Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет167/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Ойпырмай, мынаны қалай тоқтатсақ екен? — дедi Бекмырза 

Төрекелдiге жалтақтай қарап.

— Мына түрiмен тағы бiреулердi жазым етпесе игi едi, — дедi 

Қаппар.

— Өзгелерден бұрын өзi де бiрдеңеге ұшырап қалмаса де.

  Аязбек  ошақ  маңындағы  су  тола  шелектi  ала  салып, 

Сүлейменге жүгiрдi. Бұл кезде ол Қара Иванның адамдарын ғана 

емес, қарсы алдынан кездескендердiң бәрiн соққылап, аласұрып 

жүрген.  Құдды бiр оны  қой  арасында ойнақ  салқан  қасқырдай 

дерсiң.  Ол  жақындай  бергенде  шеттегiлердiң  бәрi  жапырлай 

қашып,  тұс-тұсқа  безiп  кетедi.  Микай  бастаған  төрт-бесеу 

Төрекелдi  мен  Ажанның  артына  келiп  тығылды.  Оны  көрген 

басқа  бiреулер  де,  бұлардың  пана  жағына  келiп  тұра  қалысты. 

Бiр  байғұстар  асханадағы  тамақ  iшетiн  ағаш  үстелдердiң 

астына тығылды. Сөйтiп, жаңа ғана мұның дәулермен төбелесiн 

қызықтаған мыңдаған адам ендi оның өзiнен қорқа қашып, шат-

шәлекейлерi  шықты.

 Аязбек су тола шелектi көтерiп, Сүлейменге жақындағанда, 

ол бiреудiң мойнын бiлегiмен қапсырай құшақтап, қылқындырып 

жатқан. Сөз жоқ, анау сорлы өлуге шақ едi. Аязбек  бiр шелек 

мұздай суды шашып жiбердi. Бетiне мұздай су тиген Сүлеймен: 

“О-о-о” деп тiтiркене басын сiлкiп, есiн жиды да, қылқындырып 

тұрғанын жiбере салды.

—  Есiңдi  жи,  Сүлеймен,  есiңдi  жи!  Ендi  саған  қарсы  тұрар 

ешкiм  жоқ.

 Сүлеймен бетiндегi суды сүрте Аязбекке бiр, әр жерде теңкиiп-

теңкиiп жатқан жаралыларға бiр қарады. Сосын сонадай-сонадай 

жерлерде топтанып, өзiне қарап тұрғандар-ға көз салды.

— Мыналардың бәрiн мен қираттым ба?

— Бұлардың Қара Ибаннан басқасы өлген жоқ.

—  Қап,  Құдай-ай,  ешкiмге  қол  көтермей,  қанша  тыныш 

жүрейiн  десем  де  болмайды-ау.

— Ендi қайтесiң? Ибанды сен өлтiрмесең, ол сенi өлтiрер едi.

—  Үстiмдегi  шапаным  қайда?  Дене-денемнiң  бәрi  мұздап 

барады.  Әй,  неге  мен  оны  өлтiруге  тиiс  едiм...

—  Қапаланба,  Сүлеймен.  Қара  Ибан  бағана  осы  асханаға 

сенi өлтiру үшiн әдейi келген. Мықтылық қылмағаныңда, оның 

орнында  қазiр  өзiң  жатар  едiң.



342

Сүлеймен қарақшы

—  Құдай  ақы,  мен  оны  өлтiрем  деп  ойламадым.  Таяқтап 

тастайын  деген  шығармын.  Қап,  осы  бiр  ашулансам,  денеме 

қатты  соққы  тисе,  көзiме  түк  көрiнбей  кететiнi  несi  екен-ей...

—  Жаның  таза  екен,  Сүлеймен,  —  дедi  осы  кезде  бұған 

жақындаған Қаппар сөзге араласып. — Бiр тентектер бар, бiреудi 

жықса,  болмаса  өзi  зәбiр  көрсетiп  өлтiрiп  қойса,  “менен  өткен 

күштi жоқ” деп масаттанатын. Сен болсаң, өзi тиiсiп, өзi ажал 

тапқан  адамды  аяп,  өкiнiп  тұрсың.  Қайтесiң,  “Жауды  аяған 

жаралы,  болмаса  қазалы”  деген.  Сен  тек  қорғандың...

Қаппар  сөйлеп  тұрғанда,  шеттегi  соттаушылар  шу  етiсiп, 

қатарласа бастады. Сүлеймен қараса, жаңа бiрi де көзге түспеген 

солдаттар  арғы  шеттен  жүгiрiп  келедi  екен.  Олардың  артынан 

жанында  үш-төрт  қарулы  солдаты  бар  түрме  бастығы  көрiндi. 

— Мана Микай бiлiп айтқан екен, — дедi Төрекелдi. — Осы 

төбелестi түрме бастығы әдейi ұйымдастырыпты. Әйтпесе түзге 

отырғанымызға дейiн аңдып тұратын солдаттардың неғып жаңа 

бәрi  кетiп  қалды?  Аяр  бастық  саған  ендi  ауыр  жаза  қолданып 

жүрмесе  болғаны.

  Жүгiрiп  келген  солдаттар  басқаларға  қараған  да  жоқ.  Бәрi 

келiп,  Сүлеймендi  қоршай  тұрды.  Олардың  артынан  жеткен 

түрме бастығы ошақ маңында сiлейiп-сiлейiп жат-қандарға кезек-

кезек  қарап,  басын  шайқады.  Содан  соң  қасындағы  өзi  секiлдi 

шендi бiреуге бiрдеңе деп бұйырды. Онысы солдаттарға қарап, 

бiрнәрсе  айтты.  Үш-төрт  солдат  ошақ  басында  үюлi  жатқан 

жаман палаткаларды алып, Қара Иванның бетiн жапты. Қалған 

жаралыларды зембiлге салып әкеттi. Сүлейменнiң қолына кiсен 

салып,  алға  сүйредi. 

 Солдаттар Сүлеймендi бастықтың алдына әкелдi. Бастық топ 

iшiнен Микайды алдырды. Микай тiлмәш қой.

— Төбелестi кiм бастады? — дедi бастық.

— Өздерi тиiстi.

— Сен өзiң алдымен тамақ құюшыны ұрып, қан-жоса етiпсiң 

ғой.


— Ол менi балағаттап, намысыма тидi.

— Оны ұрмасаң да болатын едi, — дедi бастық көздерi шатынай. 

— Оңбағанға саған “тиiспе” деп едiм... Қара Иван бiрдеңе деген 



343



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет