Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет142/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   265
Сүлеймен қарақшы

жiгiттiң  екi  алақаны  жаба  алмастай.  Ауызы,  танауы,  Құдай 

салмасын, кiшi-гiрiм тананыкiндей. Бойы да көк тiреп тұр.

— Кел берi! — дедi ол саусағымен белгi жасап. — Желкеңдi 

үзiп  тастайын.

  Сүлеймен  де  шекпенiн  сыпырып,  ортаға  шықты.  Вагон 

iшi  тым-тырыс.  Екi  алыптың  қайсысы  жеңер  екен  дегендей, 

жұрттың  көзi  ортаға  қадалған.  Құтырынып,  аласұрған  орыс 

алғаш  соққы  жасады.  Соққы  дарымады.  Сүлеймен  еңкейiп 

қалған. Орыс өз екпiнiмен өзi теңселiп, айналып кеттi. Ол қайта 

түзелемiн  дегенше,  Сүлеймен  қақ  желкеден  бiр  қойды.  Анау 

шетте  отырғандардың  үстiне  құлап  түстi.  Сонша  салмақтың 

үстерiне құлап түскенiне шыдай алмаған бiр-екi адам бақырып 

жiбердi. Тұрмаққа әрекеттенгенде, бұл жетiп барды да, жаңағы 

желке  тұсынан  аямай  екi  ұрды.  Қарсыласы  да  мықты  екен. 

Сонша соққыны елемей, тағы тұруға әрекеттендi. Үшiншi жолы 

құлақшекеден дәлдеп ұрды. Орыс басын бұғып үлгердi де, соққы 

қақ төбесiне тидi. Мұндай ауыр соққыны бұрын көрмесе керек, 

ол  екi  қолымен  төбесiн  ұстап,  отыра  кеттi.  Сосын:  “Подожди, 

подожди”, — дедi үнi әрең шыға. Өздерiнiң дәулерiнiң таяқ жеп 

қалғаны жандарына батып кетсе керек, “Ой, откуда взялся такой 

хулиган” деп төрде отырған екi орыс өре түрегелдi. Олар да осал 

емес екен. Дене бiтiмдерi аса дәу. Олардың бiрi кiжiне тiстенiп, 

таяп келгенде Сүлеймен iшiнен бар күшпен тiке ұрды. Анау екi 

бүктетiлдi. Мұны оңай жайғаған соң екiншiсiнің жағасынан ала 

кетiп, еңкейтiп алды да, тiзесiмен бетiне оңбай тепкiледi. Онысы 

шарасыз халде екi мұрнынан қан сорғалай, серiгiнiң үстiне гүрс 

еттi.  Бұл  үшеуi  осылайша  алысып  жатқанда,  ес  жиып  қалған 

ортадағы дәу орыс ақырып, тағы тұра келдi.

  Сол  бойда  Сүлеймендi  құлаштай  қойып  жiбергенде,  бұл 

екi-үш  рет  айнала  теңселдi.  Осы  соққыдан  кеудесiнiң  терең 

түкпiрiнде  онша-мұншаға  бас  көтере  бермейтiн  ашу-ызасы 

көтерiлiп кеттi. Сол ашу-ыза тұла бойындағы бар күштi сыртқа 

тептiрiп,  мұны  ендi ешкiм ұстап  тұра  алмастай  халге  жеткiздi. 

Өзiне екiншi рет төнген ананың тура бетiнен ышқына ұрды. Дәу 

кейiн  қарай  тәлтiректедi.  Екiншi  рет  ұрды.  Анау  тағы  да  кейiн 

теңселiп кеткенiмен, құламады. Диюдай болып теңселiп тұрған 



292

Сүлеймен қарақшы

неменiң ақыры құлайтынын бiлдi ме, оның артында отырғандар 

орындарынан  тұра-тұра  сап,  шетке  ысырылды.  Үшiншi  рет 

ұрғанда, дәу орыс бос қалған вагонның қабырғасына соғылып, 

кесiлген  теректей  еденге  сылқ  еттi.  Өзiнен  шығып,  жынданған 

Сүлеймен  оның  өлi-тiрiсiнде  жұмысы  болмай,  қасына  жетiп 

барып,  сақалынан  ұстай  алды  да,  басын  вагон  еденiне  төрт-

бес мәрте оңбай соққылады. Тек анау талып қалған кезде ғана 

сақалынан  қолын  босатып,  берi  айналды.  Ол  айналғанда, 

бағанағы таяқтан ендi ғана ес жиған басқалары: “Болды, болды, 

биз женилдик”, — деп бәрi бiр ортаға жиналып, қолдарын көтере 

жүрелей  отырысты.  Әлi  де  ашуы  басылмаған  Сүлеймен:

—  Шетiнен  буындырып  өлтiрейiн  бе?  —  деп  тiстенiп  келе 

берiп  едi:

—  Жетер,  Сүке,  жетер.  Ендi  бұлар  бiздiң  айтқанымызды 

iстейтiн болады, — деп Төрекелдi жолына кесе-көлденең тұрды.

  Төрекелдi  Сүлеймендi  тоқтатқанда,  жан-жақтағы  қазақтар: 

“Нәлетiлер пiрiн танымай жүрген екен”, “Е, айналайын, арысым, 

бар екенсiң ғой”, “Е, бәсе, бұларға қарсы тұрар, қазақта ер тумап 

па?!”,  “Кәпiрлердi  бiз  де  бiраз  сабап  алайық”,  —  деп  өре  тұра 

келдi де, қолдарын көтерiп, жүрелей отырғандарға жабыла кеттi. 

Ұрғандары  былай  тұрсын,  үстерiндегi  шекпендерiн  де  шешiп 

алып, жалаңаш қалдырды. Бұлай ете берсе, оларды өлтiрiп қояр 

дедi ме:


— Тоқтатыңдар дереу! Асау өгiзге бiр-екi рет дүре тисе, жуасып 

қалатынын бiлмеушi ме едiңдер? Жеңiлгендерiн мойындап, қол 

көтерiп отыр емес пе. Болды, жетер. Тоқтат деймiн сендерге! — 

деп Төрекелдi айқайлап бердi.

 Қазақтар ұруын сап тиып, өз орындарына отырды. Оңбай таяқ 

жеген  дәу  жайлап  көтерiлдi  де,  бет-аузының  қанын  да  сүртуге 

шамасы болмай, басын ауырсына қысып бiраз отырды. Сөйттi де 

еңбектеген күйi өз серiктерiне жақындады. Серiктерi оның қанын 

сүртiсiп, киiмiн жөндеп, көмектесуге қазақтардан қаймықты ма, 

ешқайсысы жақындамады.

— Хайуанның қанын судай шашып жiбергенiмде болар ма едi, 

Төрекелдi.

— Онсыз-ақ әбден сазайын тартты ғой.



293



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет