Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет136/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   265
Сүлеймен қарақшы

қамшы  басқан  Сүлеймендер  аз  ғана  уақыттың  iшiнде  қотан 

қақпасына  таяды.  Қақпа  ұзын-ұзын  екi  терекпен  көлденең 

жабылып  қойылыпты.  Оның  жанындағы  тастан  қаланған  науа 

жанында  үш  жүздей  сиыр  тұр.  Сиырлардың  ар  жағындағы 

жағалай бастырмаларда бiрнеше жылқылар байлаулы. Ал майда 

ағашпен қоршалған қора iшiнде есепсiз қой-ешкiлер қамалыпты.

 Малшылар бұларды бiрден байқамады. Осы сәттi пайдаланып 

қалайын дегендей, Сүлеймен айтты:

— Аспанға бiрнеше рет оқ атып, үрейлерiн ұшырайық. Сөйтiп 

дереу-дереу малдарды тысқа қарай қуып шығайық.

  Ажан  “венчестерiн”  аспанға  қарата  басып-басып  қалды. 

Мылтықтың жан шошытарлық үнiнен қора iшiндегi жылқылар 

осқырынып, қойлар маңырап, адамдар шулап, демде азан-қазан 

болды.

— Ойбай, бандылар келiп қалды!



— Ойбай, қайда бiздiң сарбаздар?!

—  Кiмдер-ей  бұлар?  —  десiп,  кiреберiсте  тұрғандар  қатан 

шетiндегi  үйге  қарай  қашты.

  Сүлеймендер  үйге  лап  қойған  адамдардың  алдына  кесе-

көлденең  тұрды.

—  Сiздер  кiмсiздер?  —  дедi  ұзын  бойлы  бiр  малшы  аттың 

шылауына  жармасып.  —  Бiз  тек  малшылармыз  ғой.  Не  қыл 

дейсiздер? Не iсте дейсiздер? — деуден басқа сөз айтуға шамасы 

келмей,  тыпырлады  да  қалды.

— Мына малдардың бәрiн босат та, айда, жартысын Ленгiрге, 

жартысын Момынайға қарай. Бәрiн бiр-бiрлеп, өз қолдарыңмен 

жұртқа  таратып  бересiңдер.  Шығар,  анау  үйде  отырған 

басқаларды. Айтқанымды iстемесеңдер, шеттерiңнен жайратып 

саламыз.


 Сол-ақ екен, малшылардың бәрi сыртқа шығып, Сүлейменнiң 

айтқанын  iстеуге  кiрiстi.  Алдымен  сиырларды  шығарды,  одан 

соң қойларды босатты.

—  Әрқайсы  бiр-бiр  атқа  мiнiп  алыңдар!  —  деп  айқайлады 

Сүлеймен.  —  Малдарды  қатты,  қуа  айдаңдар!

  Ұсақ  мал  мен  жылқы  айдауға  оңай  көндi.  Ал  сиыр  жануар 

жайтабандау ғой. Мыңғырған мал қора шетiне шыққанда, қойлар 



280

Сүлеймен қарақшы

далаға қарай лап қойды. Талай уақыттан берi байланып, iштерi 

пысқан  жылқылар  да  ары-берi  шапқылап,  беталды  ойқастап 

кеп бердi. Сиырлар болса, марғау қалыптарынан жазбаған күйi 

танауларын  көкке  ерiне  көтерiп,  баяу  қимылдайды.  Жас  тана-

торпақтар  ғана  бiр-бiрiмен  сүзiсе  ойнақ  салды.

 Жетi-сегiз атқа мiнген малшылар “ендi не iстеймiз?” дегендей, 

жан-жаққа жайылған малдарға қарап, бiр жағы Сүлеймендерге 

жаутаң-жаутаң етiсiп, анадай жерде шоғырлана қалыпты.

— Ау, неғып онда иiрiлiп тұрсыңдар?! Үш-төртеуден бөлiнiп, 

айдаңдар қой мен жылқыны көрiнген ауылдарға қарай!

— Сиырларды айдамай ма сонда? 

—  Қойшы,  Төрекелдi,  табандап  қалғырлардың  жүдә  жүруi 

қиын, — дедi Сүлеймен қолын бiр сiлтеп. Сосын манағы ұзын 

бойлы малшыны шақырып алды: — Осы екпiндерiңмен қойларды 

қуалап, Момынайға жеткiз! Әр үйге екi-үш қойдан үлестiрiп бер! 

Мен осында қалып, сенiң не iстеп жатқаныңды бақылап тұрам.

—  Болды,  көке,  болды.  Айтқаныңызды  iстеймiз.  Ал  бiрақ 

өкiмет…

— Сендер сенiп жүрген өкiметтiң құлағанына екi күн болды. 

Қазiргi өкiмет — бiзбiз.. Әйдә, орында айтқанымды! 

 Малшы анда-санда жердегi қураған шөптен бiр тiстеп қойып, 

самал ығымен зуылдап, жан-жаққа бытырай жайылған қойларға 

қарай  серiктерiмен  шаба  жөнелдi.  Лезде  бытыраған  қойларды 

жиып,  Момынайға  түсетiн  ылдиға  бұрды.  Олардың  қойларды 

қуа  айдағаны  соншалық,  әп-сәтте  екi-үш  отарды  ауыл  арасына 

кiргiзiп те үлгердi.

— Әне бiр салтаттылар кiмдер? — дедi осы сәт Ленгiр жаққа 

мойнын бұрған Аязбек. — Жүрiстерi суыт. Ой, мыналар қарулы 

мiлисалар ғой. Сiрә, бiз жайында оларға бiреулер хабар берген-

ау.

 Бәрi солай жалт қарасты.



—  Екi  күннен  берi  елдiң  iшiнде  қылған  қылықтарымыз 

бұлардың  құлағына  тимей  қойсын  ба?  Қап,  әттең-ай,  аналар 

жұртқа  қойларды  таратып  үлгерер  ме  екен?

— Олар тарата берсiн. Бiз мiлисалардың жолын тосайық.

— Қалай тосамыз? Мiлисалар оқ ата бастаса ше?



281



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет