Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет169/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Солдаттар  екеуiн  камераға  емес,  басқа  бiр  бөлмеге  әкелдi. 

Бөлме iшi жылы. Кереуеттерi мен орындықтары бар. Ойы ойран-

асыр  болған  Сүлеймен  босанатынына  әлi  сенбеген  күйi  бiр 

орындыққа  отыра  кеттi.

— Микай, бiздi шынымен босатты ма? 

 Микай сорлы көз жасын әлi тия алмай тұр.

— Әрине, әрине, Сүке. Түрме бастығы өтiрiк айтар деймiсiң.

—  Әй,  сенбеймiн.  Солдаттар  орман  iшiнде  екеумiздi  атып 

тастай  салса,  қайтпекпiз? 

 Микайдың жүзi сұрланып кеттi.

— Ә-ә-ә, ол да мүмкiн-ау, — дедi үнi зорға шыға. — Бiрақ... 

Есiк ашылып, жаңағы солдаттар тамақ, нан алып кiрдi.

— Жақсылап қарындарыңды тойдырып алыңдар. Бiраздан соң 

жол жүремiз.

Басқа  сөз  айтпастан  екеуi  тамаққа  бас  қойды.  Оны  iшiп 

болғанда,  солдаттар  тағы  кiрiп,  бұлардың  түрмеге  киiп  келген 

киiмдерiн  әкелдi.

— Киiнiңдер. 

 Екеуi түрме киiмдерiн шешiп, өздерiнiкiн кидi де коридорға 

шықты. Екi солдат бiрден сыртқа бастады.

—  Әй,  Микай,  мыналар  iштегi  достарымызбен  қоштасуға 

мұрсат  бермей  ме?

— Солай сияқты.

— Мұнымыз жараспады-ау.

— Қайтемiз. Өз еркiмiз өзiмiзге әлi тиген жоқ.

— Қап, жаңа бастықтан осыны өтiнбеппiн-ау.

— Ол бәрiбiр келiспейтiн едi.

 Сыртқы түрмеден шыға берiс есiк алдында төрт қарулы солдат 

тұр екен. Iштен шыққан офицердiң бiрi оларға бiр қағаздар мен 

бiраз ақша бердi.

— Тура пойызға салып жiберiңдер.




346

Сүлеймен қарақшы

V

Айдан  аса  уақыт  өткенде,  Сүлеймен  Тәшкенге  жеттi.  Түрме 

қақпасынан шыққанда “бастық қулық ойлап, жолай солдаттарға 

бiздi аттырып тастайтын шығар” деген қаупi бос екен. Төрт қарулы 

солдат  орман  iшiмен  бiр  жарым  күн  айдап,  қолдарына  әлдебiр 

қағаз, аз ғана ақша ұстатып, пойызға салып жiберген. Пойызға 

мiнгенде  жылпос  Микайдың  қуанғанын  айт.  Мұны  құшақтап, 

қайта-қайта  сүйе  берген.  Шошқа  артқан  жамау-жасқаулы  тесiк 

вагонның  суығын  елемей,  әйтеуiр  түрмеден  құтылғандарына 

қуанған екеуi он бес күнде Семейге жеттi. Микай сонда қалып, 

Сүлеймен  басқа  пойызға  ауысқан.  Содан  жүре-жүре,  мiне, 

Тәшкенге де жеттi. Жолда бұдан құжат сұрап, ешкiм мазаламады. 

Тек Шымкент стансасында бiр мiлиса бұған ұзақ қарады.  Өзіне 

ол  да  таныс  көрiнген.  Бiрақ  қай  жерде  көргенiн  есiне  түсiре 

алмады. Ал мiлиса жақындауға батпады-ау деймiн, қарап-қарап 

тұрып,  басын  шайқады  да  ары  кеттi.  “Қазiр  қасына  бiреулердi 

ертiп келiп, мазамды алатын шығар” деп қобалжып едi бұл. Жоқ, 

мiлиса  сол  кеткеннен  зым-зия  жоғалды.

 Бiр ай бойы “Тәшкенге жетсем, баяғыда Қоқанда өзi өлтiрмей 

жiберген, ақырында қан iшiсiп, анда-дос болған Құрақты iздеп 

табайын.  Күн  көруiме  сол  жәрдемдесер.  Бәрi  жақсы  болып, 

жолыма  аз-маз  пұл  тауып  алсам,  Қоқанға  барып,  Дилданың 

жағдайын  бiлейiн”  деп  ойлап  келген.  Тәшкенде  күн  жылы. 

Жайқалған көктем. Мұнда жеткесiн, бiрден Өрiкзар маңындағы 

“Алай” базарына барып, Андақұл, Сыбанқұл деген делдалдарды 

iздеп  тапты.  Олардан  Құрақты  сұрады.

—  Құрақтың  кiмi  боласың?  —  дедi  өзiн  Сыбанқұлмын  деп 

таныстырған түрi сартқа ұқсас ұзын бойлы делдал. — Танысың 

ба, әлде жекжатың ба?

— Қазығұрт жақтан келген жекжаты едiм. Атым — Сүлеймен.

— Онда, Сүлеймен, ертең кел. Мен оған хабар берейiн.

—  Тәшкенде  қонатын  жерiм  жоқ.  Бүгiн-ақ  ертiп  барсайшы. 

Болмаса  айт,  қай  көшеде  тұратынын.

— Түрiңе қарасам, кiсi қорқатындай адам екенсiң. Сенiң кiм 

екенiңдi бiлмей жатып, оған ертiп бара алмаймын. Жататын жерiң 

жоқ болса, бiр күнге амалда. Анау шайхананың жанында қонақүй 

бар. Жамбаспұлын берсең, неше күн десең де жатқызады.



347



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет