Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет215/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Тамағынан қан әлi сорғалап тұр. Ал арттағы таулықтың бәрiнiң 

қолдарында  сойыл  iспеттес  бiр-бiр  қысқа  таяқ.

— Нәлетiлер, ойламаған жерден басқандарын қарашы, — дедi 

Парманқұл күрсiнiп.

 Сүлеймен кесiлген басқа қараса — Низамның басы. Сорлының 

көздерi бақырайып, жұмылмай да қалыпты. Тiлi сыртқа шығып 

кетiптi. Сiрә, өлгенде тiлiн тiстеп қалған-ау.

—  Сүлеймен  деген  қайсың?  Берi  шық!  Парманқұл,  сен  де 

шық?  —  деп  айқайлады  басты  салбыратып  ұстағаны.

— Бұл кiм? — дедi Сүлеймен.

— Ахмад деген — осы.

Шақырды ғой, шығайық.

— Қап, қолымызда ештеңе болмай қалғанын қарашы.

—  Менiң  қолдарым  олардың  таяқтарынан  мықты,  —  деп 

Сүлеймен  Ахмадтың  алдына  жетiп  барды.

  Сүлеймендi  көргенде  Ахмад  селк  етiп,  қолындағы  басты 

түсiрiп  алды.  Артынша  есiн  тез  жинады.  Тiксiнiп  қалғанын 

басқаларға  бiлдiргiсi  келмедi  ме,  кiжiне  сөйледi:

—  Менiң  бұл  түрменi  билегенiме  он  жылға  таяды.  Содан 

берi ешкiм де айтқанымды екi еткен емес. Жолымды да ешкiм 

кеспейдi.  Кесе  алмайды.  Сен  де  кесе  алмайсың.  Бүгiн  мына 

көтек  Шурхат  пен  басы  кесiлген  Низам  сенiмен  дос  болмаққа 

сөз берiптi. Маған осындай хабар жеттi. Мен бұл түрмеде адам 

түгiлi, қай тышқан қай жерде жорғалап бара жатқанын да есiтiп 

отырамын.  Алдымен  мына  екi  сатқынның  бiрiнiң  басын  кесiп, 

бiрiн көтек қылдым. Ендiгi кезек — сендердiкi. Бүгiн Парманқұл 

екеуiңнен бастап бар қазақтың басы кесiледi. Болмаса, көтектер 

қатарына  қосылады. 

— Не дейсiң-ей?! — деп ақырды Сүлеймен мұны естiгенде. — 

Не деп оттадың, сен хайуан?! Кiмдi көтектер қатарына қосқалы 

тұрсың?


 Шыдай алмай кеткен ол, Ахмадтың бетiнен аямай бiр соқты. 

Ахмад  шалқалай  құлап,  өз  адамдарына  тiрелдi.  Таулықтар 

аяқтарын оңтайлап ұмтыла бердi. Сүлеймен саспады. Ахмадты 

тағы  бiр  ұрып,  сұлатып  түсiрдi  де,  қалғандарына  шүйлiктi. 

Олардың  таяқтарының  соққыларын  елең  де  қылмай,  жайпап 



447

Сүлеймен қарақшы

шықты.  Осы  кезде  Парманқұлдар  да  таулықтарға  жабылды. 

Лезде  қоқаңдап  келгендер  тепкiнiң  астында  қалды.  Бiреулерi 

бақырып, жалынып жатыр. Сүлеймен Ахмадты басынан асыра 

көтерiп алды да жерге бiр ұрды. Ахмад сонда да есiн жоғалтпай 

тұруға әрекеттенiп, көтерiле берген. Сүлеймен оның сақалынан 

тартып  тұрғызды.  Сосын  шекесiнен  қойып  қалды.  Ахмадтың 

тiлi  шығып,  мұрнынан  боғы  ақты.  Сақалынан  жiбермеген  күйi 

Сүлеймен  тағы  бiр  ұрды.  Денесiнен  жан  кетiп,  қиралаңдай 

бергенде,  оны  көтерiп  тұрып,  анадай  жерге  лақтырып  жiбердi. 

Қабырғаға барып соғылған Ахмад дуал түбiне көлденең сұлады. 

 Бұл уақытта қазақтар оның адамдарын әлi төбелеп жатқан. 

Бiр кезде Адамбайдың: “Ойбай, мынау маған пышақ сұғып алды” 

деген ащы даусы шықты. Сүлеймен сол жаққа бұрылды. Қолында 

пышағы бар Паяз оны екiншi рет ұрмаққа дайындалып тұр екен. 

Бес-алты қадамдай тұрған Сүлеймен оған бiр сәтте жетiп барды. 

Барды да пышақ ұстаған қолына шап бердi. Паяздың қолынан әл 

кетiп, пышағын түсiрiп алды. Ал өзi бұлқынып, босанбақ болды. 

Ашуы тарамаған Сүлеймен оның қақ төбесiнен бiр ұрып, кескен 

ағаштай жалп еткiздi. 

 Бұрындары мұның құлаған адамды ұратын әдетi жоқ едi. Осы 

жолы көзiне түк көрiнбей кеткен ол, жерде жатқан Паяз бен оның 

пышағын бiрдей көтердi.

— Әбден дандайсып кеткен екенсiңдер. Сәл нәрсеге бола адам 

өлтiруге әдеттенген сен найсапты да қатыра салайын, — оны да 

көтерiп алып, лақтыра салды.

 Парманқұлдар да қалған таулықтарды өлгенше таяқтады. Бiр 

де бiр дұшпан тұруға жарамады. Сүлеймен болса, оларды шетiнен 

қолына iлiп ап, лақтырып жатыр. Бұлай ете берсе, олардың бiр де 

бiрiн тiрi қалдырмайтынын сезген Парманқұл оның алдына келiп 

тұра қалды:

— Болды, Сүлеймен, болды. Шетiнен қиратып тастадық. Уай, 

болды деймiн. 

Сүлеймен  әзер  тоқтады.  Таулықтардың  бәрi  қирап  жатыр. 

Ахмад  та,  Паяз  да  қанға  бөгiптi.  Қалғандары  да  шалажансар. 

Қимылдап-қимылдап қояды. Ал барактағылардың жүздерiн үрей 

басқан.  Дымдарын  iштерiне  тартып,  тынып  қалған.

 Осы сәтте баракқа оншақты солдат жүгiрiп кiрдi. Оң қолының 

қарына қызыл мата байлаған алдыңғысы:



448



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет