Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет135/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   265
Сүлеймен қарақшы

көше-көшелерiне айдап жiберейiк. Аштықтан тышқан терiп жеп 

жүрген  адамдар  оларды  өздерi-ақ  ұстап  алсын. 

 Бәрi аттарын ерттеп, ерге қонды.

—  Белсендiнiң  үйiндегi  жарма  жем  мен  шөпке  тойып, 

аттарымыз да қоңданып қалыпты. Жануарлар жем жемегелi қа-а-

шан, — дедi Аязбек атының жалын сипалап тұрып. — Аттарымыз 

да бiз сияқты. Бiрде тоқтыққа, бiрде аштыққа әбден үйренген. Ай, 

Ажан, кешеден берi боз жорғаға тақымың әбден үйренiп қалды 

ма? Өз атыңа мiнгiң келмей қалыпты ғой.

— Құдай қаласа, осы жорға өзiмдiкi бола ма деп жүрмiн.

— И-и-иа, — деп қинала айқайлады осы сәт Құлтан. — Бiздi 

шешiп кетсеңiздершi. Өлетiн болдық қой.

— Көке... көкелер, босатып кетiңiздершi, Құдай үшiн, — деп 

оған Тәңкi қосылды.

— Осындай күйде болсаңдар да, тiрi қалғандарыңа қуаныңдар. 

Өлтiрiп кетсек, қайтер едiңдер?

 Аяқтарынан асылып тұрса да, тiрi қалғандары үлкен қуаныш 

екенi ендi саналарына жеттi ме, әлгi сөзден кейiн екеуi де жым 

болды. Тек көздерiнен бырт-бырт аққан жастарын тыйған жоқ.

— Осы, Сүлеймен, бiз мына ауылдың адамдарының обалына 

қалып  бара  жатқан  жоқпыз  ба?  Байлаудан  босаған  соң  бұлар 

өздерiн сабаған бала-шаға мен қатын-қалашты қырып жүрмесiн.

— Иә, Ажан. Оның үстiне мiнiс атын да сойып бердiк, — деп 

оны қостай сөйледi Төрекелдi.

— Ол құртатын адамдардың бәрiн құртып болған. Ендi кәрi 

мен балаға тiзе батыра қоймас. Екi-үш күннен соң осында қайта 

соғамыз. Бiреуден шағым естiсем, тура басын кесiп кетемiн. Ой, 

жаңа осы жайын оған ескертiп кетпеппiн-ау.

—  Ленгiрге  дейiн  қанша  уақыт  жүремiз,  Сүлеймен?  —  деп 

сұрады  Төрекелдi.

— Әне, анау өркеш-өркеш екi жотадан ассақ болды. Ары кетсе, 

жарты сағатта Ленгiрдiң дәл төбесiнен түсемiз.

  Ленгiрге  төте  жолмен  тартқан  Сүлеймен  тобы  бесiн  ауа 

Момынай асуына iлiктi. Осы асудың етегiндегi өзен бойындағы 

сайдың екi жақ шетiне Ленгiр орналасқан. Осыдан он алты-он 

жетi жылдай бұрын орыстар осы Ленгiрдiң Көксәйек жағындағы 



278

Сүлеймен қарақшы

төбелер астынан көмiр қаза бастаған-ды. Сүлейменнiң естуiнше, 

оны “шахта” деп атайды екен. Шахта жұмысы әлi жүрiп жатыр 

ма, етектегi дәу жоталардың табанына үлкен-үлкен төбе болып 

үйiлген  қап-қара  көмiр  қалдықтары  сiресе  қалыпты.  Қала 

да  бұрынғыдай  емес.  Шет-шетiне  үйлер  қосылып  үлкейген. 

Ирелеңдеген  қисық  көшелерде  машиналар  пайда  болыпты. 

Шымқаладан  келетiн  темiр  жолдың  үстiнде  бiрнеше  вагонды 

пойыздар  қара  түтiндерiн  будақтатып,  ерсiлi-қарсылы  жүр.

— Мен көргенде Ленгiрде пойыз жол жоқ едi. Қашан салып 

үлгерген  десеңшi.  Қала  халқы  ауылдардағы  сияқты  аш  емес-

ау, тегi. Бiрақ қалалықтардың да құрсақтары қайбiр тоқ дейсiң. 

Анау  қоршаулы  қотандағы  малдарды  шығарып,  жартысын 

қалаға, жартысын Момынай мен жоғары Қапалдарға қарай айдап 

жiберемiз, — дедi Ленгiрдiң Алатау жақ бетiндегi төбенiң үстiнде 

тұрған  Сүлеймен.

— Тәңкi айтқан аудандық мiлиса осы жерде ме? — дедi Аязбек.

— Аудан орталығы он шақырымдай жердегi Көксәйекте. Оны 

“Кеөргiп” деп атап алыпты ғой қазiр.

—  Жаңа  өзiң  қала  деп  атаған  мынау  Ленгiрiң  шынында  да 

үлкен  екен.  Сонысына  қарағанда,  мұнда  да  бiр  шоғыр  мiлиса 

әтрәдi  болуы  керек.  Қотанды  шабуылдап  болған  соң  сол 

мiлисахананы  тарпа  бас  салайық  та,  әтрәдтi  қарусыздандырып 

тастайық.  Әйтпесе  түбi  олар  соңымызға  түсуi  мүмкiн.

— Кеше қашып кеткен бiр малшы бiз жайлы ендiгi бiраз жерге 

хабар  таратып  та  үлгерген  шығар.  Қай  жерге  шабуыл  жасасақ 

та,  бұдан  былай  шалт  қимылдап  әрекет  етейiк  те,  дереу  орын 

ауыстырып  тұрайық.

—  Олай  болса,  уақытты  текке  өткiзбей,  қимылдайық. 

Кешегiдей  қотанға  екi  жақтан  бөлiнiп  жақындайық.  Ажан,  сен 

менiмен жүр. Төрекелдi мен Аязбек бiрге жүрсе үнемi жолдары 

болады.  Бiз  қотан  iшiне  бiрiншi  кiремiз.  Сендер  арт  жағынан 

келiңдер.  Қарсыласатындар  табылса,  аспанға  мылтық  атып, 

үрейлендiрейiк.  Шектен  шыққан  қаһармандар  болса,  оны  да 

көремiз.

 Төбенiң үстi жазық. Күнгей жағы егiстiк дала да, Момынайға 

құлар  қия  ойпатта  аумағы  ат  шаптырым  қотан  тұр.  Аттарына 



279



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет