Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет194/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   265
Сүлеймен қарақшы

кiрiскен.  Олардың  iске  жан-тәндерiмен  кiрiскендерi  сондай, 

Сүлеймен  аяғындағы  байлауды  шешiп  тастағанын  байқамады. 

Аяғындағы жiптiң ең соңғы орауын сыпырған Сүлеймен ыршып 

тұрды.  Ыршып  тұрып,  қызды  қаумалай  қоршап,  сойып  жатқан 

жөйiттерге  жетiп  барды  да,  шеттегi  бiреуiнiң  бүйрек  тұсынан 

бiр соқты. Ол артына қарап та үлгермей, сыпыраны сүзе құлады. 

Одан  соң  екiншiсiн,  үшiншiсiн...  Әп-сәтте  жетi  жөйiт  өлген 

қызбен қатар жатты. Сүлейменнiң жылдам қимылдағаны сондай, 

жетi жөйiт жер құшқанша, мұның босанып кеткенiн ешқайсысы 

байқамады.

— Ойбай, көтек. Мына дәу қазақ босанып кетiптi ғой, — деп 

баж еттi сыпыра үстiндегi ұнды домалақтап жатқан бiр әйел осы 

кезде. 


Сүлеймен  оны  ұстай  алды.  Қалған  жөйiттер  секiрiп-секiрiп 

шетке  ығысты  да,  пышақтарын  жалаңдатып,  бұған  қарсы  тұра 

қалысты. Бәрi мұның қалай босанып кеткенiне таң қалысқандай, 

аз-маз сәт таңырқасып тұрды. Iшiндегi тез ес жиған бiрi:

— Жабылайық! — деп айқайлады.

 Сүлеймен олардың жабылғанын күтпедi. Қолындағы әйелдi 

зат  секiлдi  көтерiп  алды  да,  соларға  қарап  лақтырып  жiбердi. 

Әйел көлденеңiнен ұшып барып, аналарға тигенде, қатарласқан 

жөйiттердiң  үш-төртеуi  шалқасынан  түстi.  Қалғандары  есiкке 

қарай  қашты.  Бұл  құлағандарға  жетiп  барып,  тұра  сап  қашуға 

әрекеттенген  бiреуiнiң  желкесiнен  бүре  ұстап,  екiншi  қолымен 

басынан  перiп  қалды.  Жөйiт  бiрден  сылқ  еттi.  Бiрақ  оны 

жiбермеген  күйi  көтерiп  алып,  жерде  жатқандарды  бiр  ұрды. 

Жатқандар  өлмесе  де,  өлердей  болды.  Бағаналы  берi  тұла-

бойындағы  жиналған  ашудың  әсерiнен  оларды  бiр-бiр  соғып 

алды.  Жатқандардың  бiрi  әйел  екен.  Оны  ұрмады.

—  Сен,  қатын,  берi  кел,  —  деп  оның  шашынан  тартып 

тұрғызды.  Әйел  сорлы  қалш-қалш  етедi.  —  Қорықпа,  сенi 

өлтiрмеймiн.  Маған  шығар  есiктi  көрсет.

 Сүлеймен әйелдiң шашын жiбермеген күйi алға итермеледi. 

Жаңа ғана жөйiттер адам сойған кең бөлменiң бiр шетiнде киiзбен 

жабылған есiк бар екен. Әйел үн-түнсiз солай жүрдi. Ол жерден 

өткесiн,  қап-қараңғы  қуыспен  бiраз  жүрдi.  Одан  соң  жоғары 

көтерiлдi. Бiр кезде қуыс тарыла түстi де алдағы әйел қолымен 




400

Сүлеймен қарақшы

сипаланып, бiрдеңенi ысырып қалғанда жарқырап дала көрiндi. 

Әйелдiң әлгi сыпырып ашқаны да киiз екен. Кiре берiс тесiктi 

сонымен  тұмшалап  қойыпты.

— Бұл қай жер? — дедi Сүлеймен сыртқа шыққасын.

— Ескi қорғанның орны ғой. 

— Шаһар алыста ма?

— Анау өзендi жағалап жүрсеңiз, демде жетесiз.

— Ол қай өзен?

— Салар.


— Жаңағы қашқан жөйiттер қайда кеттi?

— Бiр жерге тығылып қалған шығар.

— Бекаба осында ма?

— Жоқ, ол кiсiнiң үңгiрi Бозсудың бойында.

Сүлеймен  айналаға  көз  тастады.  Жан-жақтың  бәрi  төбешiк-

төбешiк  болып  үйiлген  ескi  тамдардың  орны.  Шетте  айнала 

ескi  қорғанның  үйiлген  қалдығы  көрiнедi.  Табан  астында  ескi 

қыштардың сынықтары шашылып жатыр. «Сұм жөйiттер адам 

жейтiн  орынды  құп  тапқан  екен».

— Жүр, маған шаһарға баратын жолды көрсет.

 Әйел алда, Сүлеймен артта жүрiп, жиырма қадамдай өткенде, 

алдыңғы  үйiндiнiң  тасасынан  бiр  еркек  шыға  келiп,  оң  жаққа 

қашты. Сүлеймен әйелдi тастай салып, қуып бердi. Анау желаяқ 

екен. Бұл оған жете алмасын бiлдi де, бiр қыштың сынығын ала 

сап,  лақтыра  ұрды.  Қыш  қашқынның  тура  жон  арқасына  тиiп, 

етпетiнен түсiрдi. Сүлеймен жүгiрiп барып, шап бердi.

—  Өлтiрмең,  өлтiрмең.  Қызды  әкелген  мен  емес,  —  деп 

жалынды  ол.

—  Ә,  өлiмнен  қорқасың  ғой  тағы.  Жаңағы  қыз  өлiмнен 

қорықпады  деймiсiң.  Басыңды  жұлып  алайын  сенiң,  —  деп 

ұрайын  деген  оймен  қолын  көтерiп  тұрып,  сабыр  сақтады.

— Айтқанымның бәрiне жауап берсең, өлтiрмеймiн.

— Сұраңыз, сұраңыз. Бiлетiнiмнiң бәрiн айтайын.

—  Менi  шаһарға  қарай  алып  жүр.  Сұрайтынымды  жолай 

сұраймын.



401



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет