Детективті хикаят Алматы, 2021


аңғал келедi» дегендей, осы аңғалдығынан ол талай рет опық



Pdf көрінісі
бет192/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   265
аңғал келедi» дегендей, осы аңғалдығынан ол талай рет опық 

жеген. Дәл қазiр осы жатысының түп мәнiсi неде екенiн ойлаудан 

гөрi «менi осындай күйге түсiрген бұзақының ендi басын алмай 

қоймаспын» деп кiжiне:

— Ей, кiм бар? Ей, бұл қай жер? Мен неге жатырмын мұнда?! 

— деп айқайға басты. 

Айқайлап  жатып,  ары-берi  аунады.  Екi  жаққа  аунағанда 

да  қабырғаларға  тез  соғылды.  Осыған  қарап,  бiр  тар  қапаста 

жатқанын  пайымдады.  Содан  қанша  тепсiне  тыпырлап,  қанша 

бұлқынса да, жiптi үзе алмады. Сiрә, қаскөйлер қол-аяқты бекем 

жiппен  шандып  тастаса  керек.

 Бiр кезде оң жақтан шиқылдап есiк ашылды да, қолына шам 

ұстаған бiреу кiрдi.

— Кiмсiңдер-ей? Мен мұнда неғып жатырмын?

— Неге айқайлайсың сонша?! Өлiгiңе асығып жатырсың ба? 

Оған еш асықпа. Қазiр бiраз нәрселердi көресiң. Содан кейiн аяқ-

қолдарыңды бiр-бiрлеп шауып, қансыратып өлтiремiз.

Сөйлеген  адамның  даусы  жiп-жiңiшке  екен.  Құлағына 

жағымсыз  естiлдi.

— Қатынның даусындай үн шығарып, оттап тұрған бұл қай 

сұмырай?  Босат  менi  тезiрек!

—  Сенi  босатып,  бiздi  ақымақ  дейсiң  бе?  Жұрт  сенi  «жүдә 

күштi» дейдi. Күштi болсаң өзiңдi матаған арқанды үзiп көршi. 

Ә, айтпақшы, бiздi «қорқақ, опасыз» деп айтады екенсiң. Қорқақ 

пен опасыздықты көрсетем саған. Мә, ал сыбағаңды, — деп әлгi 

Сүлеймендi  екi-үш  тептi.  —  Бiз  қорқақ,  опасыз  емеспiз.  Сен 

сияқты  баладай  аңқау,  түйедей  қопал  немелердi  қалай  қолға 

түсiрудi бiлемiз. Өдiмәт әкам саусағының ұшын тигiзбей-ақ сенi 

сiлейтiп түсiрген жоқ па?

— Өдiмәтқа не iстеппiн? Оған еш жамандық қылмаған едiм...

— Өдiмәтке қылмасаң, бiзге қылдың. Өдiмәт те бiздiң адам. Ай, 

осы атан бурадай болған қазақпен мен несiне сөйлесiп тұрмын. 



396

Сүлеймен қарақшы

«Адам  жегiштердi  қырам»  депсiң  ғой.  Көрейiк,  қырғаныңды. 

Жоқ, алдымен бiздiң қалай адам жейтiнiмiздi көр. Әйда, жiгiттер, 

апарыңдар  қасапханаға!  —  деп  бұйырды  әлгi  адам  артына 

бұрылып.

Сүлеймен байқамапты, оның артында төрт-бес жiгiт тұр екен. 

Бәрi бассалып, мұны есiктiң сыртына дедектете сүйредi. Сүйреп 

әкеп,  жан-жағында  бiрнеше  шырақ  жанған,  жап-жарық  кең 

бөлмеге  жатқызды.

— Пәленiң сонша ауырын-ай!

— Осының өзiн сойып жей салсақ қайтедi? Етi көп шығар.

—  Түк  етi  жоқ.  Денесiнiң  бәрi  сүйек.  Бiз  ит  емеспiз,  сүйек 

кемiретiн.

Сүлеймен  нағыз  адам  жейтiн  жөйiттердiң  ортасында 

жатқанын ендi бiлдi. Бiлдi де, «адам жейтiндер қандай болады 

екен» деп, оларға бажайлай қарады. Олардың кәдiмгi адамнан еш 

айырмашылығы жоқ. Бәрi кәдiмгi екi аяқты пенде. Тек белдерiне 

түскен сақалдары ғана қораштау көрiнедi. Көздерi жанып тұрған 

анау  шырақтар  секiлдi  жылт-жылт  етедi.

— Әй, сендер адам жейтiн жөйiтсiңдер ме? 

— Сенбей жатырмысың? Қазiр көресiң онда.

 Бөлме iшiне қолдарында ақ қойдың терiсiнен иленiп жасалған 

екi-екiден сыпыра ұстаған үш әйел кiрдi. Әйелдер сыпыраларын 

жерге  жайып-жайып  тастады.  Содан  соң  сыпыра  үстiне  ұн 

шашты.  Осыларды  көрiп  жатып,  Сүлейменнiң  есiне  Қарынтай 

айтқан  әңгiме  түстi.  Ендi  соны  өз  көзiмен  көрiп  жатыр.  Көрдi 

дегенi  болмаса,  бойы  ыза  мен  кекке  толып,  iштей  назаланып, 

өртенiп-ақ жатыр. Бiрақ байлаудан босана алмай, мысы құрып, 

амалсыз  шыдауда.

Әлден соң сыпыра айналасына адамдар толды. Әйел-еркегi бар 

жиырма қаралы адам ұн себiлген сыпыраны қоршай тұрды. Олар 

айнала тұрғанда Сүлейменнiң бас жағынан әлдеқандай әйелдiң 

сыңси жылаған үнi шықты. Бiрақ сыңсу ұзаққа созылмады. Екi 

жiгiт  бiреудi  сүйреп  әкеп,  сыпыра  үстiне  лақтырып  тастады. 

Сүлеймен қараса, тура көз алдында жап-жас қыз жатыр.

Қарсы  алдындағы  бетi  ары  қараған  қыздың  қай  ұлттан 

екенiн ажырата алмады. Өзiн тырдай жалаңаш етiп, шешiндiрiп 



397



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет