кесiп  алыпты.  Қотандағы 

малдарды  қырыпты...




287



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет