Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет195/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   265
Сүлеймен қарақшы

  Сүлеймен  оның  артқы  етегiнен  ұстап  алды.  Екеуi  ескi 

қорғанның үйiндiсiнен асып түсiп, өзен жағасындағы жалғыз аяқ 

жолға  шықты.

— Бұл жерде қашаннан берi адам жейсiңдер?

—  Мен  бұлардың  қатарында  бала  кезден  берi  бармын.  Сол 

уақыттан  берi  осында  адам  әкеп  жеймiз.

  Осы  сөзi  үшiн  Сүлеймен  оны  мыжғылап  тастағысы  келдi. 

Бiрақ  бәрiн  бiлiп  алайын  деген  оймен  өзiн-өзi  тежедi.

— Адам жеу сендерге кәсiп пе? Қай ұлтсыңдар өздерiң? Бәрiң 

осы жердiң адамдарына ұқсайсыңдар ғой?

— Бiздiң түбiмiз Бұхара жақтан. Осыдан қанша жыл бұрын 

екенiн  бiлмеймiн,  бiр  кездерi  Бұхара  ханы  бiздiң  адам  жейтiн 

қауымды  қырып  салған  екен.  Содан  аман  қалған  бiр  топ 

аталарымыз  бас  сауғалап,  осында  қашып  келiптi.  Солардан 

өрбiген  бiздер  де  адам  жеудi  жалғастырып  келемiз.



— Өкiмет бiлмей ме бұларыңды?

— Бiлуiн бiледi ғой. Бiрақ бiздi ұстауы қиын. Қайбiр жылы 

бiраз  туыстарымыз  ұсталып  қалған.

— Оларды қайттi?

—  Көбiсi  ату  жазасына  кеттi.  Ал  қалғандарын  итжеккенге 

айдап  жiбердi.

— Сендердi ата салу — аз. Өздерiң адамды қалай сойсаңдар, 

сендердi де солай сойып, қинап өлтiру керек. Осы келе жатқан 

жерiңде  қазықтай  қаға  салайын  ба?!  —  деп  Сүлеймен  тiстене 

қолын көтердi. Жөйiт қолдарымен басын қорғаштап, төмен бұқты. 

— Сұмның жанының тәттiсiн қара тағы... Адам жеу сендерге не 

үшiн  кәсiп  болып  жүр?  Күнде  жесеңдер,  бiр  күнi  Тәшкендегi 

әйелдер мен жас балалардан түк қоймайтын шығарсыңдар.

 Өзiне әзiрше таяқ тимейтiнiн бiлген жөйiт бойын тiктедi.

—  Бiз  адамдарды  күнде  жей  бермеймiз.  Әр  ай  жаңарғанда, 

бiздiң қауымның құрбандық мерекесi болады. Құрбандыққа адам 

шалып, етiн жеймiз...

  Сүлейменнiң  жыны  тағы  қозды.  «Етiн  жеймiз»  дегенiн 

есiткенде,  жөйiттi  қалай  бiр  ұрғанын  өзi  де  бiлмедi.  Етпеттей 

құлап  түскен  оны  көтерiп  тұрғызды  да,  сiлкiп-сiлкiп  жiбердi. 




402

Сүлеймен қарақшы

Реңi құп-қу болған ананың аздап жаны кiрдi. Содан бiр-екi рет 

зорға  дегенде  терең  тыныстады:

— Ұрмаңызшы ендi...

— Мерекелерiңдi адам жемей өткiзсеңдер болмай ма?

—  Адам  етi  тәттi  болады.  Әсiресе  семiз  әйелдер  мен  жас 

қыздардың.  Бiлмеймiн,  үйренiп  қалғандығымыздан  ба,  әйтеуiр 

соған  аңсарымыз  ауып  тұрады.

— Адам етiне аңсарыңды аудырған тәбетiңдi бiраздан кейiн 

өз қаныңды iшiп басатын боласың. Әзiрше әңгiмеңдi айта бер. 

Жейтiн  адамдарыңды  қай  жақтан  ұрлап  әкелесiңдер?

— Кейде шаһарға таяу ауыл-ауылдардан ұрлаймыз. Ал көбiне 

Тәшкендегi базарлардан әкелемiз.

— Қайтiп?

—  Үлкендерiнен  сәл  көз  жазып  қалған  балаларды  жылы 

сөзбен, болмаса тәттi мәмпәси берiп алдап, үлкендеулерiн аңдып 

жүрiп, оңашада қапыда бас салып, ұрып талдырамыз да арбаға 

артып аламыз. Ұрлаудың түрi көп қой. Көктемде, жазда шаһарға 

қаңғып  кеп  қалатын  долылар  да  кейде  бiзге  көмектеседi.  Тiптi 

олардың  кейбiр  уақыттарда  өз  балаларын  да  сатып  жiберетiн 

кездерi  болады.  Қазiр  Шымкент  жақтан  ауып  кеп  жатқан  аш 

қазақтар да, бiзге жүдә оңай олжа боп жүр.

— Адамдарды дәл сол мерекелерiңнiң алдында ұрлайсыңдар 

ма?


— Қай кезде болса да ұрлай беремiз. Жаңа өзiңiз болған үңгiрдiң 

iшiнде қуыс-қуыс бөлмелер көп. Мерекеге дейiн ұрланғандарды 

сол жерде бағамыз.

Оларды қашырмай, қайтiп ұстайсыңдар?

— Қол-аяқтарын байлап қоямыз да. Содан соң оларға көбiнесе 

қан көбейтетiн шөптiң қайнатпа суын беремiз. Соятын адамның 

қаны көп болса, соғұрлым жақсы.

— Қазiр сенi тура мiлисаға апарып өткiзем. Бәрiңнiң көздерiңдi 

құртсын.  Әй,  жоқ,  мiлиса  сендердi  жеңiл-желпi  жазамен 

соттап  жiберуi  мүмкiн.  Абақтыдан  келген  соң  кәсiптерiңдi 

тағы  жалғастырып,  талай  адамның  түбiне  жетесiңдер.  Одан 

да  барлықтарыңның  көздерiңдi  өзiм  құртам.  Бiрiншi  сенен 

бастаймын. Жоқ, бұл да болмайды екен. Егер сенi өлтiрiп қойсам, 

басқа жөйiттердi таба алмай қалам. Осыдан өлмей, тiрi қалғың 

келсе,  соларды  көрсет  маған.  Уай,  айтпақшы,  басты  нәрсенi 



403



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет