Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет180/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   265
Сүлеймен қарақшы

артынан  аңды.  Қай  жерде  тұратынын  бiлiп  ал.  Қалғаны  онша 

қиын  болмас.

— Тұрлыбайды ше?

—  Жәлелдиндi  соның  жұмсаған-жұмсамағанын  бiлейiк  те. 

Айдаушы  нақ  сол  болса,  оның  да  басын  кесемiн.

— Шетiнен қыра бермей, әшейiн өлiмшi қып таяқтап тастай 

салсақ ше? Бекерге күнәға батамыз ба деп қорқам.

— Менiң де тектен-тек ешкiмдi қыра бергiм келмейдi. Алайда 

ту  сырттан  таяқ  жұмсаған  опасыздарға  аяушылық  бiлдiру  — 

менiң қанымда жоқ нәрсе. Егер жекпе-жек шығып менi жеңсе, 

онда кешiрер едiм. Одан соң мен бағана Қарынтайдан бiраз әңгiме 

естiдiм. Бекабаға қосылған бандылардың бәрi бөрiге ұқсап, адам 

етiн  жейдi  екен.  “Жас  балаларды  ұрлап  әкетiп,  шырылдатып 

сойып  жейдi”  дейдi.  Бұл  не  деген  сұмдық?!  Әлгi  Жәлелдинiң 

мен Тұрлыбайың Бекабаға жас балаларды апарып жүрсе, оларды 

несiне аяймыз? Бiрақ мұның да анық-қанығына жетейiк.

— Онда қазiрше екеумiз екiге бөлiнейiк. Сен Төкеңнiң жанына 

бар. Сол жерде кездесермiз.



372

Сүлеймен қарақшы

VI

Қаратай  шайхананың  басқа  жағына  айналды.  Сүлеймен 

базар iшiн көктей өтiп, Төребек тұрған тұсқа беттедi. Төребекке 

жақындағанда  қарсы  алдынан  пәренжi  жамылған  төрт  әйел 

шықты.  Пәренжi  жамылған  әйелдердi  Қоқанда  көрушi  едi. 

“Тәшкенде  де  әлi  мұндай  әйелдер  бар  екен-ау”  деп  ойлады  да 

олардың  алдын  орай  Төребекке  жеттi.  Ол  бiр  кiсiмен  сөйлесiп 

тұр  екен.  Оған  “Көке”  деп  сөйлей  берiп  едi,  Төребек:

— Абайла, Сүлеймен! Артыңда, артыңда келiп қалды! — деп 

айқайлап жiбердi.

Сүлеймен артқа кiлт бұрылды. Бұрылғанда көргенi — жаңағы 

көргенi пәренжi жамылғандар әйелдер емес екен. Пәренжiлерiнiң 

алдыңғы  ұзын  жамылғысының  астына  бiр-бiр  сойыл  тығып 

ұстаған  еркектер  екен.  Бұл  өздерiне  қарай  бұрылғанда,  олар 

бастарынан  пәренжiлерiн  сыпырып-сыпырып  тастап,  бұған 

тұра  ұмтылды.  Сүлеймен  қорғанып  үлгергенше  басы  мен 

денесiне  сойылдардың  бiрнеше  соққысы  тидi.  Жанына  батқан 

соққыдан бұл жанұшыра айқайлап, сiлтенген таяқтарға қарамай 

ұрып жатқандарға тап бердi. Сүлейменнiң айқайы арыстанның 

ақырғанынан бетер естiлдi ме, жоқ, әлде оның осынша соққыдан 

құламай,  қайта  өздерiне  қарай  шапқанынан  сескендi  ме, 

шабуылдаушылар бiр сәт тосырқап қалысты. Осыны пайдаланған 

Сүлеймен бiреуiнiң жағасынан ала кеттi. Ол бұлқына керi шегiндi. 

Тап осы мезетте қайта ес жиып қалған қаскөйдiң бiрi атылып кеп, 

Сүлейменнiң артынан пышақ сiлтедi. Құдай қолдады ма, болмаса 

iшкi сезiмi бiлдiрдi ме, Сүлеймен бұрылмаған күйi артқа қолын 

сiлтеп жiбердi. Жұдырық пышақ алып таяған ананың иегiне сарт 

еттi. Ол да өлермен бiреу екен, жұдырық тиiп, қалбалақтап кетсе 

де,  пышағын  сiлтеп  үлгердi.  Қанжар  деуге  келерлiк  екi  жүздi 

ұзын  пышақ  Сүлейменнiң  санына  қадалды.  Сүлеймен  тағы  да 

жандаусы шыға  ақырып,  керi бұрылды.

Пышақ сұққан жөйiт қаз-қатар байлаулы тұрған жылқылардың 

арасымен  зытып  бердi.  Ол  қашқасын,  өзгелерi  де  ары  қарай 

зуылдап  жоқ  болды.

Әп-сәтте олардан айырылған Сүлеймен: «О, әкеңнiң көрi... О 

әкеңнiң көрi...» — деп аһ ұра бұлқынып, отыра кеттi. Артынша 

ақырып тұра келдi. Жан-жақтағы адамдар мұның адам шошырлық 



373

Сүлеймен қарақшы

түрiнен  сескенiп,  кейiн  шегiншектедi.  Бұл  кiм  жолында  тұрса 

да, езiп тастайтын атан бурадай тепсiне басып, iшiндегi айтып 

жеткiзе  алмастай  буырқанған  ашудың  әсерiнен  кiмге  не  дерiн 

бiлмей, бiраз уақыт бiр жердi айналып жүрдi де алды. Әлден соң 

пышақ тиген санының тұсы ашып, аяғы ауыр тартты. Осы кезде 

қозған  ашудан  тұманданған  көзi  ашылып,  сәл-пәл  өзiне  келдi. 

Қараса,  маңында  ешкiм  қалмапты.  Жұрттың  бәрi  сонадайдан 

қарап тұр.

— Жаңағы кiмдер? — деп айқайлады қарап тұрғандарға. 

Оларда  үн  жоқ.  Бiреулерi  терiс  бұрылып,  әрмен  қарай  кетiп 

жатыр.


— Төребек көке, Қаратай! Қайдасыңдар? 

—  Мұндамын,  Сүлеймен,  мұндамын,  —  дедi  бiр  шеттен 

Төребек.

— Уа, көке! Жаңағылардың менде ала алмай жүрген не ақысы 

бар? Батыр болса неге алдыма келiп, ұрыс салмайды? Қайда кеттi 

сужүректер? Қайда, қайда деймiн?

Осы мезетте бiр шеттен әскери киiмдi екi мiлиса шыға келдi.

—  Не  болып  жатыр  мұнда?  Басыңыз  неге  қан?  Кiммен 

төбелестiңiз?  —  дедi  олардың  бiрi.

— Базарларыңда бұзықтар көп екен. Бiрақ бәрi өңкей арқадан 

тас ататын қорқақ бұзықтар...

—  Қандай  бұзықтар?  Сен  өзiң  кiмсiң?  Сендей  дәу  адамды 

көрмеушi едiк қой бұрын. Қайдан келген жансың? Ақсаңдауың 

қалай? Аяғың ақсақ па? — деп екiншiсi бастырмалата сөйледi.

— Бiреулер артынан келiп, пышақ ұрып кеттi, — дедi Төребек.

— Неге ұрады? Өзi тиiскен де оларға.

—  Әй,  не  шатып  тұрсың  сен?!  Мен  өздiгiмнен  ешкiмге 

тиiспеймiн.

— Бақырма маған. Қорқатын адамың мен емес. Жөн айтып, 

болған жайтты баяндаудың орнына бақырады ғой бұл. Ашу тек 

сенде ғана бар деймiсiң. Әйдә, кеттiк. Түс алдыма! Мiлисаханаға 

барып, әңгiмелесейiк. Құдай бiледi, осы өктемдiгiңнен ғой, таяқ 

жеп  жүргенiң.  Бiздiң  базарда  тентек  көп  болса,  жұрттың  бәрiн 

азар-безер етпей ме. Жүр деймiн! — деп бiрiншi сөйлеген мiлиса 

шарт кетiп, мұны алға итермелей бастады.

— Итерме менi. Алдымен iстiң ақ-қарасына жетiп алсайшы.




374



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет