Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет222/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Дап-дайын  тасты  қалап  шығу  қиын  деймiсiң.  Мұны 

тұрғызуға  он  емес,  жиырма  емес,  жүздеген  адам  жабыл-ған.

—  Әй,  Парманқұл,  жай  сөйлесеңдершi.  Түнгi  дауыс  алысқа 

кететiнiн  өздерiң  бiлесiңдер  ғой,  —  дедi  Айдабол.

Сол жақтағы дуал бiткенде қорған оңға қарай тағы созылған 

екен.

— Ендi сәл жүрсек, қақпаға тiрелемiз, — деп Айдабол атының 



басын тежедi. – Ары қарай жаяу барайық. Аттарды ана ағаштарға 

байлап кетейiк.

Үшеуi  дыбыссыз  басып,  база  қақпасының  маңына  келдi. 

Осы  жерде,  Сүлейменнiң  есiне  Ленгiрдегi  базадағы  малдарды 

босатып,  ауылға  қарай  айдап  жiбергендерi  түстi.  Сол  база  мен 

мына  база  ұқсас  тәрiздi.  Онда  күндiз,  ал  қазiр  түн  болса  да 

қарайып көрiнген мына дуалдар Ленгiрдiң базасындағы дуалдар 

сияқты.


Айдаболдың  қақпа  дегенi  ұзын  шарбақ  есiк  екен.  Шарбақ 

есiктiң  ар  жағында  кiшкене  үйшiк  тұр.  Үйшiк  терезесiнен 

жылтыраған  жарық  көрiнедi.

— Анау үйшiк қарауылдар отыратын жер, — деп сыбырлады 

Айдабол.  —  Ал  Желтимес  базаның  сонау  түкпiрiндегi  қамба 

қорада.  Оған  жету  үшiн  сиыр  қорадан  өтiп,  қойлар  қамалған 

тұсқа жетуiмiз керек. Желтимес тұрған жерде мылтығы бар тағы 

бiр  күзетшi  отырады.

— Базада қанша жылқы бар?

— Жүзге тарта бар-ау деймiн.

—  Бекерге  сыбырласа  бергенше,  мына  күзетшiлердi  қалай 

байлап  тастаймыз?  Соны  айтсаңдаршы.

Сүлеймен мен Айдабол тым-тырыс қалды.

—  Бұларды  улатпай-шулатпай  байлау  керек.  Әйтпесе 

Желтиместiң  жанында  отырған  күзетшi  есiтiп  қоюы  мүмкiн. 

Қанша  дегенмен  оның  мылтығы  бар  ғой.

—  Үйшiкке  баса-көктеп  кiрiп  барайық.  Айдабол,  сен 

сойылыңды, Парманқұл, сен, мылтығыңды оңтайла. Бұлай тұра 

берсек,  бекерге  таңды  атырамыз.

Сүлеймен шарбақ есiктен асып түстi. Артынан аналар iлестi. 

Үйшiк  есiгiне  келгенде  тұра  қап,  тың  тыңдады.  Iштегiлер 



464

Сүлеймен қарақшы

күбiрлесiп  сөйлесiп  отыр.  Кейде  қарқылдасып  күлiсiп  қояды. 

Бәрi  қаннен-қаперсiз.  Сүлеймен  есiктiң  тұтқасын  бар  күшпен 

тартты. Есiк iштен байланбапты. Шалқалай ашылды. Осы кезде 

бiрiншi боп, өзi iшке кiрiп барды. Үйшiкте жанып тұрған шамды 

айнала  төрт  кiсi  отыр  екен.  Түрi  адам  шошырлық  еңгезердей 

Сүлеймендi көргенде олар сасып қап, аңтарыла қалысты. Екiншi 

боп  кiрген  Парманқұл  оларға  мылтығын  кезендi:

— Бiреуiң қит етсеңдер, атып саламын. Айдабол, мыналардың 

мылтықтарын тез жиып ал.

Күзетшiлердiң мылтықтары төр жақта болуы керек деп ойлаған 

Айдабол,  оларды  айналып  өте  берген.  Осы  сәт  күзетшiнiң  бiрi 

орнынан қарғып тұрып, Айдаболға бассалды. Оның шапшаңдығы 

сондай, әп-сәтте Айдаболдың арт жағынан құшақтай алып, бiр 

қолымен оның тамағын қысып, тырп еткiзбедi.

—  Нәлетi  ұрылар.  Ендi  атып  көрiңдершi.  Мыналарыңның 

желкесiн  үзiп  жiберейiн.

Парманқұл  не  iстерiн  бiлмей,  Сүлейменге  бiр,  аналарға  бiр, 

алақ-жұлақ  қарады.  Осы  кезде  күзетшiлердiң  бiрi  төр  жаққа 

еңбектей  жөнелдi.  Сiрә,  қаруына  ұмтылып  бара  жатыр-ау.  Сәл 

кешiксе,  өздерiнiң  опық  жеп  қалатындарын  бiлген  Сүлеймен 

атылып барып, оның желкесiнен бүре, шап бердi. Екiншi қолымен 

ауына  жармасты.  Сол  күйi  оны  қаңбақ  құрлы  көрмей  көтерiп, 

отырған екеудiң үстiне былш еткiздi. “Ойбай” деген үнi шықты 

бiреуiнiң. Қирап түскен үшеуi де тұрмады. Тұруға да шамалары 

болмады. Сүлеймен оларда iсi де болмады. Екi аттап, Айдаболды 

құшақтағанға жеттi. Ол сорлы Айдаболды ары айналдырып, берi 

айналдырып, Сүлейменнiң алдына тоса бердi. Сүлеймен қолын 

Айдаболдың  басынан  асыра  созып  жiберiп,  ананың  иығынан 

ұстай алды. Сосын шетке қарай тартып қап едi, ол жазған құлаған 

теректей қиралаң еттi.

— Менен айлаңды асырайын дедiң бе, — деп тiстене сөйлеген 

Сүлеймен  оны  жатқан  жерiнде  дүңк  еткiзiп  бiр  қойды.  Ана 

жазғанның  бiрден  аяқ-қолдары  жансызданды.  Оны  жайғаған 

соң: — Сендердi де қырып тастайын ба, осы, — деп анау үшеуiне 

ұмтылған едi, ол сорлылар қолдарымен бастарын жауып, жата-

жата кетiстi. Осыған қарамай, “күзетшiлердi төмпештеп тастар” 

деп  ойлаған  Парманқұл:

—  Әй,  әй,  тоқта,  Сүлеймен!  Ашуыңды  бас,  ашуыңды  бас. 

Бiреуiн  өлтiрiп  қоярсың,  —  деп  жолын  кес-кестедi.  Содан  соң 




465



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет