Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет179/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   265
Сүлеймен қарақшы

әбден шыланып, қамыр боп иленiп қалады екен. Сол қан араласқан 

қамырды  пiсiрiп,  тамсана  жейтiнге  ұқсайды,  пәтшағарлар.  Ал 

денесiн  кейiн  бөлшектеп  жесе  керек.

Мына сөзге Сүлейменнiң денесi тiтiркендi.

— Осыдан көр де тұр, Қарынтай. Сол жөйiттердiң өз қандарын 

өздерiне iштiрмесем, Сүлеймен атым құрысын!

Қарынтайдан естiген сөздердiң жаман әсерiнен арыла алмай, 

Сүлеймен  базарға  жеттi.  Базар  ығы-жығы.  Көп  адамдар  мен 

малдар  арасынан  өзiнiң  таныстарын  iздестiрдi.  Өткен  жолы 

қашғарлықтарды  ұрып  жыққан  тұста  егде  кiсi  тағы  мал  сатып 

тұр.


— Ой, балам, бiр жетi iшiнде жарақатың жазылып қалған ба? 

Пәлi  дерсiң.  “Батыр  адам  онша-мұнша  тән  жарасын  елемейдi” 

деген осы да. Таңған шүберектi шешiп тастағаныңа қарағанда, 

жара әбден бiткен-ау деймiн. Жақсы. Өзiңдi ұрған адамнан кек 

қайтаруға  жарап  қалыпсың.

— Жарауын жарадық-ау, көке. Бiрақ ұрғанды қайдан табамыз? 

Еш болмаса түрiн де көре алмай қалған жоқпыз ба?

Шал  жан-жағына  қарап,  Сүлейменге  “құлағыңды  тос” 

дегендей  белгi  жасады.  Сосын  сыбырлады:

—  Мана  Қаратай  сенi  ұрған  адам  туралы  бiрдеңе  айтып 

келдi. Сiрә, ол оны тапқан-ау деймiн. Қазiр өзi келедi. Содан соң 

есiтерсiң  әңгiмесiн.

— Рас па? Анық тауып па?

Сүлейменнiң дауысы қаттырақ шықты. 

— Жәй балам. Айналада бөтен құлақ бар.

Шалдың  сақтығын  сезген  бұл  әңгiме  төркiнiн  дереу  басқа 

жаққа  бұрды.

—  Тәшкендегi  алғаш  танысқан  кiсiмнiң  бiрi  болсаңыз  да, 

“көке” деуден әрi аспаппын. Атыңызды сұрамаппын дегенiм ғой.

— Атым — Төребек. Ә, мiне, Қаратай да келе жатыр. 

Екеуiң бұл жерде емес, оңашалау тұсқа барып әңгiме қылыңдар.

Қаратай арсалаңдап келiп, Сүлейменмен құшақтасып көрiстi. 

Ол да мұның төсектен ерте тұрып кеткенiне таң қалып, бiраз сөз 

айтты.



370

Сүлеймен қарақшы

—  Мейлi,  тұрғаның  бек  жақсы.  Жүр,  шеткерiрек  барайық. 

Айтатын  бiр  әңгiмем  бар.

Екеуi шайхана артына шықты. Қаратай айналаға сақтана қарап 

тұрып, әңгiмесiн бастады:

— Әнеукүнi сенi Қарынтайдың үйiне тастап шыққаннан кейiн 

Төкең ауылға қайтты да, мен базарға қайта келгем. Ондағы ойым 

—  шайханада  қалдырып  кеткен  ер-тұрманымды  ала  кету  едi. 

Оларды  алып,  шайханадан  шыға  бергенiмде  Мұзапар  кездестi. 

Мұзапар  деген  тәшкендiк  жөйiт.  Жөйiт  болғанда,  Бекаба 

бандысының сапында емес. Қайта одан көп қорлық көрген кiсi. 

Шайханадағы болған жайтты ол да көрген екен. Көргенi былай 

тұрсын, сенi ұрған адамды, тiптi оны кiм жұмсағанын бiлетiнiн 

айтты.  Бiрақ  алғашқыда  олардың  атын  атап,  түсiн  түстеуден 

қашқақтап, айтқысы келмедi. Мен ешкiмге айтпаймын деп уәде 

берiп, олардың кiм екендiктерiн ақыры бiлiп алдым. Ұрғанның 

аты  —  Жәлелдин  екен.  Ал  оны  жұмсаған  Бекабаның  сенiмдi 

итi — қазақ Тұрлыбай. Мен Мұзапарға: “Тұрлыбайды танимын. 

Анау  Жәлелдин  дегенiңдi  сыртынан  көрсетшi”,  —  дегенмiн. 

Ол бүгiн түске таман осында келiп, оны көрсетуге уәде берген. 

Сәлден соң Мұзапар келiп қалуы керек. Көрсетсе, Жәлелдиндi 

қайтемiз? Не  ойың  бар?

— Менi ұрған анық сол болса, оны заматта о дүниелiк болды 

дей  бер.  Дегенмен,  әлгi  Мұзапарың  жаңылысып  басқа  бiреудi 

көрсетiп  жүрмесiн.  Бекерден-бекерге  әлдекiмнiң  обалына 

қалып  жүрмейiк.  Сол  үшiн  де  алдымен  көрсеткен  адамының 

ақ-қарасына  жетiп  алайық.  Тұрлыбайға  келсек,  ол  ит  баяғыда 

маған қысастық жасап, кейiн сазайын алған едi. Бiрақ қалай тiрi 

қалғанын  бiлмеймiн.  Ендi  менен  өшiн  алмақ  та.

—  “Мұзапардың  көрсеткен  адамының  ақ-қарасына  жетейiк” 

дейсiң. Ондай мүмкiндiк бар ма бiзде? Ол сенi көргеннен тұра 

қашар.


—  Амалын  табайық.  Сен  Тәшкендi  жақсы  бiлесiң.  Адам 

көзiнен  таса,  бiр  қалтарыс-бұлтарыс  жерлер  бар  шығар. 

— Ондай жерлер көп. Оған оны апаратын амалды ойлау керек.

—  Жаңа  айттым  ғой,  амалы  табылар.  Мұзапар  Жәлелдиндi 

маған  емес,  саған  көрсетсiн.  Сен  әбден  танып  алып,  оның 



371



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет