Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет141/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   265
Сүлеймен қарақшы

қойды. Сыртқа лап қойған соттаушыларды қолындағы таяғымен 

ұрып-соғып:  “Мақұлықтар,  құлақсыз  хайуандар,  бiр-бiрлеп 

шық дедiм ғой сендерге”, — деп бағанағы мiлиса сыбап жатыр. 

Осыдан  кейiн  қамалғандар  сабаға  түсiп,  бiрiнiң  соңынан  бiрi 

шыға  бастады.

  Адамдардың  ортасын  ала  Сүлеймендер  де  шықты.  Далада 

аяздың  бетi  әлi  сынбапты.  Қақап  тұр.  Там  мен  вагон  арасын 

екi  жақтама  қоршап,  қару  кезенген  солдаттар  тұр.  Кейбiр 

терезелерiнде әйнек те жоқ, бiрақ жуан темiрлермен құрсауланған 

вагон  iшi  де  суық.  Сотталғандар  жағалай  отырысып  жатыр. 

Сүлеймен  де  өз  серiктерiмен  бiр  бұрышқа  жайғасты.

— Ал, туған ел, әзiрше қош, — дедi әлдекiм.

— Тiрi оралсақ игi едi, — дедi екiншi бiреу.

— Құдай алдымыздан жазсын, — деп күбiрледi тағы бiрi.

Қамалғандар  жайғасқан  кезде  вагонның  темiр  есiгi  сарт 

жабылды. Бес минуттан кейiн пойыз орнынан жылжыды. Өмiрi 

тек  еркiндiк  пен  бостандықта,  өз  дегенiмен  жүрiп  үйренген 

Сүлеймен осы сәт өзiнiң шын қапасқа түскенiн сезгендей болды. 

Сезгендей  болды  да,  қыран  жүрегi,  қырғи  көңiлi  мынау  тас 

қапаста iшқұса күйге түсiп, запылықтан жарылып кетпесе екен 

деп  қауiптендi.  Сол  қауiппен  вагон  қабырғаларын  быт-шыты 

шыққанша  тепкiлеп  тесiп,  жерге  түсе  беталды  қаңғып  кеткiсi 

келдi. Бiрақ бұл ойы — тек әурешiлiк болатынын тез ұқты. Сөйтiп, 

iштегi  өкiнiш  қаншалықты  өзектi  жара  аһ  ұрғызғанымен  басқа 

түскенге көне тұруға тура келетiнiн аңғарды. Аңғарды да, мына 

отырғандардың  ешқайсысымен  қатты  сөзге  барып  қалмауға, 

ешкiммен  ерегiспей  бейбiт  күн  кешуге  бел  буды.  Бiрақ...

 Пойыз мимырт жүрiсiмен жарты күннен аса жүрiп, Әулиеатаға 

жеттi.  Бұл  жерде  ұзақ  аялдады.  Бiр  кезде  темiр  есiк  ашылып, 

солдаттар iшке iрi-iрi денелi жетi орысты айдап кiргiздi. Iшiндегi 

бiреуi тiптен дәу екен. Олар кiре салды да, вагонның ық жағында 

отырған  оншақты  қазақты  орындарынан  жұлып-жұлып  алып, 

берi  қарай  тулақша  лақтырып,  өздерi  жайғасып  алды.  Сорлы 

қазақтардың  оларға  қарсы  тұрар  бiрi  табылмады.  Аналар  бiр-

бiрiне  айқайлай  сөйлесiп,  жайлы  орынға  жайғасып  жатқанда, 

мiлисалар  “каждому  по  три  куска”  деп,  нан  тарата  бастады. 



290

Сүлеймен қарақшы

Вагон iшiндегiлердiң таласа-тармаса нан алып жатқанын көрген 

дәу орыс жанындағыларға бiрдеңе деп күбiрледi. Сол-ақ екен, екi 

орыс тұрып, қазақтардың нандарын тартып ала бастады. Өздерi 

аш болса да, тағы да оларға дау айта алмаған байғұстар нандарын 

орыстарға  ұстата  бердi.  Орыстар  нанмен  қатар  қазақтардың 

үстiндегi  жылы  киiмдерiн  де  шешiп  алды.  Киiмдердi  үшiншi 

бiреу жинап жүр.

— Әй, мыналар тым басынып барады ғой, — дедi Аязбек.

— Үндемей отыра бер. Бiзге жақындасын, — деп Сүлеймен 

үш  үзiм  нанын  жемей,  етегiне  қойды.  —  Нандарыңды  әзiрше 

сендер  де  жемеңдер.

Бұл  уақытта  орыстар  өздерiне  жақындап  қалған.  Сүлеймен 

нанын жемей, етегiне қойып отырғанын басқаша ойласа керек: 

“Ох, какой хороший здоровый казах. Хлеб для нас сохранил. Бык 

хороший”,  —  деп  бiреуi    алдындағы  нанды  ала  бергенде,  бұл 

ол оның бiлегiнен шап берiп ұстай алды. Қапелiмде мұндайды 

күтпеген орыс екi көзiн бажырайта: “Ой, что ты?” — деп қолын 

тартып алмақ едi, алайда тырп етуге шамасы келмедi. Ашуланып 

кеткен ол екiншi қолымен мұның қақ төбесiнен құлаштай перiп 

қалды. Сүлеймен қолын тосып үлгердi. Бiлегi мұның көлденең 

тосқан қолына сарт ете қалғанда, анау бақырып жiбердi. Осы сәт 

атып тұрған Сүлеймен, оның бетiне басымен қойып қалды. Орыс 

вагон  ортасына  шал-қасынан  түстi.  Сөзге  келместен,  екiншiсiн 

құлаштай  соқты.  Ол  жағалай  отырғандардың  аяқтарын  құша, 

етпеттей  құлады.  Қолына  жылы  киiмдердi  жиып  алып,  сәл 

арырақ тұрған үшiншiсi төрдегi серiктерiне қарай қаша жөнелдi. 

Екi  серiгiнің  көздi  ашып-жұмғанша  сiлейiп  қалғанын  көрген 

төрдегi дәу орыс орнынан атып тұрды. Орысша әлдененi айтып 

айқайлап-айқайлап  алды  да,  үстiндегi  қалың  шекпенiн  шешiп, 

бұрышқа  лақтырып,  ортаға  атып  шықты.  Ортада  отырғандар 

шетке ысырылды. Бәрiнiң әлгiден үрейлерi ұшып кеткен сияқты. 

Шынында, ананың түрi жаман. Қараңғыда қарсы кездесiп қалса, 

жүрегi нашар онша-мұншаның сол заматта өлiп кетерi хақ. Әрi, 

дәулiгiн айт. Әрбiр бiлектерi орта жiгiттiң балтырындай. Мойны 

семiз  бұқаның  желкесiне  парапар.  Жалпиған  бетiн  анау-мынау 




291



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет