Детективті хикаят Алматы, 2021


Бiресе  тұрып,  бiресе  жүрелей  отырып,  бiр  түндi  зорға



Pdf көрінісі
бет218/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   265
Бiресе  тұрып,  бiресе  жүрелей  отырып,  бiр  түндi  зорға 

өткiздi. Қанша қиналса да дуалға сүйене отырып, ұйықтай 

да  алмады.  Тек  бостандықты  ғана  жаны  сүйетiн  бұл 

жарылып  кетердей  күй  кештi.  Бiрақ  адам  неге  болса  да 

шыдайды емес пе. Шыдап бақты. Бар ермегi — ой ғана. Осы 

бiр түннiң iшiнде ойына нелер келiп, нелер кетпедi десейшi. 

Қанша  мықтымын десе де, тағдыр алдында осал екендiгiн 

ендi мойындады. Бiрақ Сүлейменнiң осал болғысы келмейдi 

ешқашан…  Алайда  мынадай  шарасыз  халде  тұрғанда  тау 

қопарып,  тас  жаратын  мықтылық  туралы  ойлау  да  әбес 

екенiн бiледi. Дегенмен, бәрiбiр, Сүлеймен жасуды сүймейдi…


453

Сүлеймен қарақшы

 Камера iшi қап-қараңғы. Сыртта күндiз бе, түн бе, уақыттың 

қай мезгiл екенiн бiлу де қиын. Камераның бiр жерiнен жылт етiп 

сәуле түспейдi. Құдды көр дерсiң.

 Бiр кезде сықырлап есiк ашылды. Ашылған сыртқы есiк. Одан 

соң  бұл  жатқан  камераның  есiгi  ашылды.  Камера  iшi  жарыққа 

толды.  Есiктiң  бергi  жағында  темiр  торлы  тағы  бiр  есiк  бар. 

Келген  солдаттар  оны  ашпай  тұрып:

—  Мәменов,  екi  қолыңды  артыңа  ұстап,  торға  жақында,  — 

дедi.


  Бұл  олардың  айтқандарын  iстедi.  Екi  солдат  темiр  торлы 

есiктiң арғы жағында тұрып, мұның қолын байлады. Содан соң 

темiр  торды  ашты. 

— Ер соңымыздан!

 Сыртта тағы төрт солдат тұр екен. Олар артына ере берiп едi, 

Сүлеймен тоқтай қалды.

— Неге тұрып қалдың? — дедi бiр солдат. Сосын есiне бiрдеңе 

түстi ме: — Ә, мұны артынан айдауға болмайды. Екеуiң жанында, 

қалғандарың алдында жүрiңдер, — деп өзi бiрiншi боп алға түстi.

Бұл  жолы  да  тергеушiнiң  бөлмесiне  келдi.  Қасында  әскери 

киiмдi тағы екi адам отыр. Әдетте сотталушы кiргенде тергеушiнiң 

бет-әлпеттерiнен сұстары төгiлiп, қаһарланып отырушы едi. Ал 

мыналар бүгiн жайдарлы секiлдi.

—  Отыр,  ә,  жоқ,  отырыңыз,  —  дедi  олардың  бiрi  үстелдi 

нұсқап.

 Сүлеймен отырды. “Бүгiн не сұрар екен? Тағы да Ахмад пен 

Паяз туралы әңгiме айтылатын шығар”.

—  Мамажан  әкә  сiзге  кiм  болады?  —  дедi  жана  үстелдi 

нұсқаған  тергеушi.

 Тергеушiлердiң кейде әлдененi алдап сұрайтынын Сүлеймен 

жақсы бiледi. “Мамажанды да түрмеге тарту үшiн менен әдейi 

сұрап отырған шығар” деп топшылады.

— Ондай кiсiнi танымаймын.

Оны танымасаңыз, ол сiздi таниды екен.

— Менi танитындар көп қой.

— Қысқасы, сол кiсiнiң көмегiмен бiзге жоғары жақтан сiздi 

босатуға үкiм келдi. Бүгiннен бастап азатсыз. Сендер бұл кiсiнiң 



454

Сүлеймен қарақшы

қағаздарын толтырып, шығарып салыңдар, — деп манадан берi 

сөйлеп  отырған  тергеушi  орнынан  тұрып,  жанындағыларға 

қарады да, Сүлейменге жақындады: — Мамажандай танысыңыз 

бар  сiз,  жолы  болғыш  адам  екенсiз.  Тек  бұдан  былай  тыныш 

жүрiңiз.  Анау  шыға  берiсте  сiздi  Парманқұл  күтiп  отыр.  Бiрге 

кетесiздер.

  Сүлеймен  iштей  қатты  қуанды.  Онысын  сыртқа  бiлдiрмедi. 

Тергеушi  қағазын  жазып  толтырып  бiткенше,  мызғымай  отыра 

бердi. Әлден соң жазып бiттi.

— Баракта қандай заттарың бар едi?

— Ешқандай затым жоқ.

 Бұдан соң ол қарауыл солдаттарды шақырып, Сүлейменнiң 

қолын  шештiрдi.

— Сыртқа дейiн шығарып салыңдар.

 Солдатқа iлесiп, асыға басып, сыртқа шықты. Шыға берiсте 

Парманқұл отыр екен. 

—  Мамажан  бiзге  күйме  жiберiптi.  Мұндай  күймеге  мiнiп 

көргенiң  бар  ма  едi?

— Анада Мамажанмен бiрге осындай күймеге мiнгем.

 Екеуi күймеге отырды. Божы ұстаған айдаушы аттарға “шу” 

деп қамшы басты. Күйме шаһарға қарай зулай жөнелдi.

 Күйме бiр сағатқа жетпей-ақ Мамажанның үйiне жеттi. Екеуiн 

есiк алдында Мамажанның өзi күтiп тұр екен. Құшағын жайып 

қарсы алды.

—  Бұзықтықты  бiр  жаныс  пен  бiр  құлшығаш  iстейдi.  Ал 

оларды бiр алғи құтқарып алады. Бұрындары бiр құлшығашты 

құтқарам  деп  шаршаушы  едiм.  Бұл  жолы  “бiреу  едi  —  маям, 

екеу болды — қаям” дегеннiң керi келдi. Жә, мейлi, қалай, аман-

саусыңдар  ма,  әйтеуiр?

Сол күнi үшеуi түн ауғанша әңгiмелестi. Жатар кезде Мамажан:

— Сендердi құтқару маған оңай болған жоқ. Сол үшiн қазiрше 

сендерге  Тәшкенде  жүруге  болмайды.  Қоқандағы  қатыныңды 

сағынған  шығарсың,  Сүлеймен.  Екеуiң  де  ертең  сол  жаққа 

аттанып,  сонда  бiр  жылдай  тұрып  келiңдер,  —  дедi.

—  Қоқанға  емес,  өзiмнiң  ел  жағыма  барсам  қалай  болады 

екен? Бiр-екi белсендiден алатын кегiм бар едi. Әлi кедейлердi 



455

Сүлеймен қарақшы

шулатып, басынып жүрген шығар. Айтпақшы, сен бiлесiң ғой, 

Мамажан. Елде аштық әлi жүрiп жатыр ма екен? Жоқ әлде жағдай 

жақсарайын деп пе? 

— Жалғыз өзiңнiң қолыңнан күллi елдi тойдыру келе қоймас, 

Сүлеймен. Дегенмен естуiм бойынша, Қазақстанға жаңа басшы 

келiп, жұрт тойына бастаған сыңайлы.

—  Сен  не  десең,  о  де.  Менiң  бiр  өкiнiшiм  —  елiмдi  аштық 

жайлаған кезде нәр таппай қырылған жұртқа титтей де көмек бере 

алмағаным.  Орта  шаруаның  соңғы  лағына  дейiн  тартып  алған 

белсендiлердiң  көзiне  көк  шыбын  үймелете  алмаған  болсам, 

менiң  күштiлiгiм  қайда.  Өмiрдiң  бәрi  кiлең  баскесерлермен 

алысумен өтiп барады. Әй, Парманқұл, айтшы. Сен екеумiз қазақ 

игiлiгi  үшiн  қашан  тiрлiк  қыламыз?

—  Е-е,  Сүлеймен,  бiле  бiлсең,  қазақ  намысы  үшiн  аз  тiрлiк 

iстеген  жоқсың.  Жөйiттердi  жайратып,  басынған  бұзықтарды 

сабасына түсiрiп жүргенiң, Тәшкендегi ауғынды аш қазақтарға 

көмектескенiң  —  халқыңды  биiкке  көтергенiң  емес  пе?  Қай 

қазақтың қаһарманы саған ұқсап, оларға қарсы тұра алды. Рас, 

сен бiр ұлттың аузына iлiккен, бетке ұстар батыры да, ел бастаған 

көсемi де емессiң. Бiрақ бәрiбiр, баскесерлер  арасында әдiлдiк 

орнатсам  деп,  ылғи  күресiп  жүретiн  қаһармансың.  Заманыңа 

қарай  пешенеңе  жазылғаны  осы  болса,  қылар  амалың  бар  ма? 

Әттең, қалың жауға қарсы найза бiлеп, атойлап қол бастайтын 

дәуiрде  тумаған  екенсiң.  Сол  кезде  қаһарыңнан  қалың  жау 

ығатын  хас  баһадүрдың  нағыз  өзi  болар  едiң.  Ал  мына  заман 

сенiң ерен күшiңе тұсау салған кер кезең болып тұр. Сендегi бұла 

күштiң тасқыны бөгесiн таппай арқыраған сел ғой. Құдай өзiңе 

осындай  қасиет  берген.  Оның  берген  тағы  бiр  жақсы  қасиетi 

—  сенi  ақылды  тентек  қылып  жаратқаны.  Өздiгiңнен  ешкiмге 

тиiспейсiң.  Бiреудi  бiреу  басынғанын  жек  көресiң.  Бiр  есерсоқ 

сәл шамыңа тисе, басын кесiп алуға дайынсың. Иә, қайсыбiрiн 

айтайын. Дегенмен кейде артық кетiп қалатын жерiң де бар. Иә, 

бiрақ, қалай айтсам да, сенде бiр құдiреттiң бары рас...

— Мұның құдiреттiлiгi қара күшiнде ғой, — дедi Парманқұл.

—  Бiр  ғана  қара  күшiнде  емес,  жүректiлiгiнде  де  бар. 

Әйтпесе, қазақта бұдан да мықты жiгiттердiң болуы кәмiл. Тек 



456



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет