Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет183/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Iш көйлегiмдi шешейiн. Сонымен таңбасақ, басқадай амал 

жоқ, — деп Сүлеймен киiмiн шештi. 

— Мына тұсқа қисайыңыз да қозғалмай жатыңыз. Қан дереу 

тиылады.

—  Нәлетi  мiлисалар  адам  қамайтын  тамға  шөп  емес,  көрпе 

төсеп тастаса ғой, — деп Сүлеймен таулық нұсқаған бұрышқа 

жантайды. 

Шөп  үстiне  шалқалай  жайғасқан  соң  анау  екеуiнен  не  үшiн 

қамалғандарын сұрады. Олар базарда ұрлық iстегендерiн айтты. 

Айтыстарына қарағанда, iстеген ұрлықтары түкке тұрғысыз. Бiр 

кемпiрдiң сатып тұрған алашасын ұрлапты.

— Алаша ұрлап күн көрмей-ақ қойсаңдар неттi.

—  Уа,  әка,  сол  күнi  қолымызға  одан  басқа  iлiгер  ештеңе 

болмады  да.

Жауаптары  осы  болды.  Одан  кейiн  де  талай  әңгiмелердiң 

басын қайырып, үшеуi кештi батырды. Кеш батқасын, үстерiндегi 

жеңiл  шапандарын  қымтанып,  ұйқыға  кiрiстi.  Қалың  ұйқыға 

батқан Сүлеймен түс көрдi. Осы бiр түс оған қайта-қайта кiретiн. 

Бүгiн  тағы  қайталанды.  Ауылында,  сонау  Бадам  жағасындағы 

Хантөбенiң үстiнде отыр екен. Ойда найза мен қылыш ұстаған 

көп сарбаз бiр-бiрiне қырғын майдан салуда. Көп адам қырылып, 

қан  ағып  жатыр.  Ортада  қарагер  атқа  мiнген  бiр  батыр,  қарсы 

жақтағыларды  өлтiрiп,  қандарын  судай  ағызған  сайын:  «Осы 

керек сендерге, опасыздар! Осы керек» — деп айқайлап қояды.

Әлгi батыр тура өзi сияқты. Сияқты емес, тура өзi. «Онда мен 

өз-өзiмдi сырттай қалай көрiп тұрмын» деп жан-жағына бұрылса, 

анадайдағы Хантөбенiң басында тағы өзi отыр. Қасында ақбоз 

атқа  мiнген  қап-қара  киiмдi,  қара  сақалды  шал  тұр.  Ол  шалға 

қарап: «Мен екеу болып кеткенмiн бе өзi?» — деп қояды. Ол болса: 

«Отырған өзiң, ал анау майдан ортасында жүрген сенiң өмiрiң», 

—  дедi.  Шал  осыны  айтып,  ат-матымен  аспанға  көтерiлдi.  Ол 

көтерiлгенде  жер-дүниенiң  барлығын  дауыл  қаптап,  ойда  ұрыс 

салып  жатқан  сарбаздардың  бәрiн  көтерiп  әкеттi.  Қатты  дауыл 

мұны орнынан қозғай алмады. Тек демалысын қиындатып, демiн 

тарылтып жiбердi. Гуiлдеп соққан дауыл аздан соң дем шығаруға 

да мұрша бермей барады...



379

Сүлеймен қарақшы

Ышқына  оянды.  Құдды  бiреу  қылқындырып  тастағандай 

ентiге  демалып,  жүрегi  тарс-тарс  соғып  жатыр  екен.  Кiшкене 

терезеден түскен бозамық сәуле таңның ендi атып келе жатқанын 

бiлдiрiп тұр. Сәл жатып, ентiгi басылған соң жаңағы түсiн есiне 

алды. Есiне алғанда, осы түстiң айна-қатесiз көрiнiспен нешiншi 

рет кiргенiн санамақ болды. Дәл санай алмады. Бiрақ он реттен 

аса кiргенi анық. Бұрын қанша кiрсе де, бұл жайын ойламайтын. 

Бүгiн  ойлады.  Осы  түс  ылғи  жаны  қысылған  немесе  бiр 

шырғалаңды оқиғаға тап болғанда кiретiн. Әрi осы түс кiргенде 

кездескен қауiптен тез құтылатын. «Құдай қалап, осы жолы да 

мына  пәлелерден  құтылып  қалармын  Бiрақ  мiәлисаны  ұрған 

адамды  өкiмет  тектен-тек  жiбере  қоюшы  ма  едi?»

Бұл күнi түсiне сенгiсi келмедi. Бiрақ тәттi үмiттен қол үзгiсi 

келмей, әрдеңенi бiр қиялдады. Содан кейiн түсiндегi ақбоз ат, қара 

киiммен үнемi көрiнетiн әлгi шал туралы ойлады. Ол түсiнде ғана 

емес, өңiнде де осы кейiппен көрiнедi. Ылғи көрiнбейдi. Жаны 

қысылған  қысылтаяң  шақта  келедi.  Баяғыда  Билiкөлде  орыс 

балуанынан жеңiлейiн деп тұрған шақта көрiнiп едi. Ол көрiнген 

соң орыс балуанын жеңген. Одан соң Тұрлыбайдың қолына түсiп, 

үш күн суық жертөледе қамалғанда да бiр көрiнген. Онда да ажал 

аузынан құтылып кеткен-дi. Бұдан кейiн Алайда басмашы болып 

жүргенде талай рет өлiм тырнағына iлiккен сәттерде де осы шал 

көз алдына бiр жарқ ететiн. Сондайда қапиядан аман шығатын. 

Сiбiрде Қара Иванмен төбелесiп жатқанда да елестеген. Қарап 

тұрса, сол шал бiр жебеушiсi сияқты...

Бiр кезде есiк сыртында дүңк-дүңк деп басылған аяқ дыбысы 

ойын  бөлiп  жiбердi.  Артынша  бұлар  жатқан  бөлменiң  есiгi 

ашылды.

— Кешегi қамалған кiсi, атың кiм едi сенiң, Сүлеймен бе, шық 

берi! 

 Сүлеймен басын көтердi. Есiк алдында екi мiлиса тұр.



— Азанымен тергейiн дедiңдер ме?

— Тергеуге емес. Бiр кiсiлер күтiп отыр сенi. Талыстай болмай, 

тұрсаңшы тезiрек.

Ақсаңдай басып, мiлисалардың соңынан ердi. Сыртқа шығар 

есiктiң жанындағы бөлме тұсына келгенде аналар тоқтады.

— Мына жаққа кiрiңiз.

Сүлеймен  олар  нұсқаған  бөлмеге  кiрсе,  үстел  басында  бiр-

бiрiне қарама-қарсы қарап, екi кiсi отыр екен. Бiрi кешегi өзiн алып 




380



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет