Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет223/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   265
Сүлеймен қарақшы

жатқан  күзетшiлерге  қарады:  —  Бәрiң  байынан  таяқ  жеген 

қатындарға  ұқсап,  етпеттеп  жатып  алмай,  ана  бұрышқа  барып 

отырыңдар. Егер қарсылық көрсетпесеңдер, сендерге тимеймiз.

Жатқан үшеуi тұруға қорқып, Парманқұл көрсеткен бұрышқа 

еңбектеп  жеттi.  Жеттi  де  бiр-бiрiне  тақаса  отырды.  Жүздерiн 

үрей  жайлапты. 

— Мылтықтарың қайда?

— Анау бұрыштағы киiздiң астында.

Айдабол  күзетшi  көрсеткен  бұрыштағы  киiздiң  астындағы 

екi мылтықты шығарды. Мылтықтар кәдiмгi аңшы мылтықтары 

екен. Мылтықтарда бiр-бiр оқ бар.

— Басқа оқтарың жоқ па?

— Барымыз — осы.

— Арқандарың бар ма? — дедi Парманқұл.

— Арқан деген көп. Анау кiре берiсте iлулi тұр.

— Айдабол, арқандарды әкел де, мыналарды байла!

  Әп-сәтте  Айдабол  үш  күзетшiнi  бiр-бiрiне  қосақтап,  матап 

тастады.  Оларды  матап  болғанда,  Сүлеймен  ұрған  күзетшi  ес 

жиып, қозғалақтай бастады. Айдабол оны сүйретiп әкеп, аналарға 

қосақтады.  “Айқайлап  жүрмесiн”  деп,  жiңiшке  арқанмен 

ауыздарын  да  керiп  байлады.

Күзетшiлердi  осылай  жайғаған  соң  Сүлеймен  мен  Айдабол 

олардан  олжалаған  мылтықтарды  арқаларына  iлдi.

—  Есiктi  сыртынан  бiр  нәрсемен  тiреп  кетейiк,  —  дедi 

Парманқұл  далаға  шыққандарында.

— Тiреп кететiн сол нәрсе табылса де, — деп Айдабол жан-

жағына қарады. Анадай жерде бiрдеңе дүңкиiп қарайып жатыр. 

Жақындап барып едi, дәу тас екен.

— Сүлеймен, мынаны көтере аласың ба?

—  Не  нәрсе  екен?  Алдымен  көрейiк  те,  —  деп  Сүлеймен 

Айдаболға  жақындады.  –  Тас  па,  немене  жатқан?  Иә,  тас  екен 

ғой. Ары тұршы, көтерiп көрейiн, — деген ол тасты сәл қозғап 

көрдi. Сосын “ауп” деп көтердi де, оны үйшiктiң есiгiне тiреп қоя 

салды.

— Парманқұл, мынауың шынымен алып қой.




466

Сүлеймен қарақшы

—  Бiзбен  бiрге  жүре  берсең,  мұның  алыптығын  әлi  талай 

көресiң.  Сен,  бiздi  ендi  Желтимес  тұрған  жаққа  баста.

База  iшi  атшаптырымдай  кең  екен.  Қарақшылар  сиырлар 

тұрған қорадан өтiп, қойлар қамалған шарбаққа жеттi. Алда келе 

жатқан Айдабол тоқтап, қолымен оң жақта тұрған төбесi жабулы, 

атхананы  көрсеттi.

— Желтимес осы атхананың iшiнде. Бiр нәрсеге соқтығысып 

қалмай, абайлап жүрiңдер.

Аздан кейiн үшеуi атхананың ауыз есiгiне жеттi.

— Әй, Байкелдi, берi шық! 

Iштен бiреу күркiлдей жөтелдi.

—  Ай,  қайсың  бұл?  Омат  сенбiсiң?  Не  болып  қалды?  Тағы 

бiр қойды жасырып сойып, бас пiсiрiп жатырсыңдар ма? Омат 

сенбiсiң  деймiн.  Даусыңды  ажырата  алмай  тұрмын.

— Мен, мен ғой.

— Берi кiре берсейшi. Есiк байланбаған.

Айдабол  бiрiншi  кiрдi.  Оның  артынан  күзетшi  байқап 

қоймасын  дегендей,  Сүлеймен  мен  Парманқұл  бұқпантайлап 

ердi.  Бұқпантайлап  келе  жатып,  сол  жақта  жылқылардың  көп 

екенiн  байқады. 

— Келе бер, келе бер. Мен қазiр шырақты жағып жiберейiн, — 

дедi күзетшi тағы сөйлеп.

Жақпай қоя тұр, — дедi Айдабол.

— Неге жақпаймын. Жоқ, бiрден үйшiкке барамыз ба!

Айдаболды өз адамы деп ойлаған ол сорлы орнынан көтерiле 

берген. Осы сәт оны Айдабол бассалды.

— Әй, әй, кiмсiң, кiмсiң?

— Кiм екенiмiздi кейiн танисың. Кеуiртiңдi әкел берi!— дедi 

Парманқұл.

Бұл кезде оған Сүлеймен де жабыла кеткен. Қараңғыда өзiн 

әзiрейiлдей  боп  басқан  Сүлейменнен  зәресi  ұшып  кеттi  ме, 

күзетшi:  “Астапыралла,  астапыралла,  Ағузи  биллаһи  мин  аш 

шайтани  ражим”  деп  күбiрлей  жөнелдi.

—  Дұғаны  қор  қылмай-ақ  қой.  Бiз  шайтан  емеспiз,  —  деп 

Парманқұл  оның  өн-бойын  тiнткiлеп,  кеуiртiн  тауып  алды.

Шырақты  жаққанда  көргендерi  —  күзетшiнiң  жатқан  жерi 

қораның тура шетi екен. Бас жағындағы ақырда бiр ат байлаулы 

тұр.  Оның  Желтимес  екенiн  Сүлеймен  бiрден  бiлдi.  Шырақ 



467



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет