Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет144/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Уай,  уай,  уай.  Ол  бүкiл  Семиречьенi  шулатып  жүрген 

баскесер.  Өкiметiңе,  партияңа  пысқырмайды  да.  Одан 

мiлисалардың  өздерi  қорқады.  Нағыз  бас  алғыш.  Бiрақ  ол 

Сүлеймен сияқты дәу емес. Но өте шапшаң. Қолдары темiрдей. 

Бiр  атылса,  кез  келген  дәудiң  алқымын  жұлып  түсiредi.

— Қазақ па өзi?

— Ұйғыр.


— Өздерiң осынша дәу бола тұра, одан қорқасыңдар ма?

—  Осман  дәу  болмаса  да  сондай  құдiреттi  адам.  Одан 

сескенбейтiн атаман жоқ. Бiр жолы сегiз адамды жалғыз-өзi-ақ 

бауыздап  кеткен.

—  Е,  Құдай,  сондай  жауыздардан  өзiң  сақтай  гөр,  —  деп 

күрсiндi  шетте  отырған  бiр  қазақ.

— Атаңа нәлет өкiмет-ай! Бiр тоқтыға бола менi жетi жылға 

кесiп... О, Алла-ай, қандай ортаға тап болдық десейшi, — деп аһ 

ұрды екiншiсi.

 Осман туралы орыс айтқан әңгiменiң өзi-ақ олардың үрейiн 

ұшырып  жiбергендей.  Осыған  iштей  намыстанды  ма,  Аязбек 

сөйледi:


— Ой, бауырлар-ай! Түрiн көрмей жатып, әлдекiмнiң атынан 

үрейленiп  не  көрiндi  сонша  сендерге?  Нағыз  сужүректiң  өзi 

екенсiңдер де. Одан өткен қарақшылар орталарыңда келе жатыр 

ғой.  Мына  Сүлейменнiң  өткен  тарихын  айтсам,  жүректерiң 

бiрден  тоқтап  қалатын  шығар.

— Е, қайтемiз ендi. Бұрын-соңды адам өлтiргiш кiсiлердi кiм 

көрiптi. Осы бауырымыздың ортамызда болғанына да шүкiр, — 

деп мiңгiрледi аһ ұрған қазақ.

Бұдан  кейiн  ешкiм  сөйлемедi.  Далада  қараңғы  түсе 

бастады.  Вагон  iшi  де  алакеуiм  тартты.  Пойыз  тау  етегiн  ала 

тақылдап,  шабан  жүрiсiн  үдетер  емес.  Аздан  соң  айналаны 

көрдей  қараңғылық  тұмшалады.  Вагон  iшiндегi  тыныштықты 

орыстардың  бағанағы  Сүлейменнен  алған  соққыдан  қиналып, 

анда-санда  ыңырси  шығарған  дауыстары  ғана  бұзып  келедi. 

Бiр-бiрiне жақындаса, тығылысып отырған Сүлеймендер қалғи 

бастады.  Бiр  кезде  Төрекелдi  айтты:

—  Бiз  еш  қауiпсiз  қалғып  келемiз.  Мынадай  қараңғылықта 

аналар  бiлдiрмей  келiп,  шетiмiзден  бауыздап  жүрмесiн.  Бағана 

Сүлейменге  “атаман  болдың”  дегенi  де  жәй  алдау  болмасын.



296

Сүлеймен қарақшы

—  Бауыздай  қоятын  қоныштарында  қанжарлары  дайын 

деймiсiң.

— Кiм бiледi, Сүлеймен. Бiр ұйықтасаң үстiңнен арба өтсе де 

бiлмей ұйықтайсың. Шын қастық ойлаған адамға бiреуге ажал 

құштырудың амалы көп емес пе?

— Онда құс ұйқылы Аязбек бәрiмiзге қарауыл болсын. Есiттiң 

бе, Аязбек? Жан-жақтың ау-жайын байқап отыр...

— Жарайды, Сүке. Вагон тақылынан естiмей қалмасам, әудем 

жердегi  құс  қанатының  сусылын  құлағым  шалушы  едi.  Мен 

бiлсем, бұлар ендi тырп ете алмайды.

—  Тағы  бiрдеңенi  шығаратын  болса,  жұлындарын  жұлып, 

миларын  шашып  тастаймын.

Бiр  айдан  аса  уақыттан  берi  қапас  өмiрге  көндiге  бастаған 

Сүлеймен,  ештеңе  айтпай,  беймарал  ұйқыға  кiрiстi.  Ертеректе 

қыр  мен  сайдың  төсiнде  бауырына  тоқым  жайып,  басына  ер 

қоя  салып,  ұйықтап  жүрген  жан  емес  пе.  Сондай  шыңдаудан 

өтiп,  бөрi  мен  қырандай  тағы  өмiр  сүрiп  үйренген  оған  вагон 

iшiнде қабырғаға арқа сүйеп, аяғын жаза отырып ұйықтау мамық 

төсектен кем соқпады. Осылай отырып-ақ ұзақ ұйықтады. Ешкiм 

оятпады.  Бiр  кезде  көзiн  ашып  қалса,  вагон  iшi  жап-жарық. 

Пойыз  тоқтап  тұр.  Айналадағылардың  бiразы  әлi  ұйықтап,  ал 

бiреулерi өзара күбiрлесiп, жәй сөйлесiп отыр. Кешегi қазақша 

бiлгiш  орыс  мұның  оянғанын  көрдi:

— Қалай, атаман? Жақсы демалдың ба? Мiне, кешегi айтқан 

Шамалғанға да келiп тұрмыз. Осы жерде үстiмiзге тағы бiреулердi 

кiргiзбесе болғаны.

Сүлеймен  оның  жанындағы  серiктерiне  қараса,  кешегi  өзi 

ұрған  орыстардың  бет-аузынан  түк  жоқ.  Мұның  басы  тиген 

әне  бiреуiнiң  жалпақ  бетiне  бет  қосылып  кеткендей,  мұрны 

мен  көздерi  iсiктен  көрiнбейдi.  Бiреуiнiң  қастары  айырылып 

кеткен бе, көзiнiң үстiнде кiшкене-кiшкене алмадай екi iсiк iлiне 

қалыпты.  Үшiншiсiнiң  ернiнiң  домбығып  кеткенi  соншалық, 

мұрын астына үлкен басты айғырдың аузын тiгiп қойған секiлдi. 

Ал  дәу  орыстың  ұзын  шаштарының  ұштары  мен  жағасына 

қатқан қан iрi-iрi жара сияқты, көзге қораш көрiнедi. Өзi басын 

қос қолдап сығып, қиналып отыр. Соққыдан миы шайқалған-ау 



297



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет