Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет171/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   265
Сүлеймен қарақшы

екi қашғарлық жабылып ұрып жатыр. Арба үстiндегi киiз, киiм-

кешек, арқан секiлдi бұйымдарды басқа бiр қашғарлықтар талап, 

екiншi  арбаға  тиеп  алуда.  Базар  дарбазасының  арғы  шетiнен 

шыға  келген  әлдеқандай  жас  жiгiт  таяқ  жеп  жатқан  қазаққа 

болыспақ  едi,  анау  екеуi  жабылып,  оны  да  ұрып  тастады.  Ол 

екеуiне арба үстiнде тұрған сарттар секiрiп түсiп, қосыла кеттi. 

Қайдан  келгенi  белгiсiз,  қазақтың  бiр  жас  қатыны  бажылдап 

келiп, оларды жұла бердi. Бiрақ аналар оны әйел деп аяған жоқ. 

Қосыла  сабап,  сiлейтiп  тастады.

— Мiне, Бекабаның адамдары, — деп қалды отырғандардың 

бiрi.


Таяқ жеген қазақтар үшiн Сүлейменнiң қаны қызып отырған. 

Жiгiттен  кейiн  сұлап  түскен  әйелдi  көргенде  тiстенiп,  атып 

тұрды. Нардан секiрiп түстi де, соларға қарай жүгiрдi. Бұл арба 

маңына  жеткенде,  екi  жiгiт  әйелдi  тепкiлеп  жатқан.  Ай-шайға 

қарамады.  Жетiп  барған  күйi  бiреуiнiң  желкесiнен  ұстап  алып, 

басын  арба  дөңгелегiне  бiр  соқты.  Екiншiсiн  құлаштай  соғып 

топырақ құштырды. Жердегi қазақты екiлене тепкiлеп жатқаны 

да, қалай жер қапқанын өзi бiлмей қалды. Тағы бiрiнiң “аһ” деуге 

үнi келмей, бiр серiгiнiң үстiне құлады. Бесiншiсi де солардың 

кебiн  кидi.

 Осылайша, әп-сәтте бесеуiн жайғап, алтыншысына ұмтылды. 

Онысы  сақалы  белiне  түскен,  ұзын  бойлы,  тарамыс  кiсi  екен. 

Демнiң арасында жер құшқан өз адамдарына бiр қарап, арбаны 

айнала қашты. Өзі жылдамдау екен. Қос арбаны айнала, зырылдай 

қашып  жеткiзбедi.  Арбаларды  тағы  бiр  айналып  қашты  да, 

оның бiреуiнен ұзын бесақаны суырып алды. Бесақаның сабын 

бiр  қолтығына  қысып,  айырын  алға  қарата  қарсы  шапты.  Сол 

екпiнмен келiп, бесақаны Сүлейменге сұғып алар ма едi, егер бұл 

жылдамдық қылып, қарнына таяп қалған айырға шап бермегенде.

  Шап  бердi  де,  айырды  шетке  тартып  жiбердi.  Айырдың 

сабынан  қатып  ұстаған  анау  екпiнмен  Сүлейменнiң  кеудесiне 

сақ  етiп  соғылды.  Бұл  оның  жауырынынан  қапсыра  құшақтап, 

мытып-мытып, жерге бiр-ақ ұрды. Өстiп, алтыншы зорлықшыны 

жер  құштырып,  таяқ  жеген  қазақтарға  бұрылғанда,  дарбаза 

жақтан бiреу атпен шауып келдi. Қолындағы ұзын қамшысын ары-



350

Сүлеймен қарақшы

берi сiлтеп: “О, әнәңнiң... қозақ. Улдириб юбораийнми хозир!” 

— деп айқайлай тап бердi. Сүлеймен басын қорғаштап, арбаны 

паналады. Атты қояр емес. Қамшымен үстiн-үстiн ұрып жатыр. 

Бұл “қолыма бiр нәрсе iлiгер ме екен” деп, арба iшiн сипалады. 

Бiр  кезде  қолына  қапшық  па,  алаша  ма,  әйтеуiр  жұмсақ  нәрсе 

iлiктi.  Соны  аттыға  қаратып  лақтырып  жiбердi.  Лақтырылған 

нәрсе тура оның бетiне барып тидi. Тигенi былай тұрсын, бет-

аузын жаба оралып қалды. Ол бетiнен соны алып тастайын деп 

әрекеттенiп жатқанында,  оны ат үстiнен жұлып түсiрдi. Жұлып 

түсiрген замат бас-көз демей, тепкiнiң астына алды.

— Ойбай, әкежан! Ойбай, тоқтатыңыз! Өлдiм, өлдiм, — деп 

айқайлады ол осы кезде таза қазақшалап.

—  Ә,  әкеңнiң...  Жаңа  ғана  басқаша  шүлдiрлеп  жетiп  келiп 

едiң. Жан қалай, ә?! Қазақша сөйлеп кеттiң, — деп  одан бетер 

тоқпақтады.  Ол  талып  қалғанда  ғана  әзер  тоқтады.

— Ой, айналайын-ай! Кегiмiздi бiр қайтардың-ау. Осылардың 

бетiн қайтаратын бiр азаматтың жоғына налушы едiм. Бар екенсiң 

ғой, арысым!

  Таяқ  жеген  әйел  осылай  деп,  үстi-басының  шаңын  қағып, 

жерден тұрды. Осы сәт жерге құлағанның бiрi ыңқылдай басын 

көтере  бергенде:

— Жат осылай, қатынның тепкiсiн көрiп, — деп оны бiр теуiп 

өттi.


— Тепкенiң аз. Бәрiнiң басына бiр-бiр отырып шық, — дедi 

Сүлеймен. — Жаңа бұлар сендерге неге тиiстi?

— Әдiрем қалғырлар, “алып келген бұйымдарыңның жартысын 

бiзге берiп кетiңдер” дейдi. “Бермесеңдер бұйымдарыңмен қоса 

өгiз, арбаларыңды да тартып аламыз” дейдi. Бiз “бермеймiз” деп 

едiк, көрдiңiз ғой, не қылғандарын. Өткен жолы да бiздi таяқтап, 

барымызды тартып алған. Анау құрғыр мiлисалар да бұлардан 

қорқа ма, әйтеуiр ештеңе iстей алмайды.

— Мiлиса бола ма бұл базарда?

— Жүрушi едi ғой, күнде екi-үшеуi.

— Өздерiң қайдан келдiңдер?

— Бозсудан...




351

Сүлеймен қарақшы

—  Уа-ха!  Мыналарға  не  болған?  Қирап  қалыпты  ғой.  Уай, 

кiм бұларды сонша жайратқан? Әй, сен бе, дәу келiмсек, мұны 

iстеген? Бағана сөзiңнiң iрiлiгiнен қорқып едiм, “осы бiр нәрсеге 

ұрынбаса екен” деп. Ай, ертең Бекаба сенiң басыңды алады ғой, 

— деп бiреу екеуiнiң сөзiн бөлiп жiбердi.

Бұрылып қараса, сөйлеген Сыбанқұл екен.

—  Сенiң  әлiң  алтауына  келгенiмен,  басқаларына  келмейдi. 

Қазiр-ақ  жүзi  келедi  бұлардың.  Табаныңды  жалтырат  ендi! 

Кесiрiң  бiзге  тиiп  жүрер.  Қанша  дәу  болсаң  да,  әлi  пiрiңе 

кездеспей  жүрген  асаусың-ау  деймiн.  Неғып  бақырая  қалдың 

маған? Жоғалт көзiңдi! Әйтпесе Бекабаға барып, бар қылығыңды 

өзiм-ақ айтамын. Сосын анау қазандай басың қалсын, бiр жерде 

кесiлiп.


 Оның бағанағы қылығы мен сөзiне үндемеген-ді, осы жолғы 

мына зiркiлiне тiптi шыдай алмады.

— Әй, сол Бекабаңа қазiр-ақ ертiп баршы. Оны да, сенi де тап 

қазiр қатыра салайын! — деп Сыбанқұлдың жанына жетiп барды.

— Әй, әй, бақырайтпа маған көзiңдi!.. Ойбай, мойным... Әй, 

өлтiресiң  бе,  қайтесiң?..

  Сыбанқұл  сорлының  ары  қарай  сөйлеуге  шамасы  келмедi. 

Жағасынан ұстаған күйi жоғары көтерiп, жерге балшықша бiр-ақ 

ұрды. Сорлы, жерде жатқан қашғарлықтардың кебiн киiп, ол да 

тiл-ауыздан  айырылды.

  Бұл  кезде  бұлардың  жанына  бiраз  адам  жиналып  үлгерген. 

Бiрақ  бiр  де  бiрi  жақ  ашпай,  үрпиiсiп  тұр.  Етпеттей  сұлаған 

Сыбанқұлды тағы бiр ұрмаққа бекiнген. Оның қорғансыз халде 

екенiн  көрiп,  ойынан  айныды.

—  Пәлi,  құр  дәу  ғана  емес,  атан  бурадай  қара  күштiң  иесi 

екенсiң-ау.  Әп-сәтте  бәрiн  жайпап  тастадың.  Ендi  өзiңе  қиын 

болатын болды. Бұлардың басшылары сенi құр қоймас, — дедi 

бағанағы  егде  кiсi.

— Осынша қазақ жүрiп, жөйiт пен таулықтарды басындырып 

қойғандарыңа таңмын. Немене, еркек қалмаған ба араларыңда?

—  Анда-санда  базарда  басымыз  бiр  бiрiгедi.  Бiреуiмiз  — 

ойдан,  бiреуiмiз  —  қырдан  дегендей...  Ұйымдасу  қайда  бiзге? 




352

Сүлеймен қарақшы

Сол  шашырандылығымызды  бiлiп  қой,  Бекабаның  құтырып 

жүргенi…

 Егде кiсiнiң қасына бағана өзiн Андақұлмын деп таныстырған 

кiсi  келдi.  Жерде  шашалып,  жөтелiп,  қиналып  жатқан  iнiсi 

Сыбанқұлға  көз  тастады.

  —  Мана  айттым  саған,  “Мұны  Құрақтың  үйiне  ертiп  бара 

сал” деп. Әлiңе қарамай қырсықтанып, кiм көрiнгенмен ерегiсуге 

әзiр тұрасың. Ендiгi күйiң мынау. Бiр жерiң шойырылып қалған 

жоқ па, әйтеуiр? Жөйiттерге болысып, мұндай қара жынға дауыс 

көтерiп нең бар? Тұр ендi! Қора жаққа бар.

 Сыбанқұл тұрып, үстi-басының шаңын қақты да жөнiне кеттi. 

Одан  соң  арба  маңындағы  таяқ  жегендер  тұра  бастады.  Бәрi 

ләм-мим деп сөз айтпай, базар сыртына беттедi. Тiптi арттарына 

бұрылмады  да.

— Жүр, Сүлеймен. Құрақтiкiне мен-ақ ертiп барайын. — Ол 

сорлыны мыналар төсектен тұра алмайтын етiп тастаған.

 Сүлеймен Андақұлдың соңынан ердi.

—  Оу,  батыр!  Ертең  жаңағылар  келiп,  сен  үшiн  басымызға 

әңгiр  таяқ  ойнатса  қайтпекпiз?  —  дедi  қазақтардың  бiрi.

— Сендерде несi бар?

— Оларға дауа жоқ. Сенi тауып бер деп әлек салуы мүмкiн. 

— Ертең өзiм келем.

— Келмей-ақ қой, Сүлеймен. Тәшкенге жаңа келген адамсың. 

Жақтасар  тамыр-танысың  да  жоқ.  Майып  қып  тастар.  Бiр  өзiң 

қайсыбiрiне төтеп берерсiң? Бiзге не деп тиiссiн? Тиiссе, бiр-екi 

малымызды тартып алар. 

— Жоқ, көке. Бiр өзiм болсам да, Бекабаны көру үшiн әдейi 

келемiн.

— Бекабаның өзi өмiрi келмейдi мұнда.

— Онда баскесерлерiн көрейiн.

— Баскесерлерiмен төбелессең, мiлиса оларды ұстамай, сенi 

ұстайды. Бекаба Тәшкендегi күллi өкiметтi байлап қойған.

—  Бұдан  былай  мен  бiраз  уақыт  Тәшкенде  жүрем.  Бәрiбiр 

кездесемiз ғой олармен. Соны кейiнге қалдырмай, ертең-ақ iске 

асырайын.

— Тәшкен бандылардың шаһары. Сақ болғайсың.



353

Сүлеймен қарақшы

—  Сақтандырғаныңызға  рахмет,  көке.  Менiң  бiреуге 

ешқашанда  өздiгiмнен  тиiспейтiнiмдi  бiлiңiз.  Бiрақ  бiреудiң 

әлсiз  бiреуге  әлiмжеттiк  қылғанын  көрсем,  Құдай  ақы,  шыдап 

тұра  алмаймын,  —  дедi  Сүлеймен  Андақұл  айдап  келген  биiк 

доңғалақты  қоқанарбаға  мiнiп  жатып.  —  Қазiр  Құраққа  барып 

жолығайын.  Ол  жазған  қандай  күйде  екен?  Мүмкiн  ертең 

келмеспiн  де.  Ал  келе  қалсам,  қайта  жолығамыз.  Әзiрше,  хош 

бола  тұрыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет