Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет143/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   265
Сүлеймен қарақшы

  Серiктерiнiң  жанына  жақындаған  дәу  етпеттей  жатқаннан 

көпке  дейiн  қимылдамады.  Аналар  оны  көтерiп,  жарақатын 

сүртiсiп, көмектесуге ұмтыла қоймады. Әрқайсысы өз денелерiне 

тиген соққыларды ауырсына ыңыранысты. Ал қазақтардың бәрi 

“өздерiне  осы  керек”  дегендей,  оларға  кекесiнмен  қарап  отыр. 

Әлден соң дәу қимылға келiп, әзер дегенде вагонға арқа сүйедi 

де  жанындағы  төбелеске  араласпаған  сау  серiгiне  Сүлеймендi 

иегiмен  нұсқап,  әлдене  айтты.  Онысы  басын  изеп,  қазақтарға 

қарады.  Қазақша  жетiк  бiледi  екен:

— Туысқан, сiздiң атыңыз кiм болады?

— Оның саған не қажетi бар?

—  Сұрауымның  себебi,  бiздiң  Аркаша  атаманымыз  “Бұдан 

былай  осы  вагонға  сiздi  атамандық  қылсын”  дейдi.  “Мен 

жеңiлдiм”  дейдi.

— Жеңгеннiң бәрi атаман бола беру керек пе? Вагонда оның 

керегi не? Маған тиiспесе, мен ешкiмге тимеймiн.

—  Жоқ,  сiз  түсiнбедiңiз.  Сiздер  бұрын  түрмеге  түсiп 

көрмегенсiздер.  Ал  Аркаша  атаман  сонау  патшаның  кезiнде 

де  екi-үш  рет  түрмеде  отырған.  Бiздiң  бәрiмiз  де  отырғанбыз. 

Сондықтан  түрменiң,  лагерьдiң  жағдайын  жақсы  бiлемiз. 

Түрме  мен  лагерьдiң  өз  заңы  бар.  Мұнда  өңкей  бұзықтар 

жиналғандықтан...

— Әй, қоя тұр бұзықтарыңды... Ләгiр дегенiң не пәле?

—  Лагерь  деп  сотталғандар  жататын  жердi  айтады.  Онда 

бiздi жұмысқа салады. Уақтылы жатқызып, уақтылы тұрғызады. 

Тамағы жартымсыз. Қит етiп, артық тiрлiк iстей алмайсың. Онда 

жағдай  өте  қиын.  Әлi  жеткендер  әлсiздердi  түтiп  жеп  қоюы 

мүмкiн. Сотталғандар бәрi бiр жерде өмiр сүргендiктен олардың 

арасында  небiр  қилы  оқиғалар  болады.  Осыған  байланысты 

лагерьдегi тұтқындардың өзара талас-тартысын реттеп отыратын 

бiр адам керек. Оны бұрындары “атаман” деушi едi, қазiр “пахан” 

дейдi. Пахан өте күштi, әрi ақылды болуы керек. Ендi түсiндiң бе, 

атаманның не екенiн? Аркаша бұрындары барлық жерде атаман 

болып келген. Ендi жасы қырық беске келiп қалды. “Сенi менен 

күштi  екен,  ендi  атаман  сол  болсын”  дедi.  Аркаша  айтқандай, 

бүгiннен  бастап  бәрiмiз  лагерь-зонаға  жеткенше  вагондағы 



294

Сүлеймен қарақшы

атаман  —  сенсiң.  Қарап  тұрсақ,  мына  қазақтардың  iшiнде  де 

сенен мықты жоқ сияқты. Ендi сен не айтсаң да, бiз үшiн — заң.

—  Сонда  қалай?  —  дедi  ананың  әңгiмесiнiң  астарын  толық 

ұқпаған  Сүлеймен,  —  атамансыз-ақ  бәрiмiз  тату-тәттi  қарым-

қатынас  жасап,  жететiн  жерiмiзге  дейiн  тыныш  барсақ  болмай 

ма?

— Атыңды кiм дедiң жаңа? Сулейман дедiң бе? Вот, Сулейман, 



слушай ендi менi...

— Қазақшаға судай ағып тұрып, менi Сулейман дегенiң не? 

Сүлеймен  десейшi.

—  Ә,  Сүлеймен  дейсiң  бе?  Онда  тыңда,  Сүлеймен.  Бiздi 

Сiбiрдiң қай жерiне апаратыны белгiсiз. Жолда қанша жүремiз, 

еще  неизвестно.  Осы  отырған  бәрiмiздi  бiр  қалаға,  не  бiр 

зонаға  апармасы  анық.  Бiразiмiздi  жол-жолдағы  түрмелерге 

тастап  кетуi  де  мүмкiн.  Ал  олардың  орнына  жолай  басқа 

сотталғандарды мiнгiзедi. Ондайлардың арасында да настоящий 

головорездер  болады.  Олар  вагонға  кiре  сала,  бәрiмiздi  бiрден 

билеп, нанымызды, киiмдерiмiздi тартып алмаққа әрекеттенедi. 

Сондайда  оларға  қарсы  тұра  алатын  достойный  мужик  керек. 

Әйтпесе  ол  бұзақылар  бiзге  күн  бермейдi.

— Ондай бұзықтарға бәрiмiз бiрдей қарсы тұрсақ ше? — дедi 

Төрекелдi.

—  Баланың  сөзiн  айтпа.  Сүлеймен  болмағанда,  Аркашаға 

бiреуiң  қарсы  тұра  алмайтын  едiңдер  ғой.  Ал  Аркаша  сияқты 

қанша атамандар бар. Зонада, то есть лагерьде оңдайлардың әлi 

талайын көресiңдер. Тiптi лагерьге дейiн де көрулерiң мүмкiн. 

Естуiмiзше,  Шамалғанда  Осман  конокрад  сотын  күтiп  жатыр 

екен.  Егер  оны  осы  вагонға  тығатын  болса,  ай,  бiлмеймiн, 

бәрiмiзге конец болатын шығар. Аркаша, жоқ, бiз бәрiмiз де сол 

Османмен  бiр  вагон,  бiр  зонаға  түспесек  екен  деп  тiлеп  едiк. 

Осман  конокрадты  есiтiп  пе  едiңдер?

— Конокрад дегенi не екен? — дедi Сүлеймен жанындағы бiр 

қазаққа бұрылып.

— Атақты ұры мен барымташыны бұлар солай атайды, — дедi 

ол.  Сосын  орысқа  қарады:  —  Ай,  мұжық,  Осман  дегенiң  тiптi 

мықты адам ба?



295



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет