Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет217/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Жолдас  бастық,  не  болды?  —  дедi  анау  екеуi  қолдарын 

шекелерiне  апарып.  —  Шақыруыңызбен  келiп  тұрмыз.

 Тергеушi өз iсiне өзi ұялып қалды.

— А-а, ештеңе емес. Бара берiңдер, бара берiңдер.

 Солдаттар керi бұрылды. Олар кеткесiн, орнына жайғасқан 

тергеушi, қолына қаламын алып, әлдене жаза бастады. Сүлеймен 

байқап отыр. Ол заты қорқақ адам екен. Жазу жазған қолдары дiр-

дiр етiп, ырқына көнбедi. Тек бiраз уақыттан соң ғана басылды.

— Сөйтiп сен, Низамның басын кескен де, бiзге келiп тиiскен 

де Ахмадтың өзi дейсiң ғой.

 Бұл жолғы үнi бәсең шықты. Манағы әкiреңдеген қарқыны 

басылғандай.

— Тап солай.

— Ал Ахмад пен Паязды мүгедек еткенiңдi мойындайсың ба?

— Оларды мүгедек етем деп ойлағам жоқ. Ашумен қаттырақ 

ұрыппын… Егер мен ұрмағанда олар менi, бiр менi ғана емес, 

бәрiмiздi өлтiрер едi. Менiкi қорғану ғана болды.

—  Қорғанған  адам  сен  секiлдi  болмайтын  шығар.  Пышаққа 

қарсы пышақ жұмсау — совет заңына қайшы.

—  Сонда  “iсiмiз  заңға  қайшы”  деп  өле  беруiмiз  керек 

пе.  Заңдарың  мықты  болса,  неге  Ахмад  пен  Паязды  бұрын 

ауыздықтап 

қоймадыңдар?

Сұрақты сен емес, мен беруге тиiспiн.

 Содан тергеушi бiраз уақыт жазумен болып, тiл қатпады. Үш-

төрт беттi толтырып жазған соң: 

— Сауатың бар ма? Оқып, жаза аласың ба? — дедi. 

— Аздап арапша жаза аламын. 

— Арапша жазу — молдалардың iсi. Бiз жаңа жазуы бар жаңа 

өкiметтiң адамдарымыз. Жарайды. Мына сияны бармағыңа жақ 

та, қағаздың шетiне бас. 

— Не деп жаздың мұнда? 

— Сенiң жауаптарыңды жаздым. 

— Мұнша жазатындай менен көп сұрақ алған жоқсың ғой.

—  Не  жазылғанды  сұрай  беру  шарт  емес.  Бас  деймiн 

бармағыңды! 

— Неге басамын. Не жазғаныңды оқып бер. Одан соң көремiн. 

—  Жаңағы  солдаттарды  қайта  шақырайын  ба?  Олар  келсе, 

өзiңе  не  көрсететiнiн  бiлесiң  бе? 




451

Сүлеймен қарақшы

— Олар не көрсетсе, соны көрсете берсiн. Бiрақ сен оқымай, 

мен  қағазға  бармағымды  баспаймын.  Кiм  бiледi,  сен  онда  бар 

пәленi  маған  үйiп-төгiп  жазған  шығарсың. 

—  Қарауыл!  —  деп  айқайлады  тергеушi.  Iшке  қолдарында 

мылтықтары  бар  бағанағы  екi  солдат  кiрiп  келдi. 

— Шақыруыңызбен келiп тұрмыз. 

— Мынау қағазға қол қоймай жатыр. Қол қоюды үйретiңдершi. 

  Алдындағы  солдат  жанындағысына  мылтығын  ұстата  сап, 

Сүлейменге  жақындады.

— Мұндай қабандардың терiсi қалындау келедi. Бiрақ жанды 

жерiн  оп-оңай  табуға  болады,  —  деп  ол  Сүлейменнiң  құлақ 

астынан  бiр  ұрды. 

  Қапысыз  отырған  бұған  соққы  қатты  батты.  Мұндай  кезде 

Сүлеймендi  ешкiм  тоқтата  алмайды.

— Уай, атаңа нәлет. Көрсетейiн саған ұрғанды, — деп орнынан 

атып  тұрды  да  әлгi  солдатты  басымен  қойып  жiбердi.  Солдат 

еденге гүрс құлады. Сосын тергеушiге бұрылды: — Хайуан сенi 

де өлтiре салайын. 

Шошып кеткен тергеушi үстелдi айнала қашты. 

— Ат, атып таста! — деп бақырды ол солдатқа. 

  Солдат  мылтығын  оқтады.  Сүлеймен  сұсты  жүзбен  оған 

қарап  едi,  солдат  қолынан  мылтығын  түсiрiп  алды.  Сiрә,  ол 

да  Сүлейменнiң  ашулы  бет-жүзiнен  зәре-құты  қалмаса  керек. 

Түсiп кеткен мылтығын алуға да жарамай, есiктен атып шықты. 

Артынан тергеушi де зу еттi. Сүлеймен солдаттың түсiп кеткен 

мылтығын  есiкке  қарай  бiр  тептi. 

— Хайуан, сужүректер. Қолым байлаулы болмағанда екеуiңдi 

де есiктен шығармас едiм. 

 Осылай кiжiнiп кеп, үстелiне отырды. Жерде жатқан солдат 

қозғалып, есiн жиды. Бұның оған жаны ашып кеттi. Жиырма екi-

жиырма үштердегi жас жiгiт. 

— Нең бар едi менi ұрып? 

 Солдат басын көтерiп, сiлкiп-сiлкiп алды. 

— Мыналар қайда? 

— Қашып кеттi. 




452

Сүлеймен қарақшы

  Орнынан  тұрған  ол,  үн-түнсiз  есiкке  беттедi.  Есiкке  жете 

бергенде  арғы  жақтан  топырлап  бес-алты  қарулы  солдат  кiрдi. 

Олар Сүлейменге мылтықтарын кезенiп, дуалды жағалай тұрды. 

Артынан  кiрген  тергеушi  таяқ  жеген  солдаттқа  қарады. 

— Ей, сенi тағы ұрған жоқ па? 

 Солдат басын шайқады. 

— Қалай ұрамын. Қолым байлаулы емес пе. 

—  Сен,  қабан,  жап  аузыңды.  Айда,  солдаттар,  мұны  жеке 

жертөлеге  қамаңдар!  Бес  күн  бойы  сонда  жатсын. 

— Орныңыздан тұрыңыз! — дедi бiр солдат. 

— Тұрамын. Бiрақ артымда жүрсеңдер, атып тастасаңдар да 

жүрмеймiн. Ал алдымда жүрсеңдер, қайда апарсаңдар да iлесiп 

жүре беремiн. 

 Тергеушi мұның сырын бiлсе керек. 

— Мейлi, алда жүрiп-ақ апарыңдаршы, апаратын жерге.

 Солдаттар оны бағана өзi шыққан кiшкене үйге алып келдi. 

Бiрақ күнде жатқан жерiне емес, басқа қап-қараңғы тар камераға 

кiргiздi. Сүлеймен мұнда кiргенде бiр-ақ байқады. Камера iшi өте 

тар екен. Табаны да, дуалы да тас. Дуалға арқа сүйеп отырмасаң, 

жатуға  болмайды.  Былайша  айтқанда,  Сүлеймен  жатса  бұл 

жерге сыймайды. Еш болмаса ары-берi жүретiн кең болсайшы. 

Бұрындары түрмелерде осындай камералар бар деп көп еститiн. 

Ендi мұны да көзi көрдi.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет