Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет224/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   265
Сүлеймен қарақшы

жарығы әлсiз болса да оның сұлу мүсiндi жылқы екенi бiлiнiп 

тұр.

— Ей, қайдан келген ұрысыңдар? — дедi осы кезде өз-өзiне 



келген  күзетшi.

— Бiз ұры емеспiз, — деп бiр ұрды Парманқұл оны. — Бiз 

ел-жұртты тонаған сендер сияқты харам ұрылардан өш алатын 

қаһармандармыз.  Айдабол,  жiбер  оны.  Сен,  Сүлеймен,  бұған 

бiздi  “ұры”  дегенi  үшiн  көресiнi  көрсетшi.

— Өй, мынау Айдабол ма? О, баукеспе неме. Ертең Мырзатай 

белсендiге  айтып,  итжеккенге  айдатып  жiберемiн  сенi,  —  деп 

шаңқ еттi күзетшi.

— Мына күзетшi, Парманқұл, қырсық па деймiн. Қырсықтығын 

қазiр-ақ  сығып  алайын,  —  дедi  де  Сүлеймен  оның  тамағын 

мытып  жiбердi.

Күзетшi  өлгеннен  ары  болды.  Сол  сұлап  жатқан  жерiнен 

Айдабол  оны  байлап  тастады.  Сосын  Желтиместi  ақырдан 

босатып,  жетектеп  Сүлеймендердiң  алдына  әкелдi:

—  Жылқының  қандай  екенiн  түр-тұрқынан  танисың  ба? 

Қарашы,  жануар  қандай  өзi?  Пай-пай,  аяқтарын  көршi.  Жалы 

мен  жамбасын  қара.  Тұлпар  ғой  жануар,  тұлпар.

Сүлеймен Желтиместен көзiн ала алмай тұр. Шынында, келiстi 

ат екен. Жал-құйрығы төгiлген. Мұндай атты күнделiктi мiнiске 

салу обал-ақ.

Желтимеске  салатын  ер-тоқым  да  осында  екен.  Айдабол 

Желтиместi  ерттеп  болғанша,  бұл  аттан  көз  алмады.

— Ал Сүлеймен ойымызды iске асырдық. Ендi не iстеймiз? 

Желтиместi жетекке алайық та, қорадағы жылқылардың бiразын 

айдап  кетейiк.  Ал  Айдабол,  сен  атқа  мiн  де,  анау  қойларды 

шығарып, ауылдың iшiне кiргiзiп жiбер. Жұрт шетiнен ұстап жей 

берсiн.

— Бұл да бiзбен бiрге кетедi ғой.

— Бала-шағасын қайтпек?

— Мұның үйiнде шешесiнен басқа ешкiм жоқ.

— Белсендiлер ертең оған зияндық iстеп жүрмей ме?

— Олар өлмелi кемпiрдi неқылсын.




468

Сүлеймен қарақшы

—  Мейлi,  онда  далаға  шығып,  аттарымызға  мiнейiк  те, 

жылқыларды  айдайық  тауға  қарай.

— Мен қойларды ауыл шетiне кiргiзiп келгенше, сендер ұзап 

кетпейсiңдер ме? — дедi Айдабол.

— Бiз жайлап Аршасаймен жоғары өрлей беремiз. Сен қуып 

жетерсiң.

Үшеуi  Желтимеске  мiнбей,  сыртқа  жетектеп  шығарды.  Өз 

аттарына  мiнген  соң  базаға  қайта  кiрiп,  Айдабол  қойларды, 

Сүлеймен  мен  Парманқұл  елушақты  жылқыны  айдап  шықты. 

“Жылқыларды не iстеймiз? Қай жерге дейiн айдап барамыз?” деп 

бiр-бiрiнен  сұрамады.  Қарақшылар  мұндайда  бiр-бiрiне  сұрақ 

қоймайды.

Елушақты жылқыны айдаған қарақшылар сол түнi Шыршық 

тауынан асып, Шатқал жоталарына жеттi. Бұл өңiр де таулы жер. 

Қырғыз  бен  Қоқанға  асатын  төте  жолдың  үстi.  Таң  ата  терең 

шатқалға жылқыларды қамап, өздерi аттан түстi.

—  Бiз  түнде  жүрiп  өткен  тау  аңғарын  ақсайлықтар  жақсы 

бiледi. Егер қазiр ол жақтан артымызға қуғыншы түссе, олар түс 

мезгiлiнде осы маңға жетiп қалары хақ. Сол үшiн де үш сағаттан 

артық мұнда аялдап қалуға болмайды, — дедi Айдабол.

—  Бұл  өңiрдi  Парманқұл  екеуiң  бiлмесеңдер,  мен  жақсы 

бiлмеймiн. Ендi айтыңдаршы, Желтимес пен мына жылқыларды 

не  қыламыз?

—  Анау  қар  басып  жатқан  шыңдарды  көрдiң  бе?  —  дедi 

Айдабол күнгей беттегi тауларды нұсқап. – Таудың осы бөлiгiн 

Ғарамты дейдi жергiлiктi халық. Ал Ғарамтының ар жағындағы 

жазық  Бестоғай  деп  аталады.  Бестоғайда  қаңлылар  мен  бiраз 

сейiт  қожалар  тұратын  үш  қазақ  ауылы  бар.  Былтырлар  қазақ 

даласын ашаршылық жайлаған кезде Қаратау мен Сарысу жақтан 

ауып келген көптеген қазақтар сол ауылдарға келiп тұрақтады. 

Ата қоныстан ауған жұрттың жай-күйi бiрден оңала қойсын ба? 

Мына  жылқыларды  соларға  таратып  берейiк.

— Е, мұның жөн. Ал Желтиместi қайтемiз?

—  Бестоғайда  Бейiсқожа  деген  тамырым  бар.  Соны  тауып 

алсақ, Желтиместiң жайын содан кейiн ойластырамыз. Ал қазiр 

бiр  сәт  мызғып  алайық.



469



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет